СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сап түрлері және олардың элементтері"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пермендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Сап түрлері және олардың элементтері"»

Бекітемін

Мектеп директоры

___________________К. Саткожаев

1.Сабақтың тақырыбы: Сап түрлері және олардың элементтері, алдын – ала және орындауға берілетін пәрмендер, сарбаздың сапқа тұруға дейінгі және саптағы міндеттері, бір орында тұрып сәлем берген әскеримен сәлемдесу

2.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пермендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету.

Уақыты: 45 минут.

4.Өткізілетін орны: 10 сынып,Саптық алаң

Өткізілетін күні:

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, оқулық плакаттар


Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызуды, оқытушыға рапорт беруді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өткізілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 минут.


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.

  2. Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?


Сап және оның элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.


САП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ.

САП - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс – қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.

Қаңтар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап

Машиналар желісі – машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.

Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама – қарсы жақ.

Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.

Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.

Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың ұзындығы –саптың бірінші қатарынан саптың соңына дейінгі аралық.

Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.

Лек – әскери қызметшілер бір – бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жорық сабы – бөлімше лекке немесе бөлімшелер лектерде бір – бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.

Бағыттаушы – көрсетілген бығыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.


Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.

Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.

Пәрменедер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.

Алдын ала берілетін пәрмендер – саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрмысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.

Мысалы: «Автоматтарды – КЕУДЕГЕ» , «Взвод – ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер АЙНАЛ» және т.б қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін» «Тоқтат» пәрмені беріледі.


Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.

Әскери қызметші;

  • өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал – саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;

  • нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;

  • саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, сапиан рұқсатсыз шықпауға;

  • сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;

  • бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.

Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.

Аға шендінің « Сәлеметсіздер ме, окуіп мырзалар» «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза», «Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деп жауап қатады.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары ез орнында бас киімсіз бастықтан 3-4 адымжерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрмысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек. Егер бас киім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолы қысқа жолмен бас киімді ұстау керек.


б) Қорытынды бөлім – 10 минут. Сұрақтар тапсырмалар:

1. Сап элементтерін атаңдар.

2. Сапты басқару қалай орындалады?

3. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?

4.Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?






АӘД ұйымдастырушы оқытушысы






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!