СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 01.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сауат ашу толық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу толық»

Қысқамерзімді жоспар

1

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:03.09.2018жыл

ТАҚЫРЫБЫ: 1-тарау. Мен кіммін жəне қандаймын?

ТАҚЫРЫБЫ: Кел, танысайық!Сөйлеу

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта

Мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.1 Сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. 0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын ( ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшыжəне т.б.) қолдану

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде сұрақтарға жауап береді. Суреттің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сөйлеудің не үшін қажет екенін ұғынады. Ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерін ажыратады. Адамдардың сөйлеу тəсілінің əртүрлі болатынын біледі (ауызша, жазбаша, қимылмен).

Көпшілік тəрбиеленушілер: Сөйлеудің не үшін қажет екенін айтады. Сөйлемнің мағынасын түсінеді. Өзі туралы толық айтып берді. Досымен қалай танысқанын əңгімелейді. Жазбаша сөйлеу түрін қолмен жазу, компьютермен жазу арқылы жүзеге асыруға болатынын біледі.

Кейбір тəрбиеленушілер: Мазмұндау барысында өзіне таныс жағдайды əңгімелейді. Бір-бірімен ым-ишарамен сөйлеседі.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Өзі туралы айтып береді. Өзара диалог құрады. Ым-ишара арқылы бір-бірімен сөйлеседі.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Құлаққап (наушник), пернетақта (клавиш).

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай жақсы сөздерді естідің?

Сенде өзіңді таныстыр. Неше жастасың?

Əнуар сөзді қалай тыңдады?

Айгүл мен Əлия бір-бірімен қалай сөйлесті?

Балалар өз ойын достарына қалай жеткізді?

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын түсіндің бе?

Өткен ҰОҚ алған білім

Мектеп ауласы, күз мезгілі туралы пікірлесіп, балалармен қалай танысқаны туралы айтады. Сөйлеу туралы мағлұмат алып, ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерімен танысады. Балалар сөйлеудің əр түрін қолданып, сөйлесіп оқу қызметін қорытындылайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут




ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут








ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы сөздер айтқызады. Балалар өздеріне ұнайтын жақсы тілектерін айтады.

Шаттық шеңбері

– Кəне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.

Күлімде күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

(Ұ) Ойын: «Жануарларды қимылына қарап анықтаШарты: Ортаға бір бала шығады. Педагог ортадағы баланың құлағына кез келген жануардың (қоян, ит, мысық, аю, қасқыр) атын атайды. Бала естіген жануарын балаларға түсінікті болатындай қимылмен көрсетеді. Қалған балалар ортадағы баланың қимылына қарап, қандай жануар екенін табады. Бірінші тапқан бала ойынды ары қарай жалғастырады. Балалардың ым-ишара арқылы сөйлеуге, бірбірін түсінуге болатыны туралы түсініктері кеңейеді.

(Ұ, Ж)Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма – Балалар мектеп ауласынан кімдерді көріп тұрсыңдар?

– Балалар қандай киім киген?

– Олар бір бірімен қалай амандасты?

– Балалар бір-бірімен қалай танысты?

– Олардың жастары нешеде?

– Қыздар жапырақтан не жасады?

Сұраққа жауап толық жауап береді.

Танысу туралы өз ойларын айтады. 2-тапсырма. Балалар суретке қарап Əнуардың не айтып отырғанын жəне Айгүл мен Əлияның қалай сөйлесіп тұрғанын айтады.

– Əнуар сөзді қалай тыңдап отыр?

– Айгүл мен Əлия қалай сөйлесіп отыр? Сұраққа жауап бере отырып, балалар сөйлесудің түрлерімен; ауызша жəне жазбаша болатынын түсінеді. Сөйлеудің адам өміріндегі маңызын балалар сұрақтарға жауап бере отырып анықтайды. Сөйлеу арқылы адамдардың бірбірімен қарым-қатынас жасайтынын, бір-бірімен түсінісетінін біледі. Сөйлеу дегеніміз оқу, жазу, сұраққа жауап беру екенін біледі. Сонымен қатар қимыл арқылы өз ойыңды білдіруге болатынын түсінеді. Өз ойымызды ақырын сыбырлап жəне айғайлап жеткізетінімізді біледі

. Бой сергіту жаттығуы: «Би билейміз» əнін қимыл-қозғалыспен орындайды.

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір

. Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Бас аяқты – топ, топ, топ, Шапалақта – хоп, хоп, хоп. Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Басымызды иеміз, би билейміз, күлеміз, Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс 3-тапсырма Бірінші суреттегі баланың іс-əрекетін айтады.

– Бала қағазға не жазып отыр?

Ол нені қолданды?

Екінші суреттегі қыздың іс-əрекетін айтады

. – Қыз компьютерге не жазып отыр?


Əліппе-дəптер.





















Əліппе-дəптер.













Əліппе-дəптер.








Музыкалық сүйемелдеу.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Кімге оқу қызметі ұнады? Балаларға сөйлесудің қандай түрі ұнады? Сенің ойыңша, достарыңмен қалай танысу керек? (Ө)Рефлексивті бағалау: Балалар өз жұмыстарын смайликтерар қылы бағалайды.


Əліппе-дəптер


Қысқамерзімді жоспар

2

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:10.09.2018жыл

ТАҚЫРЫБЫ:

Біздің ойындарымыз. Сөйлем

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А.

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөйлемнің неше сөзден тұратынын айтады. Сөйлем сызбасын салады. Сіріңкемен шаршы салып, сөйлем құрайды. Көпшілік тəрбиеленушілер: Сөйлемнің мағынасын түсінеді. Əңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды. Шаршы арқылы сөйлемнің құрамын анықтайды. Үзік сызықтармен сөйлем құрайды.

Кейбір тəрбиеленушілер: Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөйлем сызбасын оқиды. Сөйлем сызбасын құрастырады

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Достарымен ойнайтын ойын түрлерін атайды. Өзара диалог құрайды. Сызба арқылы сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтайды. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шахмат, скейт, батпырауық. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары

. -Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

-Қораптың ішінде қандай ойыншық болғанын қалайсың?

- «Классик» (мак) ойыны қалай ойналады?

-Скейт жасау білесің бе?

- Сіреңкенің қауіпті зат екенін білесің бе?

- Сөйлем неше сызбамен берілген?

Өткен ҰОҚ алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөйлем ішіндегі сөз санын ажырата біледі. Сіріңкенің қауіпті екенін түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут








ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут








ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


. ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Əрбір тəрбиеленуші өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Айтамыз алғыс қайталап

, Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

(Ұ)Педагог əртүрлі пішіндерді беріп, əр пішіннің неге ұқсайтынын сұрай отырып, балалардан қолдарын жоғары көтеріп пішіндер жасауды өтінеді. Балалар қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын біріктіріп үшбұрыш, қолдарын жоғары көтерген қалпы шеңбер жəне қайтадан бастапқы қалыппен қолдарын жоғары көтеріп шаршы жасауды үйретеді, балалар қимылдарды 2-3 рет қайталайды.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сурет арқылы сұраққа жауап береді.

– Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? – Суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Балалар қандай ойын ойнап жүр?

– Мысық пен тышқан ойынын ойнау білесіңдер ме? – Саған тышқан болу ұнай ма?

– Өзің қандай ойынды ұнатасың?

– Ол ойын үшін қандай құралдар керек? Балалар шағын əңгіме құрайды

. – Досына доп бермеген Досан қандай бала?

2-тапсырма. Қораптың ішіндегі заттарды табады. Балалар қораптың ішіндегі затты табу үшін өз ойларын айтады.

Əліппе-дəптерде берілген 3 сөзді сөйлем сызбасы бойынша оқушылар өз ойларын 3 сөзден тұратын сөйлеммен айтады. Мысалы: Қорапта қуыршақ бар. Қорапта текше бар. Қорапта мəшине бар. Сөйлем құрастырғандарын, сөйлемнің сызбаға сəйкес 3 сөзден тұратынын айтады. Сөйлем туралы түсініктері қалыптасады. 3-тапсырма. «Қызық ойын» өлеңін педагог мəнерлеп оқып береді. Балалардың тыңдағаны бойынша не түсінгені анықталады. Педагогтің айтқанын қайталай отырып, балалар жаттап алады. Бұл өлеңді сергіту жаттығу ретінде пайдалануға болады. Біздің ойын қызықты! (Құшақтарын жазып екі жаққа ырғалады).

Мак!Мак!Мак!

Басып кеттім сызықты. (Аяқтарын кезек көтеріп, біраяқпен секіреді).

