Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старший группе
Өткізу күні / Дата проведения
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сауат ашу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Қыс-сиқырлы»
Тақырыбы / Тема: «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: . Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білуді дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Қарындаш пен қаламды дұрыс ұстауды, қағаз бетінің жазықтығын бағдарлауды,штрихтарды салуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение :
Көптілділік : Дауысты дыбыстар-гласный звук- vowel, жіңішке , жуан дауысты дыбыс- тонкий, толстый гласный звук- thin, thick vowel sound
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт)
-Балалар бүгінгі сабақ ерекше болайын деп тұр,өйткені біз сендермен қысқы орманға саяхатқа аттанамыз
Дайынсындар ма?Олай болса бәріміз шеңберге тұрып қолымыздан ұстап көзімізді жұмып бір-біріміздге сәт сапар тілейік.(сол кезде әуен ойналады,құстардың ормандағы дауыстары)
2.Негізгі бөлім
Тіл дыбыстары қалай жасалады?
- Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
- Сөйлеу мүшелеріне не жатады?
- Өкпе, ауыз қуысы, оның ішіндегі тіл, таңдай, ерін және мұрын қуысы.
Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у
Дауысты дыбыстар алтыға бөлінеді: Жуан, жінішке,Ашық, қысаң, еріндік, езулік.
Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері сызылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс.)
Көптілділік :орман-леса, ағаштар-деревья,құстар-птицы
Сергіту сәті.
Пұшайт - пұшайт – қолды екі жаққа созу;
Шөре – шөре - қолды алға қарай созу;
Құрау – құрау - қолды жоғары көтеру;
Аухау – аухау - қолды иыққа көтеру;
Көс – көс - қолды белге қойып, айналу.
1-Тапсырма:
Мақсаты: берілген сөздердегі қателерді түзету.
ҚҰДҰҚ
БҮРШҮК
ҚЫРҰҚ
КӨРҮК
ҚҰЛҰН
ҰРШҰҚ
Жеке жұмыс:
В.Дамирге, Арсенге, Линараға дауысты дыбыстарға байланысты сұрақтар қою?
3.Қорытынды
Балалар бүгің біз қандай дыбыстар мен таныстық?
Дұрыс айтасыңдар біз дауысты дыбыстармен, сонын ішінде жуан және жіңішке дыбыстар мен таныстық.
Жарайсыңдар балалар!