| Д/о: «Кім болам?» Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. «Болашақта кім боласын?» деген сұрақ қойып тілші балалардан сұхбат алады. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм , сырғанау, әткеншек, шелек. Н.Әлімқұловтың «Балабақшам - байлығым» өлеңін оқу. - Өлеңді сұрақ – жауап арқылы талдау. Сөздік жұмыс. Байтағым, баулып. Бала, бала, баламыз, бақшамызға барамыз, Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз. Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз. Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз. Дәптермен жұмыс. Үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсету. Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Көз алдарына балабақшаны, ойын алаңын елестетеді, көздерін ашып алған әсерлерін баяндайды. Балаларды мадақтау, бағалау. |