СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл жұмысымда 1-сыныпқа арналған сауат ашу пәнінен сабақ жоспары салынды.

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары»


Сабақ: Сауат ашу

Тақырыбы: Табиғатқа саяхат Жж дыбысы мен әрпі

Мектеп:«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі



Мұғалімнің аты-жөні: Толегенова Сауле Абдрешқызы

Мерзім:

25.01.2017жыл

СЫНЫП: 1

Қатысқан оқушылар саны:13

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2.Оқу түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.

1.2.5.1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру.(мұғалімнің көмегімен)

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.2.4.1.Мұғалімнің көмегімен көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


Сабақтың мақсаты














Барлық оқушылар орындай алады:

Ж дыбысы мен әрпін меңгереді,сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Ж дыбысының сөздегі орнын анықтайды. Дыбыс түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқи алады.Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көп мағыналы сөздерді ажырата біледі.

Тілдік мақсаттар


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Жеті- семь-seven

жасыл- зеленый-green

жол –дорога –road

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Кім жеңеді?

2.Кім жарыс мәресіне тез жетеді?

3.Мәтінде жиі қайталанып тұрған қандай дыбыс бар?

Алдыңғы оқу

Табиғат туралы біледі.Әә дыбысы туралы біледі.Өз іс әрекеттеріне рефлексия жасай алады.

Жоспарланғануақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздері/ресурстар/

Басы

10-минут


Шаттық шеңбері

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Зейін шоғырландыру

Табиғатқа саяхат

1.«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап алайық. Мен сендерге ойыншықты лақтырып сұрақ қоямын сендер сұраққа жауап беріп отырасыңдар. Олай болса ойынымызды бастайық.

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

  • Қандай болып бөлінеді ?

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

  • Әріп дегеніміз не?

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

- Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- Ә дыбысы қандай дыбыс?
Тапсырма: Ойын: «Кім тапқыр?» Құрамында Ә дыбысы бар суреттерді табу.










Видео



Ойыншық
















Суреттер








Ортасы



25-минут









































Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы.

Жұмбақ шешу.

Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады. (жапырақ)


- Балалар, жапырақ сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

-Дұрыс – ақ, балалар, біз бүгінгі сабақта Ж ж дыбысы және әрпімен танысамыз.

1. Ж дыбысын дыбыстату.
Ж - дауыссыз дыбыс. Оны көк текшемен белгілейміз.Жеті сөзіне дыбыстық,буындық талдау жасау. Оқулықпен жұмыс Сөздерді хормен тізбектей,жеке оқыту,талдау жасау. Жарыс мәтінін оқып таныстыру. 1.Кім жеңеді? 2.Кім жарыс мәресіне тез жетеді? 3.Мәтінде жиі қайталанып тұрған қандай дыбыс бар?

Жазу үлгісімен жұмыс.

Ж ж дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

Видеожазбасын көрсету

Ауада жазу.


Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық.

Ж әрпін үлгідегідей жол аяғына дейін жазу.

Жұптық бағалау

Сергіту сәті

Қарлығаш



Топпен жұмыс

«Кім жылдам ?» ойыны

Белгілі бір уақыт ішінде буындардан сөз құрату


Көп мағыналы сөздерді оқып ажырату.








суреттер









оқулық


Атжарыс видео









Бейнетаспа

Дәптермен жұмыс






интербелсенді тақта




Оқулық

буындар







Соңы

10-минут


І. «Кір жаю » әдісі арқылы көп суреттің арасынан Ж дыбысы бар суреттерді тауып жіпке тізу.

ІІ. «Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша жіпке тізілген суреттегі атауларға қарап сөйлем құрастыру.

Мысалы: Жолбарыс - жабайы жануар. Жүзім - тәтті жеміс. Жаңғақтың сырты қатты.

ІІІ. Ж дыбысы туралы не білгендерін айту.

Өзін-өзі бағалау

Емен ағашы


- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.
- Балалар, сендер еліміздің кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондай тілекпен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын.

Кері байланыс

«Басбармақ» әдісі



Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?


Қабілеті жоғары оқушылар сөздерді тұтас дауыстап оқиды.Топтық жұмыста белсенділік көрсетеді.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Бас бармақ , үш шапалақ,от шашу арқылы мадақтау.

Пəнаралық байланыс: дүниетану


Құндылықтар мен байланыс

(тəрбие элементі).

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.