СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сатаева Ельназа Болатхановна

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегілер туралы

Просмотр содержимого документа
«Сатаева Ельназа Болатхановна»

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні

Қазақ тілі

Күні

02.03

Сыныбы

5

Тоқсан

ІІІ

Сабақтың тақырыбы

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Мақсаты

Оқушылар буын үндестігі дегеніміз не екенін еске ала отырып, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік алады

Күтілетін нәтиже

Өз ойын еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, топта бірлесе жұмыс жасауға машықтанады

Сілтеме

Қ.Р жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық

Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова

Алматы «Атамұра» 2010 ж

Сабақ кезеңдері

І Қызығушылығын ояту

Топқа бөліну

«Көршіңді тап» ойыны арқылы топтасады.

Блум таксономиясы

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу


Өткен материалдарды қайталау мақсатында, ережелермен жұмыс жүргізу

Дұрыс-бұрыстығын бақылайды

Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.

ІІ Мағынаны тану

Түсіну

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын анықтайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік алып, «Кластер» құрып, «Джиксо» әдісі арқылы топара түсінік беріп өтеді.

Жаңа материалды ұғындыру үшін бағыт-бағдар береді

Өзара топтаса отырып, ақылдасады

Талдау

Оқушылар жаңа материалды меңгерген соң, 317-жаттығумен жұмыс жасайды. Берілген мәтіннен буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалары бар сөздерді теріңдер

Грамматикалық тапсырманы тексереді

Оқушылар диалогқа түсу барысында, жауап беру үшін ойланады.

Грамматикалық талдауларын тексереді

Қолдану

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен сөздер құрап, фонетикалық талдаулар жасайды

319-жаттығу бойынша

Оқушылардың сөздерді дұрыс құрағанын қадағалайды

Бір-бірінің фонетикалық талдау жасағанын тексеріп отырады

ІІІ Ой жүйелеу

Жинақтау

Сұрақ-жауап

Мұғалім жауаптың, сұрақтың дұрыстығын бақылаушы

Оқушылар сұрақ-жауап жүргізеді

Кері байланыс

Рефлексия


Мен бүгінгі сабақта қандай жаңа мәлімет алдым?

Оқушылардың стикерлерін тақтаға ілгізу

Бүгінгі сабақта алған білімін қорытады

Үйге тапсырма

Ережелерді қайталап келу, 321-жаттығу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазғызып, орындалу ретін түсіндіру

Үй тапсырмасын жазып алады

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»,

Мадақтаулар

Бағалау критерилерін құру











































№14 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатаева Е.Б. рефлексивті есебі



Қазақ тілі пәні. Тақырыбы: «Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар»
Алдыма қойған мақсатым: Шығармашылық жұмыс жүргізу барысында оқушыларға мәтін құрауға, тақырыпты аша білуге үйрету. Сөздік қорларын, тіл мәдениеті, ойлау қабілеттерін, дүниетанымын дамыту
Ең алдымен оқушылармен амандастым. Бұл амандасудың өзі ерекше болды. Мысалыға әр халық әртүрлі амандасады. Соған байланысты, біз әртүрлі халықтың амандасуымен сабағымызды бастадық. Слайдтағы үнді, керей, қытай, орыс, қазақ халқы сияқты екі-екіден тұрып, бір-бірімізбен амандасып шықтық. Бұл біріншіден көңіл- күйімізді көтерсе, екіншіден әр халықтың басқаша амандасуымен таныстырдым.
Балаларды партаның үстіндегі қағаздарды таңдап, буынға бөлінген сөздермен көршілерін тауып, алты топқа топтасты.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында оқушылар тапқан сөздерін буынға бліп, буын түрлерін анықтап өтті.

«Миға шабуыл» стратегиясын қолдандым слайдтағы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға тез, анық жауап беруге талпынды.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар» тақырыбында «Кластер» құрып, «Джиксо» әдісімен топара бір-бірлеріне түсіндіріп өтті.

«Адасқан сөздер» ойыны. буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды түбірлерге жалғап шығу. Әр топта (10 сөзден) қай топ жылдам әрі дұрыс орындаса қалған топтар сол топқа бес жұлдызды сыйлықтарын беріп отырды.

Ойын аяқталған соң оқушылар бейнетаспадағы сергіту сәтіне байланысты қимылдарды қайталады.
Сергіту сәтінде қанша буын үндестігіне бағынбай тұрған сөз естерінде қалғанын айтты.Бұл ретте Есімбек Расул мен Құдайберген Ақерке көп белсенділік танытты.

Оқулықтағы жаттығулар бойынша өздік жұмыс жүргізілді, оқушылар буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен сөздер құрап, фонетикалық талдаулар жасады. Аяқтаған бойда қасындағы оқушымен қатарласып, бір-бірінің жұмысын 3 ұпайлы критериалды бағалау құрып, сыни тұрғыдан бағалады. Оқушының жазу көркемдігі, фонетикалық талдауының дұрыстығы, сөздердің дұрыс құралуы ескерілді.

Топара өтілген материал бойынша Неге? Не себепті? Не үшін? деген сұрау есімдіктерін пайдаланып диалогқа түсті.

Үй жұмысы берілген соң, топ басшысы өз тобын қалай бағалағанын, топ өз басшысына қандай баға бергенін, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылды.

Кері байланыс «Б-Б-Б» кестесі арқылы іске асты.

Сабақтың сәтті жақтары: оқушылардың топтаса жұмыс жасауы, бұл сабақта барлық оқушы белсенділік танытты. Себебі сабақта ойын элементтері де қолданылды.

Сәтсіз жақтары: Тапсырмалардың көптігінен уақыт жетпей қалуы, уақытты тиімді пайдалану керек еді. Топқа бөлінгенде қиындық тудырғаны оқушылар өз көршілерін тез таба қоймағаны, біраз уақытты алып қойды.

Болашақта уақытты үнемдеу мақсатында сабақтың ұйымдастыру, оқушылардың қызығушылығын ояту кезеңін түрлендіріп әрі ұтымды қолдану жолдарын іздестіремін.

















Скачать

© 2020, 237 0

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!