Қап!Қап!Қап! (Ұ. Есдəулет)


Өлеңді балалар қимылмен 2-3 рет қайталап есте сақтайды

. – Сендер скейтпен сырғанап көрдіңдер ме? – Скейттің пішіні қандай?

– Оны қырынан қарағанда неге ұқсайды?

4-тапсырма. Ермексаздан скейт бейнесін жасау. Скейттің ойын құралы екенін айтып, оның бейнесін сипаттайды. 5- тапсырма. Сурет бойынша əңгіме жүргізу. Сіріңкемен ойнауға болмайды деген қорытынды пікірге əкелуге жетелеу

. – Немен ойнауға болмайды?

– Балалар қораптың ішінде не бар?

– Сіріңке неге қауіпті?

Үш-төртсіріңке қорабын қатар қойып, тақырыпқа байланысты үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрастырады. 6-тапсырма. Сөйлем сызбасы үстінен қарындашпен бастырады. Қолдарын үзбей сызуға жаттығады.


















Əліппе-дəптер.


Сұрақтарға жауап береді.
















Сөйлем сызбасы сызылған плакат.














Скейттің суреті.




Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


IVПедагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексивті бағалау– өз жұмыстарын смайликтер бойынша бағалап қорытындылайды










Қысқамерзімді жоспар

3

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:

ТАҚЫРЫБЫ: Біз – өнерлі баламыз. Сөйлем түрлері


Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмағалиқызы А.

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. 0.1.2.3. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: -өнер түрлері туралы біледі; -əртүрлі балалардың өнері туралы əңгімелейді; -берілген сұраққа толық жауап береді; - коллаж жасайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер: -Сұраққа жауап береді. -Сөйлем интонациясына қарап түрлерін анықтайды. - Тыныс белгілері мен сызба бойыншасөйлем түрлерін құрастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер: -Сөйлем құрастырады. Көңіл күйін білдіреді. Өз өнері туралы əңгімелейді.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

-Сурет бойынша берілген сұраққа жауап береді.

- Өнер туралы пікірлеседі.

- Сөйлем түрлерін əртүрлі интонациямен жеткізеді. Сұрақ бойынша «Мен өнерлі баламын» тақырыбында əңгіме құрастырды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шахмат, футбол, тыныс белгі.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

- Саған балалардың қандай өнерлері ұнады?

-Өзің не істей аласың?

- Сен шахмат ойнайсың ба?

- Сіріңке шырпысынан шаршы құрастыру білесің бе?

-Саған қандай түс ұнайды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөйлемнің құрамын анықтайды. Жолды таба алады, жоларалық кеңістікті сақтайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут








ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут








ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


Балалар көңілді күйде шаттық шеңберіне тұрады. Өлеңді қимылымен айтып, қайталайды.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

, Қайырлы таң, қайырлы таң, достарым!

(Ұ,Ө)Педагогтің сұрағы бойынша əңгіме жүргізіледі: Өнерлі балалардың əртүрлі өнерлері туралы əңгімелейді. Коллаж жасайды. Балалардың өнерлеріне қарап болашақта қандай маман иесі болатыны туралы əңгімелесу. Балалар өз қолынан қандай өнер келетінін айтады.

Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Оқу құралында берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы суреттер арқылы ҰОҚ-ның тақырыбы ашылады.

– Саған қай баланың өнері ұнайды?

– Мұндай өнерлі балалар араларыңда бар ма? – Саған немен айналысқан ұнайды?

– Сен қай тілде əн айта аласың? Балалар сұраққа жа

уап береді. Шағын əңгіме құрастырады. Сурет арқылы ҰОҚ-ның тəрбиелік мəні ашылады. Əр баланың өнерлі болуға ұмтылуы туралы əңгімеленеді. 2-тапсырма.

Сен шахмат ойнайсың ба?

Педагог балалар назарын сұрақ белгісіне аудартады. Айсұлу мен Қуаныштың жауабын естиді. Олар балаларға ережені түсіндіреді. Сұрақ қою мақсатында айтылғандықтан, оның сұраулы сөйлем деп аталатындығын біледі. Мен шахмет ойнаймын. Педагог сөйлем соңындағы нүктеге көңіл аударып түсіндіреді. Бір нəрсе жайында хабарлай айтылса, ол хабарлы сөйлем деп аталады. Мен жеңдім, алақай! Педагог балалар назарын леп белгісіне аударып, түсіндіреді. Қуанышты, ренішті көңіл күйді білдіріп тұрған сөйлемнің лепті сөйлем деп аталатындығы түсіндіреледі. Балалар сөйлем түрлеріне өз мысалдарын келтіреді. Ол үшін көңіл күйді білдіретін əртүрлі сурет түрлерін қолдануға болады

. (Ұ) Сергіту сəті.

Күлімде күн күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі, бүгінде,

Достығымыз жарасқан.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз күлеміз!

Балалар өлең жолдарын, көтеріңкі көңіл күймен, қимылымен орындайды. 3-тапсырма. 1-сурет бойынша балалардан педагогке қақпаға доп кіргізген кезде көңіл күйлерін қалай білдіретінін сұрайды. Балалар өз көңіл күйлерін көтеріңкі дауыспен білдіреді. Педагог олардың дауыс мəнеріне назарларын аударады. 2-сурет бойынша балалар сұрақ қойған кезде де дауыс интонациясын келтіріп айтуына назар аудару керек.Содан соң сөйлем түрлеріне берілген мысалдардың соңындағы тыныс белгісін көрсетеді. Балалар дауыс интонациясына қарай əртүрлі белгілер қойылатынын байқайды. Ол белгілер не үшін қойылатыны туралы балалардың болжамын білу. Педагог əрбір сөйлемді дауыс мəнерін келтіре отырып айтады. Балалар педагогтің дауыс интонациясына қарай отырып, сөйлемнің қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын анықтайды. Сөйлемнің айтылуына қарай үш түрі болатындығы туралы қорытынды жасалады. 4-тапсырма. Ойын түрінің бірі шахмат туралы қысқаша балалардың не білетіндігі анықталады. Шахмат тастарын орналастыратын оның тақтасын көретіп, олардың ақ, қара шаршыларға бөлінгеніне назарларын аударады. Балалар қара мен ақ түстің кезектесіп отыратынын байқайды. Шаршы құрастыру үшін неше шырпы қажет екенін санайды. Оған жалғастыра отырып, екінші шаршыны құрастырады, ол үшін неше шырпы қажет екенін айтады. Балалар 7 шырпы қажет екенін айтады. Екінші шаршыға неге 1 шырпы кем қолданылғанын өздері қорытындылап айту керек. Педагог өз қалауынша ары қарай шаршыны жалғастыруға тапсырма беруіне болады. 5-тапсырма. Қол икемділіктерін дамыту. Қолын үзбей шарларды үстінен бастырып сызып шығады. Өзіне ұнаған түспен шарларды бояйды.













Əліппе-дəптер.


Сұрақ белгісі жазылған плакат.


Нүкте жазылған плакат.



Леп белгісі жазылған плакат.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.


(Ө)Рефлексивті бағалау. Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.


Түрлі түсті қарындаштар, əліппе-дəптер.






































Қысқамерзімді жоспар

4

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:24.09.2018жыл

ТАҚЫРЫБЫ Мен білетін жақсы сөздер. Сөз :

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні: Құмарғалиқызы А.

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздің графикалық белгісін таниды. Жазуға жаттығады. Көпшілік тəрбиеленушілер: -Сұраққа жауап береді. - Сөзді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінеді. - Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады. - Жазу жолын сақтап, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер: - Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. – Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. – Сөздердің қолдану орнын анықтайды

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: - Талқылау барысында сұрақтарға толық жауап береді. - Сөздің қай жерде қолданатыны тұралы айтады. - Заттардың атын атайды. Сөзден сөйлем құрайды. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Рақмет, кешіріңіз, сау бол.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын

тіл:

Пікір алмасу сұрақтары

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Берілген сөздердің қай кезде айтылатыны туралы анықта. Педагог топқа кіргенде қалай амандасасың?

Алманы бөліп берген кезде Асанға неше бөлігі қалды?

Асан қандай бала? Суреттен қандай заттарды көріп тұрсың?

Өткен ҰОҚ алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады; Сөздің графикалық белгісін таниды; Жазуға жаттығып, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут








ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут








ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


ҰОҚ-дажұмысжасауүшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Тəрбиеленушілер бір-біріне жылы сөздерін арнайды. Тағы қандай жақсы, жағымды сөздерді білетіні сұралады. Қасындағы көршісі оған арнап жақсы сөз айтқанда өзінің көңіл күйі қандай болғанын айтады. (Ұ)Балаларға қолдан жасалған 7-8 күлтеден тұратын гүлдер беріледі. Балалар əр күлтесін жұлып отырып, жақсы сөздер, тілектер айтады. Анасына, бауырларына, достарына арнаған өздері білетін жақсы сөздерді, тілектерді айтады. Адамдар бір-біріне үнемі жақсы сөздер айтып, қуантып жүруі керек деген қорытынды жасайды.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қарап, балалар қандай жақсы сөздер айтып тұрғанын өздері анықтайды

. – Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Суретке қарап отырып, балалардың ымишарасынан қандай сөз айтқанын біледі.

–Асан үшінші суретте не айтуды ұмытты?

Балалар Асанға сөзді еске түсіруге көмектеседі

. 2-тапсырма. Балалар «Қайырлы таң», «Қайырлы түн!» сөздерінің қай кезде қолданылатынын біледі. Сұраққа жауап береді. Балаларға осы сөздерді күнделікті қолдануға кеңес береді. Бұл сөздердің қай суретке сəйкес келетінін өздері табады. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Суретте бейнеленген заттардың

атауын айтуды сұрайды.

Мысалы: төсек, шам, орындық, ана, бала т.б. Өзінің айналасын бөлмеде қандай заттар қоршап тұрғанын айтады. Балалар барлық заттың атауы бар деген қорытындыға келеді. Заттардың атауы сөз деп аталатынын біледі. Сөздің белгісімен таныстырады. Педагог тақта алдына 2, 3, 4 сөздің белгісін қойып, осы белгіге сəйкес келетін сөйлемдер құрастыруын сұрайды. Сөйлем сөзден құралады деген қорытындыға əкелу керек. 3-тапсырма. Педагог сыныпқа кіргенде қалай амандасасың? Қимылмен көрсет. Топқа кірген педагогпен қалай амандасу керек екенін орындарынан тұрып көрсетеді. Педагог топтан шығып кетіп, қайта кіргенде балалар орындарынан тұрып амандасады. Балалар бұл жерде амандасқандарын тек қимыл арқылы ғана көрсеткендерін айтады. Басқа да нені ымишара, қимылмен көрсетуге болатынын естеріне түсіреді, өздері білетіндерін көрсетеді.

(Ұ) Сергіту сəті:

Қоңыздар Көк шалғында

қоңыздар. Би билейді айнала.

Оң аяқпен топ-топ, Сол аяқпен топ-топ.

Екі қолды жоғары, жоғары. Көтереді

жай ғана. Кəне, кімнің қолдары Көрінеді жоғары?

4-тапсырма. Қолында бар затты достарымен тең бөлісіп жеуге жетелеу. Өзінің затын ешкімге бермейтін бала туралы рөлдік ойын ұйымдастыруға болады.

Асан достарына алманы қалай бөліп берді? Əрқайсысына неше бөліктен тиеді?

Балалар дəптерлерінде əрқайсысына тиесілі бөлікті сызып қосады

. – Асанның өзінде неше бөлігі қалды?

– Асан қандай бала?

– Өз бөлігін алған кірпі, тиін жəне қанқыз.

Асанға не деу керек?

Нақыл сөз жаттау. Нақыл сөздің мазмұны алдыңғы тапсырмамен байланыстыра отырып түсіндіріледі. Жақсыдан үйрен

Жаманнан жирен.

5-тапсырма. Педагог əліппе-дəптердегі жазу элементерінің қалай орындалатынын ауаға сызып көрсетеді. Балалар жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.













Əліппе-дəптер




































Музыкамен сүйемелдеу.


















Нақыл сөздер жинағы.



Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. (Ө)Рефлексивті бағалау. Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.

Түрлі түсті қарындаш, əліппе- дəптер

Қысқамерзімді жоспар

5

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 01.10.2018 жыл

ТАҚЫРЫБЫ: Бəріміз тақпақ айтамыз.Буын



Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні: Құмарғалиқызы А.

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау 0.2.1.1 Сөз/сөйлемсызбасыноқу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.3.2 Қарапайым жиектерді штрихтап салу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөзді буынға бөліп айтады, буын санына жыратады. Буынның графикалық белгісін таниды. Жазуға қолдарын жаттықтырады. Көпшілік тəрбиеленушілер: Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды. Сөзді буынға бөліп, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтайды. Заттардың аттарын атап, буынға бөледі. Жазу жолын сақтап, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады. Кейбір тəрбиеленушілер: Буын сызбасы бойынша сөз құрастырады. Сөйлем сызбасын құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: Талқылау барысында сұрақтарға жауап бере алады. Суреттер бойынша сұрақтар құрастырады. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Сызба, буын, буын саны. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Суреттегі жануарлар туралы қандай тақпақ білесіңдер? Буын саны көп сөзді айт? Сенің əжең кимешек кие ме?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлемдегеніміз не? Сөйлемнеден тұрады. Сөздер неге бөлінеді? Сөздегі буындардың белгісін қояды

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут








ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут










ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де

,қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сəтті өтсін,

Бəріңе сəттілік тілеймін!

Ұ,Ө)Педагог балалардан өздерінің сүйікті тақпағын айтуды сұрайды

– Айтқан тақпағың екінші адамға түсінікті болу үшін қалай айту керек?

Балалар өздерінің айтқан тақпақтарының мағынасы не туралы екенін айтады. Балалардың айтқан тақпақтарының мазмұны бойынша балалар тақпақта адам, жануарлар, өсімдіктер, табиғат т.б. заттар туралы айтылатынын біледі.

Сұрақжауап

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма.

Суретке қарап отырып, педагогтің қойған сұрақтарына толық жауап беру. Сурет бойынша тақырыптың тəрбиелік мəнін, мазмұнын ашуға көңіл бөлу керек

. 2-тапсырма. Бақыт Исаеваның«Жаңа тақпақ» өлеңін жаттау.

– Тақпақ не туралы?

– Тақпақты кім айтты?

Балалар тақпақ ішінен бір буынды сөзді тауып айту керек (мен). Буынның сызбасымен таныстыру. Сөздің ішінде неше дауысты дыбыс барын анықтайды

. – Мен тақпақты қашан жаттадым?

Екі буынды сызбаға сəйкес келетін сөзді тақпақ ішінен тауып айтып, сұраққа жауап беру (кеше). Сөздің ішінде

екі дауысты дыбыс барын айтады. Осындай жұмыстар арқылы педагог буын саны сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың санына байланысты екені қорытындылап айтуға жетелейді. Балалар өздері айтқан тақпақтарының ішінен де жеңіл сөздерді буынға бөліп айтады. Балалардың бəрі білетін жеңіл буындардан тұратын тақпақты толық буынға бөліп, əндетіп айтқызуға болады. Осындай жұмыстардан кейін педагог сөздердің буынға бөлінетіндігін айтады

3-тапсырма. Суретте берілген жануарлардың аттарын айтады. Өзінің сүйікті жануары туралы əңгімелейді

. – Суреттегі жануарлардың қайсысы туралы тақпақ білесің?

– Жануарлардың атын сөз сызбасына сəйкестендіріп айт

. – Қай жануардың атауы көп буыннан тұрады?

(Ұ) Сергіту сəті

Топ-топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жама

ндықтан қашайық.

Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.

4-тапсырма.

Балалардан үйде тақпақ жаттауға кім көмектесетінін сұрау. Олардың өзіне тақпақты тез жаттап алу үшін қандай тəсілдер қолданатынын айтады. Суретті мұқият қарап, балалар өздеріне тақпақ жаттауға көмектесетін адамның суретін табады. Атасы, əжесі немесе анасы т.б. Оның кім екенін атайды. Бейнесін батырып сызады. Ата, əже, ана сөздерін кітапта берілген белгі бойынша буынға бөліп айтады. Педагог берілген жазу элементтерін қалай бастап, қалай аяқтау керек екенін ауада жазып көрсетеді. Балалар да ауада жазып жаттығады. Жазу жазған кезде дұрыс отыру, қарындашты дұрыс ұстау ережесін еске түсіреді. Қарындашты ауызға салмау, қағаз бетінде қарындашты қатты баспай ұстау ережелері де қайталанады. Төменгі жəне жоғарғы сызықтарды есте сақтап, жазуға қолдарын жаттықтырады.



















Əліппе-дəптер


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. (Ө)Рефлексивті бағалау. Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.





Қысқамерзімді жоспар

6

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні 08.10.2018 жыл

ТАҚЫРЫБЫ: Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс



Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні: Құмарғалиқызы А.

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау

. 0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару 0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын ( ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нәтиже

Көпшілік тəрбиеленушілер: - Тыңдалған дыбыстар арқылы заттарды, ненің дыбыс екенін атайды. - Сөздегі дыбыстардың орналасу ретін жəне санын анықтайды. - Берілген дыбыстардан сөз құрайды. - Қолды үзбей жазады

Кейбір тəрбиеленушілер:

- Дыбыстардан сөз құрастырады. -Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады. -Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, леп, сұраулы белгілерді)

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: суреттегі заттардың аттарын атай алады, таниды; сұрақтарға жауап береді, дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстайды.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатынтіл: Пікір алмасу сұрақтары.

Таңертең «Шыр-р-р!» деген не?

«Пс-с-с!» – деп селкілдеген не? «Гу-у-у!» – деп соққан не?

Қайсысы қалай дауыстайды? Адасқан қыз қалай дыбыстайды?

Бауырсақты көрген түлкі қалай дыбыстайды?

Дыбыс шығармайтын зат қайсы?

Өткен ҰОҚ алған білім

Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Ертегіні сахналайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут








ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут










ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


(Ұ) Шаттық шеңбері.

Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды.

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті, міне, бойларың.

Иіліп сəлем береміз,

Əдепті боп өсеміз.

(Ұ) Түрлі дыбыстар жазыған үнтаспаны тыңдауға ұсыныс айтады.

– Жел қалай уілдейді?

– Жапырақтар қалай сыбдырлайды?

– Жаңбыр қалай тамшылайды?

– Қайнап тұрған шəйнек қалай шуылдайды?

– Не естідіңдер?

– Тағы қандай заттар дыбыс шығарады?

– Біз қай дене мүшенің көмегімен естиміз?

– Сөйлеу дыбыстары болады. Оны адам айтады. Сөйлемейтін дыбыстар болады. Олар жануарлардан жəне қоршаған ортадағы заттардан шығады.

Ұ, Ө)Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

.Суреттегі сағаттың дыбысы неге «Шыр-р-р», шəйнектен неге «Пс-с-с», Ағаштан неге «Гу-у-у» деген дыбыс шыққанын педагог балалардан сұрайды. Балалардың жауабын толықтырып, себебін түсіндіреді

2-тапсырма.Суреттегі затты атату (бақа). Бақа сөзіндегі дыбыстарды айтқызады: б-а-қ-а. Рөлге еніп дауыстап айт.

– Бақа қалай дыбыстайды? (Бақа бақылдайды: бақ-бақ). Сондай-ақ өздері жануар, жəндіктердің дыбысын салады. Бақа сөзінің алғашқы дыбысынан басталатын сөз құрату: бала, бас т.б. (ПТ) Педагог қорытынды жасайды: Дыбысты естиміз жəне айтамыз. Дыбыстарды айтылуына қарап дауысты, дауыссыз деп екі түрге бөлінетіні туралы түсіндіреді.

(Ұ) Сергіту сəті: «Кім тапқыр?»

Балалар шеңбер жасап тұрады. Педагог ортаға бір баланы шақырып құлағына сыбырлайды. Ортадағы бала естіген жануарды немесе құстың дыбысын салады. Қалған балалар қандай жануар немесе кұс екенін тауып, қимылымен жүреді. Бірінші тапқан бала ойынды жалғастырады.

(Ө) Балалар өздерінің сүйікті ертегілері жəне ондағы кейіпкерлер туралы қысқаша баяндайды.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 4-тапсырма

1.Балалар сюжетті суретке қарап, қандай ертегі екенін табады. Ертегіні қысқаша мазмұндап кейіпкерлерін атайды.

Адасқан қыз қалай дыбыстайды? (Ау-у).

Түлкі бауырсақты көргенде қалай қуанды? (Оо-о!)

Түлкі бауырсаққа не деп айтты? Балалар түлкінің дауысына салып айтады.

5-тапсырма Балалар суреттерді атайды. Педагог балалардан неге дыбыс шығарады, неге дыбыс шығармайтыны сұрап, жауаптарын толықтырады. 6-тапсырма Берілген гүлдің суретін қолды үзбей бастырып салады. Педагог балаларға топтағы табиғат бұрышындағы гүлдер туралы, оларды күтіп- баптау туралы айтып береді. Гүлдің қасына екінші гүлдің суретін балалар өздері салып бояйды.






















Əліппе дəптер.















Ойындар жинағы.









Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.

Қай тапсырманы орындау қызықты болды? (Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау. Балалар өз жұмыстарын смайликтерар арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер, смайликтер.







Қысқамерзімді жоспар

7

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:15.10.2018.жыл

2-ТАРАУ: Мектепке не үшін барамыз? ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп бізге не үйретеді? А дыбысы жəне əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А.

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы). 0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады. А дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. А дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер: Сөздегі дыбыс санын, ондағы А дыбысының орнын ажыратады. А дыбысына сөз ойлайды. А дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Кейбір тəрбиеленушілер: Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. А дыбысының дауысты дыбыс екенін айтады. А дыбысы қолданылған сөз табады.


Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап береді. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Саржан, қағаз қыстырғыш

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын

тіл:

Пікір алмасу сұрақтары. Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? А дыбыс қандай дыбыс? А дыбысын қай сөзден естіп тұрсыңдар?


Өткен ҰОҚ алған білім

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем дегеніміз не? Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстермен белгіленеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут




ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут








ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


(Ұ) Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құру үшін балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бірбірлеріне жылы сөздер айтқызады.

Педагог қоңырау соғады. Балаларға қоңырау дыбысың сыңғырлап шыққанда қандай əсер алғанын сұрайды. Мектептегі қызықты сабақтар туралы əңгіме жүргізеді. – Оқу не үшін ұнайды?


(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Балалар өздеріне таныс заттарды атайды. Суреттегі балалардың іс-əрекетін талқылайды, суреттен А дыбысы бар заттарын аттайды. 2-тапсырма. А дыбысы жуан дауысты дыбыс екенін түсіндіреді. Балалар А дыбысының жуан айтылатын, сондықтан жуан дауысты дыбыс екенін түсінеді.


Педагог əріп туралы түсінік береді. – Əріп – дыбыстың таңбасы. Əріпті жазамыз, көреміз. Дыбысты естиміз, айтамыз.(Құлақ, ауыздың суретін көрсетеді). А əрпімен таныстыру. Педагог балаларға А дыбысының айтылуын үйретеді. «А» дауысты дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз

қуысында еркін жатады.


3-тапсыма.А əрпі туралы жазылған тақпақты оқу. Жер өлшейтін саржан Белін буып алған. (М. Əлімбаев) Саржанның суретін А əрпіне ұқсата отырып, саржанды қайда қалай пайдаланатыны туралы педагог əңгімелеп береді. Бірнеше суреттерді көрсете отырып, осы суреттердің қайсысы А əрпіне ұқсас екендігін тапқызу. (Т)

4-тапсырма. А əрпін бейнелеп көрсетуге тапсырма беріледі. (Ө) Қағаз қыстырғыштардан А əрпін құрастыруға тапсырма беру.

(Ұ) Сергіту сəті. Педагог балаларды орындарынан тұрғызып өлең жолдарын қимылмен 2-3 рет айтқызады.

Қолға сөмке аламыз,

Біз мектепке барамыз.

Педагогтің айтқанын

Бірден ұғып аламыз.


Ойын: «А дыбысына сөз құра». 5-тапсырма: А дыбысы жоқ сөздерді тапқызып белгілету. Суреттердегі заттарды атайды. Қалам, гүл, тақта, ағаш. А дыбысы жоқ затты табады. Педагог А əрпінің жазылуын балаларға ауада жазу арқылы көрсетеді. Балалар А əрпін жазады.










Əліппе-дəптер
















Жер өлшейтін саржанның суреті, А əрпі жазылған плакат.




Суреттер.





Қағаз қыстырғыштар.



IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. Қай тапсырманы орындау қызықты болды? (Ұ,Ө) Рефлексивтік бағалау. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер,











Қысқамерзімді жоспар

8

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:.23.10.2017жыл

2-ТАРАУ: Мектепке не үшін барамыз?

Тақырыбы: Мектеп асханасында. Н дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰСарытерек орта мектебі

Педагогтің аты-жөні: Өткелбаева А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау 0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап береді. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Н дыбысының орнын ажыратады. Жазуға жаттығады.

Көпшілік тəрбиеленушілер: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Н дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Н дыбысының орнын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдайды, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айтады Н дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: Балар педагогтің көмегімен əр тапсырманы орындау барысында толық жауап беріп, өз ойларын анық жеткізеді.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Өлең жолдарын қайтала. Н əрпінің бейнесі неге ұқсайды?

Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Өткен ҰОҚ алған білім

А əрпі дауысты жуан. А дыбысынан басталатын сөздер ойлап табады. Сөздің қай буынында а дыбысы естілетінін ажыратады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут









ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.




ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


(Т)Педагог балаларды екі топқа бөліп тұрғызып, «Диірменші мен егіндер» ойынын ойнатады. Ойын шарты: Бір топтың балалар диірменші, екінші топтың балалар егін болады. Педагог «диірменші» деп айтқанда сол топтың балалары қолдарын, белдерін айналдырады, ал «егін» деп айтқан кезде сол топтың балалары қолданы жоғары көтеріп жайқалады. Ойын 2-3 рет қайталанады қателескен балаларды екінші топқа ауыстырады.

Педагог мектеп ішіне сырттай саяхаттайтындарын айтады:

– Дəмді иіс шығады.

Ол нан пісіретін орын – наубайхана.

Онда мейірімді адамдар жұмыс істейді. Наубайханада тəтті тоқаштар мен дəмді, жұмсақ нан пісіреді.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

– Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Педагог сұрағына балалар толық жауап береді, Балалар өз ойларын айтады. Педагог қорытындылайды. Үстел басында қандай тəртіп ережелерін сақтау керектігін сұрайды.

– Ас ішер алдында қол жуу керек.

– Қасыңдағы адамдарға «Асың дəмді болсын!» деген жақсы тілек айту керек. Үстел үстіне ыдыстарды қалай қою керектігі туралы түсіндіреді. Тамақ уақытында балалардың қолданатын заттары туралы сұрайды. Тамақты уақытында ішу керек екенін жəне пайдалы тағамдарды жеудің денсаулыққа

Жайылған дастарқан суреті немесе слайдтар. пайдасы туралы айтады. Суреттегі таныс заттарды атайды. Педагог Н дыбысы естілген сөздерді қайталайды. Оларды балалар буынға бөледі.

2-тапсырма. Өлеңін педагог суретті көрсете тұрып оқып береді. Өлеңді балалар мазмұндайды, қайталайды.

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

3-тапсырма Н əрпімен танысады.

Н əрпіне ұқсайтын заттарды педагог көрсетеді. Балалар Н дыбысын қайталау арқылы оның айтылуына қарап дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. Ол көк түспен берілген.

Педагог балаларға Н дыбысының айтылуын үйретеді. ерін сəл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы,жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н»дыбысы жасалады.

Екі тіреу, басқышы біреу. (М. Əлімбай)

Суреттегі сатының Н əрпіне ұқсайтыны түсіндіреді. Балалар Н дыбысына ұқсас заттарды атайды.

(Ұ) Сергіту сəті

. Балалар орындарынан тұрып өлеңді қимылмен қайталайды.

4-тапсырма Педагог көк түсті ермексаздан Н əрпінің бейнесін жасап көрсетеді. Балалар көк түсті ермек сазды таңдап алып, Н əрпінің неге ұқсайтынын еске ала отырып, ермек саздан жасайды. Н əрпінен басталатын сөз айтады.

5-тапсырма Суреттегі бейнелерді атайды. Педагог балаларға тышқанның ініне жетуіне көмектесуін өтінеді. Балалар тышқанға көмектесіп жолдарды қарындашпен қосады.

Н əрпін ауады жазып естеріне сақтайды. Əліппе-дəптерде берілген екі жолға Н əрпін

жазады.

















Əліппе-дəптер.




















Нан түрлерінің суреті.








Н əрпінің баспа түрі жазылған плакат.















Əліппе-дəптер.

Ермексаз.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог балалардың оқу қызметіндегі белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылай отырып, мадақтайды.

(Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау: Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Əртүрлі бейнедегі ірімшіктің суреті



Қысқамерзімді жоспар

9

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:.06.112017жыл

2-ТАРАУ: Мектепке не үшін барамыз? Мектепке жол.Л дыбысы және әрпі

Мектеп/МДҰСарытерек орта мектебі

Педагогтің аты-жөні: Өткелбаева А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. 0.1.1.2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.1.3. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. 0.1.3.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

 Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын айтады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Л дыбысы – дауыссыз дыбыс, Л дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Л дыбысының орнын ажыратады. Жазуға қолдарын жаттықтырады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Л дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Л дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, Л əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: Сурет желісі бойынша сұраққа жауап береді. Өз ойларын толық, нақты жеткізе отырып, əңгіме құрайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Мектеп, жол, қауіпсіздік. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суреттен қандай таныс заттарды, жануарларды байқадыңдар? Сен дайындық сыныпқа неше жасыңнан келдің? Сыныпта кімнің есімінде л дыбысы бар? Л əрпі неге ұқсайды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем неден тұрады? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді? А жəне Н əрпінен келетін сөздерді табады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут










ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.





Педагог балалардың ынтасын оқу қызметіне тарту үшін ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мына сұлу əлемде Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сəулесін төгеді.

(Ұ)Педагог балалардың мектепке барар жолы туралы əңгіме жүргізеді. Жолдарында қандай ғимараттар кездесетіні, қандай жолмен жүретіндері сұралады. Жолда жүру ережесін қатаң сақтау керктігі ескертіледі.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Лаққа көмек көрсет

. Лақты мектебіне қысқа жолмен жеткіз. Балалар суретке қарап отырып өз ойларын айтады.

Əліппе-дəптер.

Балалар лаққа көмектесу үшін жолдарды таңдайды. Педагог лақ сөзін айтқызып, бірінші естілген дыбысты қайталатады. Суреттен Л дыбысы естілетін сөздерді тауып, оларды атайды. Балалар жолды саусақтың ұшымен сызып, сосын ауада жазып қайталайды. Педагог Л үнді дауыссыз дыбыс екендігін айтады. Л дыбысы сөздің басында, ортасында жəне аяғында кездесетіндігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Л дыбысының айтылуын түсіндіреді (Л дыбысын айтқанда тіліміз тісімізге тиіп дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұрады). 2-тапсырма

Балалар сызба арқылы Л дыбысының орнын анықтайды. Тиісті суретпен сəйкестендіреді.

3-тапсырма

1.Сен дайындық сыныбына неше жасыңда келдің? Сыныпта кімнің есімінде Л дыбысы бар?

Балалар əліппе-дəптерде берілген санды белгілейді, сыныпта Л дыбысы бар есімдері балаларды атайды.

Ұ) Сергіту сəті

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

4-тапсырма. Педагог Л əрпін көрсетіп, осы əріпке ұқсайтын қандай заттар бар екенін естеріне түсіреді. Суреттерге қарап, жауап береді.

5-тапсырма. Педагог өлең оқиды.

Біз күркенің алдында тұрған ек

Қалдық біздер: «Күрке ме, бұл, «Л» ма? – деп.

Ж. Əбдірашов Педагог балаларға күркенің суретін көрсетіп, ол туралы мағлұмат береді. Балалар өлең жолдарын қайталайды.

6-тапсырма Суретке қарап отырып, ағаш бұтағының, адам саусақтарының, шырын тетрапакетінің, таяқшаның неге ұқсайтынын табады.

Л əрпі жазылған плакт.

Балалар Л əрпін ауада жазып педагогпен бірге қайталайды.

Əліппе-дəптерде берілген бірінші жолға қала үйлері сияқты үзік сызбаларды бастырып сызады. Екінші жолға Л əрпінің баспа түрін жазады. Педагог балаларға көмектеседі.

Музыка əуені.





















Суреттер.








Суреттер.



Жұмсақ сым.










Əліппе-дəптер







Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексивтік бағалау. Өз жұмысын смайлик бойынша бағалап қорытындылайды.












Қысқамерзімді жоспар

10

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:.12.11.2018 жыл

2-ТАРАУ: Мектепке не үшін барамыз? Мен үлгілі баламын Р дыбысы және әрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс

дыбыстау

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу

ретін анықтау

0.2.2.1. Балаларды адамгершілік сезімге тəрбиелеу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап береді.Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дыбыстарды ажыратады.

Р дыбысы – дауыссыз дыбыс, р дыбысының айтылуын дұрыс

дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі р дыбысының орнын ажыратады.

Р дыбысының баспа түрін жазу жолдарына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап беріп, шағын əңгіме құрайды.

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін

(дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып,

талдау жасай алады.

Р дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы р

дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі

сызығын сақтап, р əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Р дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды:

(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап беріп, р əрпімен танысады.

Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастырады.

Р əрпінің баспа түрін жазады.Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Домино

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары. Бұл суретте не болып жатыр?

Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастыр

Раушанға қалай көмек береміз? Р əрпі тағы қай затқа ұқсайды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөз бен сөйлемді ажыратады.

Дауыссыз, дауысты əріптерден сөз құрайды.

Əңгіме құрастырады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
















ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.





Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне

жылы лебіздерін білдіреді.

Армысың, əлем!

Армысың, жарық күн! (Қолдарын жайып,

көкке көтереді).

Армысың, абзал адам! (Қолдарын алға

созады).

Армысың, менің досым!(Қолдарын бір-біріне

қарап созады).

Қарғаның суретін көрсетеді.

Қарға қалай дыбыстайды?

Балалар қарғаның дыбысын келтіреді.

Балалар қарға құсы туралы əңгімелеседі.

Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма

Бұл суретте не болып жатыр?

Балалар суреттегі көріністі əңгімелейді.

Қарғаның дыбысын келтіреді. Суреттегі

заттарды атайды. Р дыбысы естілетін сөздерді

анықтайды.

2-тапсырма 1-тапсырмадағы суретпен

байланысты. Суреттегі бала санын анықтайды.

Санды көрсетеді (төрт).

3-тапсырма. Р əрпінің баспа түрімен

таныстырады.

Педагог Р дыбысының айтылуын үйретеді (Р –

тілдің алдымен жəне дірілмен айтылады).

Р əрпімен таныс болады.

Р – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

Р əрпінің бейнесіне қарап ұқсас заттарды атау.

Р əрпін ауада жазып көрсетеді

Сергіту сəті

Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін

жасайды.

Слайдтан көрсетілген Айя мен Əлидің əнінің

негізінде аққала жасауды қимылмен билеп

көрсетеді.

4-тапсырма. Р əрпінің жазылуын көрсете

отырып, қандай затқа ұқсайтынын елестетеді.

Жылқышының құрығындай,

Тіп-тіке тұруын-ай. (М. Əлімбай)

Педагог жылқышының құрығы туралы

түсіндіреді.

5-тапсырма. Домино тастарынан Р əрпін

құрастырады. Суреттегі үлгіні педагогтің

көмегімен қайталайды.

Өз беттерімен Р əрпін құрастырады.

Р əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады











Əліппе-дəптер









Əліппе-дəптер.






















Сызба сызылған

плакат.

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог балалардың белсенділігін талқылап

оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын

смайликтер арқылы бағалайды.





Қысқамерзімді жоспар

13

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 04.12.2018 жыл

3-тарау Менің айналамда кімдер бар? ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады. 0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сурет бойынша сұраққа жауап береді. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. У дыбысы – кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс. У дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі у дыбысының орнын ажыратады. У əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы у дыбысының орнын ажыратады. У дыбысына сөз ойлайды. У дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Сурет бойынша əңгіме құрайды, өз ойын толық жеткізеді. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. У дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Отбасы ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде. Бұл отбасында кім үлкен, кім кіші? Өз отбасыңда сенен кім үлкен? Таяқшаны қалай пайдаланасың?

Өткен ҰОҚ алған білім

Отбасы туралы əңгімелейді. Таныс əріптерді тауып, сөз, сөйлем құрайды. Сөздерді буынға бөледі?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут




II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.












ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.





Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. – Кəне, балалар барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!

– Ата-анам ауырмасын! – Үлкендерді сыйлайық! – Анамызды ардайық!

(Ұ)Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту мақсатында балалармен «Отбасым – берекем!» қимылды ойынын ойнатады. Барлық балалар шеңбер жасап тұрады. Педагогтің белгісімен отбасы мүшелерін айтып, бір қолымен екінші қолының саусақтарын бір-бірлеп жұмады. Егер саусақтары жетпей қалса, артқа қарай адымдап, қалған отбасыларын атайды. Көп адымдаған балаға «Үлкен отбасы» деген атақ беріледі. Ол бала қалған балаларды бақылаушы болады


Тапсырма орындамас бұрын педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш əріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Бəрі де өз жұртың

Айтады, кəне, кім атын? (Ана, апа, аға, іні, ата).

Балалар жұмбақтың жауабын айтады. (Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Педагог: Балалар жұмбақтың жауабында аталған отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысы естіле ме?

Қайталап айтайықшы!

1.Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде.

Суретте берілген отбасы мүшелері туралы əңгімелейді. Педагогтің көмегімен отбасы мүшелерінің аттарымен атайды.

Отбасы мүшелерінің атауларының сызбасына қарап буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Отбасы мүшелерінің үлкенін, кішісін анықтайды. Балалар өз отбасылары туралы əңгіме құрады.

2-тапсырма. Педагог өлең жолдарын оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.

Балаларға педагог үлкендерді сыйлау, олардың тілін алу, үлкендердің жолын кеспеу туралы əңгімелеп береді.

– У – бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.

Педагог У дыбысының дауысты дыбыстан кейін тұрса, дауыссыз болатынын, көк түсті дөңгелекпен, ал дауыссыз дыбыстан кейін естілсе, дауысты болып, қызыл түсті дөңгелекпен белгілейтіндерін айтып түсіндіреді.

Балалар «Тау» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады.

Сөздің неше буыннан тұрғанын айтады. У дыбысының мұнда дауыссыз дыбысының рөлін атқарып тұрғанын біледі.

«Су» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады. Су сөзінде У дыбысының дауысты дыбыс рөлін атқарып тұрғанын біледі.

3-тапсырма. У əрпімен танысайық.

Күз бейнеленген суретке қарап отырып, балалар күз мезгілі тұралы əңгімелеседі. Күз мезгілінде жапырақтар түсіп ағаштардың бұтақтары көрініп тұрғанын байқайды.

Педагог У əрпінің суретін көрсетіп, бұтақтың суретіне назар аудартып, ұқсастықты айтады.

Балалар бұтақты саусақ ұшымен бастыра салып, сосын ауада салып көрсетеді.

Педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Балалар өлең жолын қайталай отырып, у дыбысының анық айтылуына жаттығу жасатады.

(Ұ) Сергіту сəті

Шеңбер болып тұрамыз,

Керегені құрамыз,

Уықтарды көтеріп,

Шаңыраққа тірейміз.

Жоғары біздің шаңырақ,

Күн сəулесін шашады.

Киіз үйде жиналып,

Отбасымыз бақытты!

Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

4-тапсырма

Педагог У əрпінің баспа түрін көрсетеді.

Балалар өздеріне берілген моншақты сымға тізіп, У əрпіне ұқсатып жасайды.

5-тапсырма

Педагог балаларға У дыбысын жасау үшін таяқшаларды қолдануға болатынын айтады.

Балаларға ой тастайды.Балалар У дыбысының бейнесіне қарап отырып, өздеріне қанша таяқша керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі.

У əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады.












Əліппе-дəптер









Əліппе-дəптер.





Сызба сызылған

плакат.



















































У əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылап, мадақтайды. Оқу қызметін қорытындылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайлик арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер


































Қысқамерзімді жоспар

14

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 10.12.2018 жыл

3-тарау Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. 0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. 0.3.3.2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Педагог сұрақтарына толық жауап беріп, сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ш дыбысының орнын ажыратады. Ш əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша өз ойларын айтып, мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Ш дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ш дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ш əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Жұмыс дəптерінен педагог сұрағы негізінде қажетті мəліметті табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Ш дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап бере отырып, Ш əрпімен танысады. Ш дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шарбақ, пішенші, айыр

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Сен неше сөйлем таныдың? Соңғы сөйлемде неше сөз бар? Ешкі қарбызды не үшін екті? Ешкіге өзің қалай көмектесер едің? Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр? Шарбақ сөзін буынға бөліп айт. Қай суреттен артық зат қалды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем құрастыр. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут




II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.








ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.





Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шаттық шеңберіне тұрғызып, көңілді өлең жолдарын айтқызады.

Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты. Тəрбиелі баламыз, Амандасып аламыз.

(Ұ)Педагог слайдтан бақташының суретін көрсетеді (слайдта ешкі бағып жүрген бақташы жүреді) Балалар слайдтан не көріп тұрсыңдар? Ешкі қандай жануар? Ешкінің төлін не деп атаймыз? Ешкі бізге не береді? Балалар педагог сұрақтарына жауап беріп слайдтағы көрініс туралы пікірлеседі


(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Педагог балаларға сөйлем оқып береді.

Балалар мұқият тыңдап, педагог сұрағына жауап береді.

Ешкі лақтарын жақсы көреді. Оларға арнап қарбыз екті. Ол шаршады.

Балалар неше сөйлем тыңдағандарын айтады. Педагог əр сөйлем сайын тоқтап оқиды. Соңғы сөйлемде неше сөз барын табады.

Балалар педагогтің ешкі туралы əңгімесін сурет бойынша толықтырып аяқтайды.

Суреттегі шелек, шегелерді аттарымен атап, қандай дыбыспен басталып тұрғанын табады.

Ш дыбысын айтады. Ерін аздап дөңгеленеді жəне жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді.

Əңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ешкі қарбызды не үшін екті?

Ешкіге сен қалай көмектесер едің?

Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр?

Балаларға педагог шарбақтың суретін көрсетін түсінік береді.

Шарбақ сөзін буынға бөледі.

Шар-бақ

2-тапсырма. Ешкінің еңбек құралдарын атап, Ш дыбысын ізде. Сызбаның қай суреттің атауы екенін тап. Суреттегі заттарды атайды.

Шелек, шар, тырнауыш, шеге.

Балалар сызбаны қызыл жəне көк дөңгелекпен белгілеп, қай суреттің атауы екенін табады.

Ш*Ш, Т*РНАУ*Ш

Ш – қатаң дауыссыз дыбыс. Көк түсті дөңгелекпен белгілейміз.

3-тапсырма. Ш əрпімен танысайық.Ш əрпі неге ұқсайды?

Аша сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Оның басының неге ұқсайтынын елестетеді.

Ш əрпінің баспа түріне қарап бейнелейді.

(Ұ) Сергіту сəті.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секеңдеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың!

Өлең жолдарын 2-3 рет қимылмен айталайды.

4-тапсырма. Педагог балаларға шарбақтың, тарақтың суретінің Ш дыбысына ұқсайтынын салыстырып айтып көрсетеді.

Балалар тарақтың тістерін домалақтап Ш дыбысын бейнелейді.

Ешкінің он шарбағынан Ш дыбысының тістерін санап қоршап белгілейді. Ш дыбысының баспа түріне қарап белгілейді.

Шарбақ пен тарақ тістерін Ш əрпіне ұқсатып қоршағанда қай суреттен артық тістер қалғанын айтады. Неге артық қалғанын түсіндіреді.

Балалар жазу дəптеріне Ш əрпінің баспа түрін жазады.






Суреттер












Əліппе-дəптер

Суреттер.







Шарбақтың суреті.

Қызыл, көк дөңгелекшелер.

Ш əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Əліппе-дəптер.



Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Балалардың белсенділігін талқылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдеріне қарай смайликтер алады..

смайликтер






















































Қысқамерзімді жоспар

№15

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 24.12.2018 жыл

3-тарау Саматтың ойыны. С дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретінанықтау

0.1.3.1. Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау

0.1.4.1. Сұраққа жауап бере отырып, диалогке қатысу

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлықтəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

С дыбысы – дауыссыз дыбыс, с дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі с

дыбысының орнын ажыратады. С əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап беріп, суертті мазмұндайды.

С дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағыс

дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,

сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады. Жазу жолына с əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суреттерден педагогтің сұрақтарына сəйкес жауаптарын анықтайды..

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

С дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Сөйлем сызбасының салады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып, əңгіме құрастырады. Сөйлем сызбасын салып, сөздердің санын анықтайды. Сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Əжесінің кебісі, ванна, мəсі,

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Əжесінің кебісімен Самат неге солай ойнайды? Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? Күн атауларының қайсысында С дыбысыестіледі?

Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста? Қай сан атауында С əрпі бар?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем құрастыр. Заттардың атын ата. Сөздерді буынғабөл.

Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут




II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.









ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.





Педагог балалардың оқу қызметіне ынтасын тарту мақсатында шаттық шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен айтқызады.


Қайырлы таң, балалар! Арайлап таң атты.

Алтын сəуле таратты, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң, достарым!


(Ұ,Ө) Педагог балаларға күннің суретін көрсетеді.

Күн бізге не шашып тұр?

Күн бізге сəулесін шашыптұр.


Балалар «күн сəулесінен жылу тарайды» деген сияқты өз ойларын ортаға салады.

Педагог балаларға күн батқан соң аспанд ай пайда болатын ай туралы əңгімелейді

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма.

– Суреттен не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Сурет бойынша балалар «Менің отбасымның бір

күні» тақырыбында əңгіме құрайды.

Отбасындағы кішкентай баланың аты –Самат.

Ол əжесіне еркелейді. Əжесінің мəсісін

қайық жасап ойнады. Əжесі мəсісін іздеді.

Саматтан сұрады. Самат көрмегенін айтты. Əжесі өзінің мəсісі суда қайық болып қалқып

жүргенін көрді.


Педагог балаларға кебіс, мəсі сөздерінің мағынасын түсіндіреді. «Саматтың осы қылығы дұрыс па?» деген сұрақ қойып, балалардың пікірлерін тыңдайды.


2-тапсырма.


Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? (Балалар апта күндерінбояйды).


Балалар апта күндерін атауларымен атап, санап шығады.


Біз балабақшаға келетін күндерімізді атаңдаршы?

Аптасына неше күн балабақшаға келеміз? Педагогтің сұрақтарына балалар жауапбереді.

Дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі, сенбі жексенбі.

Апта күндерінде тек жұма сөзінде с дыбысы естілмейтінін табады.

Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол нешежаста?

Педагогпен бірге балалар мектепке баланың неше жастан келетіні туралы əңгімелейді.


С- дыбысы дауыссыз дыбыс, Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады жəне Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделеріашылады.


(Ұ) Сергіту сəті.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Жасап алсақ жаттығу

Сағаттардың тіліндей,

Жүрегіміз соғады.

Сырт сырт етіп сағаттай.

3-тапсырма

С əрпімен таныс болайық.

Педагог М. Əлімбаевтің өлеңін оқып береді.

Балалар өлеңді не туралы екенін мазмұндайды.

Суреттегі айдың, орақтың суретіне қарап С

əрпінің бейнесіне ұқсайтынын айтады.


Балалар С əрпіне ұқсайтын тағы басқа бейнелерді табады.

4-тапсырма

Сынған сағатты жөндейміз.

Суреттегі сағаттың қандай сандары

жетіспейтінін анықтайды. 1, 2, 3, 6 цифрларынан

басқа сандарды атайды. 8 санының неден

тізілгенін айтады.

Қандай сандарда С əрпі естілетінін анықтайды.

Сегіз, бес сандарын атайды.

С əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады










Күннің суреті.










Əліппе-дəптер

Кебіс пен мəсінің суреттері























Ай мен орақтың суреті









С əрпінің баспа түрі жазылған плакат.



Əліппе-дəптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Өз білімдерін смайликтер арқылы бағалайды

Əліппе-дəптер.
















Қысқамерзімді жоспар

№15

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 14.01.2019 жыл

3-тарау Достық көмек. Д дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыру.

0.2.1.2. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атау.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.2.1. Сөйлемдердің түрін анықтайды.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Д дыбысы – дауыссыз дыбыс, д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі д дыбысының орнын ажыратады. Д əрпінің жазбаша түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап беріп мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Д дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы д дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолына əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Д дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Д əрпінің баспа түрін таниды, жаза алады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Балалар шағын əңгіме құрстырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрлерін анықтайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Бадминтон, домино,бассейн,

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Балалар қайда оқиды? Балалар немен ойнайды? Доптың пішіні қандай? Бассейнде Д əрпіне ұқсап отырған бала қайсысы?


Өткен ҰОҚ алған білім

Сөз, сөйлес құрайды? Әріптердің баспа түрін жаза алады. Сұрақтарға толық жауап бере алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут



II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.


ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.





Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Достық туралы əңгімелеп, балалардың қолына гүл шоқтарын ұсынып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтқызады.

Педагог балаларға «Екі дос» ертегісін дауыстап оқып береді. Екі достың ормандағы іс-əрекетін талқылайды. Балаларға ертегі бойынша сұрақ қояды. Балалар сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды


(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.

Балалар қайда ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Балалар немен ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Доптың пішіні қандай?

Сызбаға қарап екі сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Сұраққа жауап беру кезінде Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратады.

2-тапсырма. Суреттегі ойын құралдарын атайын айтады.

Дартс, доп, домино.

Сөздік жұмысы

Дартс – спорттық ойын түрі. Қабырғаға дөңгелек нысана ілінеді. Қандай да бір қашықтықтан нысанаға садақшаларды лақтырады.

Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойналатынын қысқаша көрсетеді. Ойын құралдарының атауын буынға бөледі.

3-тапсырма. Д əрпін бейнелейміз.

Педагог балаларға түрлі пішіндер қимасын таратып береді.

Балалар түрлі пішіндерден Д əрпінің баспа түріне қарап отырып, əріпті бейнелейді.

Түрлі түсті моншақтарды жіпке тізіп, Д əрпін бейнелейді.

– Д – ұяң дауыссыз дыбыс. Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі жəне астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.

(Ұ) Сергіту сəті

Қолды жоғары көтеріп,

Демалып бір алайық.

Доп сияқты домалап,

Секіріп, секіріп алайық.

Денемізді бос ұстап,

Шынығып бір алайық.

Балалар өлең жолдарын қимылмен айтады.

4-тапсырма. Педагог тапсырмада берілген сөздерді оқып береді. Балалар қимылды білдіретін сөздерді суретпен сəйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады. Мысалы: Айгүл келді. Сəкен жүзді. Асан мен Досан жарысты. Айман дірілдеді. Досжан секірді.

«Бассейнде Д əрпіне қай бала ұқсайды?» сұрағына жауап алады. Д əрпіне отырған бала ұқсайды.

«Демалыс күні» өлеңін оқып береді. Дір-дір етті сөзін қимылмен көрсетуге тапсырма береді.

Д əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады











Əліппе-дəптер

Сөйлем сызбасы жазылған плакат.

Доптың суреті, слайд.


Сызба




Моншақтар, қағаздар





Үнтаспадан музыка тыңдату






Əліппе-дəптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды

Əліппе-дəптер.







































Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.


- Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан

- Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

- Жаман жолдастан таяғым артық

- Күлме досыңа – келер басыңа

- Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.


-Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.






































Қысқамерзімді жоспар

№30

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 11.03.2019 жыл

Тақырыбы: Шөл дала мен сулы жер.Өдыбысы менəрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішіненбөлужəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,дауыссыз,жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді(кешіріңіз,тыңдаңызшы! жəне т.б.)қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, лепбелгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ө дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ө дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ө дыбысының орнын ажыратады. Ө əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардыңтүрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.Сөздегі дыбыс санын, ондағы ө дыбысының орнын ажыратады.Өдыбысына сөз ойлайды.

Өдыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөзқұрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ө əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз сөйлем сызбасын оқиды.

Өдыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады

Ө əрпін бейнелейді

Тілдік мақсат

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздерсанынажыратып, буынғабөледі.

Негізгі терминдермен сөзтіркестері:Шөлдала

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздердіатайды.Сөздерге дыбыстық талдаужасайды.

Түйе жүрген жер қалай аталады? Өгіз ненің үстінен өтті?

Өткен ҰОҚ алған білім

Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем құрайды. Əріптердің элементтерін жаза алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут



II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.




ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.





Педагог балаларды шеңберге тұрғызып, жақсы тілек тілейді:

Аспанымыз ашық, еліміздің болашақ азаматтары аман болайық!

Балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, əсемдікке байланысты тілек айтуларын өтінеді.Мысалы: Айна, сенсұлусың!

Марат, сен сымбаттысың! Ғалия, сенің көйлегің əдемі!

(Ұ,Ө) Педагог түйе туралы əңгімелейді. Түйе үй жануары, еті, сүті пайдалы. Шөл далада көп шыдайды. Үй жануары.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс



1-тапсырма. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Балалар берілген суреттерды атайды.



Педагог Ө дыбысын қайталайды. Астыңғы тістермен жоғарғы тістер арасындағы арақашықтықтан біршама үлкендеу болады, тілдің ұшы төмен түседі де,сəлартқа қарайтартылады.



Ортасының көлбеулігі бір деңгейде сақталады, ауақуысымен еркін шығады, жұмсақ таңдай көтеріледіде, мұрын ауа жолы жабылады жəне дауыс шымылдығы жабық болады.

Балалар суреттен Ө дыбыс естілетін сөздердітауып,буынға бөледі.

Өркеш, шөл, өзен,өгіз.

Педагог балаларға сұрақ қояды.

Түйе жүрген жер қалайаталады?

Өгіз ненің үстінен өтті? Сөздерді буынғабөледі.

Ө жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі.

Ө дыбысын балалар қайталап дұрыс айтуға жаттығады

Суреттегі заттарды атайды.


Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Өшіргіш, көйлек, бөрік,көз.


Сөздерге сөйлем құрайды. Сызбасын жасайды.(Ұ)

Сергіту сəті.

Балалар орындарынан тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды.

3-тапсырма


Педагог Ж.Əбдірашовтың өлеңін оқиды.


«О» – кəдімгідөңгелек,Ал «Ө» одан сəлбөлек.Мұны да сал, ерінбе, Белбеуі бар белінде.

Суреттегі О əрпі мен Ө əрпінің пішіндерін салыстырады. Айырмашылығын табады.


Балалар Ө əрпінің баспа түрін алдарына берілген құмға салады.

Балалардың алдына құм салынған төртбұрыш қорапша беріледі.


Балалар Ө əрпінің бейнесін сала отырып Ө əрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздерге сөйлем құрайды.


4-тапсырма


Өəрпінің пішінін жіптен жəне қағаздан құрастырады. Педагог балаларға көмектеседі бөлігінсалады.

Өəрпінің элементін жазу жолына жазады.




Суреттер










Əліппе-дəптер










Сызба













Əліппе-дəптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.










































Қысқамерзімді жоспар

№33

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:

Тақырыбы: Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздерішіненбөлу жəне сөзсіз жекеайту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін(дауысты,дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып,дұрысдыбыстау.

0.1.2.2 Тыңдалған материал негізінде қарапайымсұрақтарғажауапқайтару.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Ж дыбысы – дауыссыз дыбыс, ж дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ж дыбысының орнына жыратады.

Қолды үзбей сызуға жаттықтырады..

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасайалады.

Ж дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ж

дыбысының орнын ажыратады.

Сұраққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды.Жазу жолына ж əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпараттытабады.Өзіне таныс тақырып аясында диалогкеқатысады.Сөз/сөйлем сызбасыноқиды.

Ж дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлемқұрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

суреттегі заттардың аттарын атай алады,таниды;

қол жаттығуына арналған тапсырмаларды орындай алады;

Негізгі терминдермен сөзтіркестері:Кемпірқосақ.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтердеқолданылатынтіл:

Пікір алмасусұрақтары.

Суреттерге қарап жұмбақ жауабыншешеді.Кемпірқосақтың түсінешеу?

Сызбада кемпірқосақтың қай түсібелгіленген?Өзің қандай жұмбақ білесің?

Өткен ҰОҚ алған білім

Дыбыстарды ажыратады.

Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлемдегі сөздердің санын анықтап,сызба бойынша сөйлем құрайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут



II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.








ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.





Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшінпедагогжағымды атмосфератуғызады.

Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3ретқайталайды.



Өсті ақыл,ойларың,

Өсті, міне,бойларың.

Иіліп сəлем береміз,

Əдепті Жақсы өздерайтамыз, Үлкендерді сыйлаймыз.

(Ұ) Педагог «Əліппе пойызы» деген бейнетаспадан Ждыбысы жайлы бөлігінкөрсетеді.

Фильм əріптер мен дыбыстартуралы.

Дұрыс. Біз енді ұйымдастырылған оқу қызметінде Ж дыбысымен танысамыз.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптерменжұмыс



1-тапсырма

Тыңда.

Педагог балаларға қысқаша жұмбақ туралы мəтіндіоқып,оның қызықты болатыны туралы айтыпбереді.

Жұмбақ – адамның алғырлығын, білімін сынаумақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын шағын тақпақ. Жұмбақ шешу өтеқиында,қызықты.

Балаларға жұмбақ шешу үшін, ойланукеректігін, жұмбақтың əр сөзінен ұқсастық жауапты табу керегін түсіндіреді.



2-тапсырма. Суреттерге назар сала отырып, педагогтің оқыған жұмбақтарын балалар шешеді.

Жұмбақтардың шешулері: жұлдыз, көжек, жапырақ.



Жұмбақтың шешуі болған сөздерді дауыстап айтқызып,осысөздерде кездесетін Ж дыбысын бірнеше рет қайталатады.


Ж – ұяң дауыссыз дыбыс. «Ж» созылып, əндетіліпайтылмайды,ауыз қуысында кедергіге ұшырайды. Көк түстідөңгелекпенбелгіленеді.


3-тапсырма. Суреттен Ж дыбысы бар сөздері іздеп табады. (Кемпірқосақ,жапырақ).


– Кемпірқосақтың түсі нешеу? (Балалар кемпірқосақтың түсінің санын айтады).

Түстерін атай отырып, Ж дыбысы естілетін түстітабады

(жасыл).

Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту.Балаларəр баланың айтқан сөзін буынға бөледі, дыбыстықталдаужасайды.Мысалы:жаң-ғақ.Ждыбысы–ұяңдауыссыздыбыс.Көк белгіменбелгіленеді.


(Ұ) Сергітусəті.


Көп отырып,шаршадық, Қозғалуды аңсадық

Билегіміз келеді, Əдемілеп əн салып.

Тік тұр, қолыңдысоз,Оңға-солғаб ұрылыңыз. