Сапалы білім берудегі инновациялық технологиялар
Атабаева Г.М.
Орал, газ мұнай және салалық технологиялар колледжі. Орал қаласы.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк инновациялық тәсiлдерге интерактивті әдістерді жатқызуға болады.
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру талабын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Инновациялық оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда көптеген мүмкіндіктер туғызады.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Инновациялық оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, "интерактивтi”деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше,action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» делінген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды жасауға болады: ақпараттық технологиялар бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.
Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану,әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педогогтар қауымының басты міндеті.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.
Дәріс материалын Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады.
Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалдар есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады.
Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту – тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға көмегі көп деп есептеледі. Ал, білім берудегі интерактивті технология сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір – бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті технологияларды оқып үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді. өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді. Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді. Кез – келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет.
Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылым да өзгереді. Дербес жағдайларда, интерактивті құралдар индуктивті оқыту әдісінде қолданылуы мүмкін. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына
тәуелді.
Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды жасауға болады: ақпараттық технологиялар бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.
Қоғамды,білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық және интерактивті технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:
- ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
- ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен толықтыруға дағдылануы;
- игерген материалдарын шығарашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
- жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
Білім берудегі инновациялық технология – бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандарылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.
Олар өмірде кездескен әр түрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге кіші жастан дағдыланады, білім сапасын жетілдіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады:
-диалогтық; қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мұғалім-оқушы,оқулық-оқушы,оқушы-оқушы);
-эвристикалық; өз бетінше іздену,іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;
-зерттеу. Объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Пәндерді оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың маңызы зор. Ол білім беру іс- әрекетінде оқушылардың белсенділігін,өз бетінше жұмыс істеуінде пайдалы (Рөлдік ойындар,миға шабуыл,дебат,дискуссия,жаттығу,топтық жұмыс)
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.
Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Мен сіздердің назарларыңызға «Биология» пәнінен өткізілген «Қолдан будандастыру» тақырыбына арналған сабағымды ұсынамын.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Ақпараттық құзыреттілік. Оқушының ғылыми дүниетанымын
қалыптастыру және олардың алған білімі негізінде қазіргі өндірістік
технологияларды игеруге баулу.
Дамытушылық: Коммуникативті құзыреттілік. Оқушының ой-өрісін, білімін дамыту. Оқушының өз
бетіндік шығармашылық іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Тәрбиелік: Проблемалық оқыту құзыреттілігі. Жаңа ұғымдары мен алған білімдерін іс-жүзінде
күнделікті өмірде практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қолданылған әдістер: Интерактивті әдістер.
Құрал-жабдықтар: Электрондық оқулық, интерактивті тапсырмалар,
интерактивті карта, бейне қатар, бейнефильм, оқулық, әдістемелік нұсқау,
кесте қолданылды.
Сабақтың құрылымы: негізгі бес бөлімнен тұрады, Ұйымдастыру бөлімі өткізілгеннен кейін үй тапсырмасын тексеруде «Оқу және жазу сыни тұрғыда ойлауды дамыту » стратегияларын қолдандым. Мысалы «РАФТ» стратегиясы Бұл роль, аудитория, форма, тақырып деген мағнаны береді. Үй тапсырмасы: бойынша оқушылар өтілген тақырыпқа байланысты топқа бөліне отырып, рольдерді орындау арқылы хабарлама жасайды. Келесі қолданған әдісім «Презентация» деп аталады.
Бұнда оқушылар жеке-жеке немесе топқа бөліне отырып берілген тақырыпқа кесте, плакатқа салынған сурет немесе слайд құрастырып, оны қорғайды. Қорғап болған кезде сұрақ қойылады, кеңес беріледі, бір-бірінің жұмыстарын толықтырып, пікір алмасады.
Бұл әдіс оқушының ойлау, қиялының дамуына, ізденісіне, материалдың есте сақталуына мүмкіндік береді.
Жаңа сабақта «Білемін, білгім келеді, үйрендім» стратегиясын қолдандым. Оқушылар күннің жадын, тақырыбын жазып болған соң дәптерді тең үш топқа бөліп
Білемін, білгім келеді, үйрендім деп атауларын жазады. Енді, жалпы «Қолдан будандастыру» дегенді естігенде қандай ұғымдар естеріңе түседі соны кестенің бірінші «білемін» атты бағанасына түсіріңдер деймін. Оқушылар кестеде көрсетіліп тұрғандай
білетін ұғымдарын жазады.

Содан соң өзім тақырыпты түсіндіру барысында, мені мұқият тыңдай отырып оларға дәптерлеріңнің екінші «білгім келеді» бағанасына түсінбеген, таныс емес, әрі қарай тереңірек білгілерің келетін ұғымдарыңды жазыңдар деп тағы да тапсырма беремін.
Сабақ түсіндіріп болған соң «Білгім келеді» бағанасындағы ұғымдарды , сұрақтарды талдай отырып, осы тақырыпқа арналған бейнеқатар көрсеттім.
Бейнеқатар аяқталған соң сұрақтарымызға алған жауаптарымызды бірігіп талқылай отырып , келесі үшінші «Үйрендім» бағанасын толтырамыз.
Келесі сұрақ «Мәдени өсімдіктердің шығу тегіне арналды» бұнда арнайы интерактивті картаны пайдаландым. Бұл оқулықтағы берілген кестемен жұмысты толықтыра түсті яғни, әрбір мәдени өсімдіктің ауданына барған кезде осы ауданда кең тараған өсімдік түрлерін көруге болады.
Сабақта айтылғандарды бекіте отырып үй жануарларына арналған интерактивті тапсырмалар орындадық. Бұнда жануарлардың суреттері берілген соларды сәйкестендіріп, аттарын атап, жазып, соңынан жауаптарын өздері тексеруге мүмкіндік алды. Қолдан сұрыптауға қорытынды ретінде интерактивті зертханалық жұмыс жасалды. 1)Бұнда жаңа форманың ата-тегімен айырмашылықтарын ажыратып кестені толтырады. 2)Гибридті форманы ата-тегімен салыстырады. Мыс:Жаңа форманың ата-тектерінен қандай белгілерін алған соларды кестеге жазады.
Осы сабақ барысында құрылған кестеміздің үшінші бағанасы арқылы бүгін
не үйрендік деген сұрағымызға толық жауап аламыз. Бұл сабақта адам мүддесіне белгілі жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын түзуде қолдан будандастыру негізгі қозғаушы күш болып табылатындығы дәлелденді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыруда осындай интерактивті әдістердің пайдасы мол. Себебі дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі: оқушылар жеке немесе жұпта, топта өз ойларын ортаға салып талдайды. Әр оқушы өз ойын ашық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі толықтыруға мүмкіңдік алады. Яғни, оқушылар жазып, еске түсіріп, өз ойларын саралап, өзі сияқты оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі.
Қорытындылай келе бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Бұл оқыту тәсілі әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттақ сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электорондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті әдістерді қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар мен әдістер оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Инновациялық әдістерді орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қабдықайыров Қ.Инновациялық технологияды диагностикалау.-А., 2004ж
2. Көшімбетова С.Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану
мүмкіндіктері. –А Білім, 2008 ж
3. Нағымжанова Қ. Иннавациялық технологияның құрылымы.-А ., Өркен,2007ж
4. Раджерс Э. Иннавация туралы түсінік.-// Қазақстан мектебі,№4, 2006ж
5. Интерактивті тақтамен жұмыс әдістемесі – З. Н. Қиябаева «арман -ттв»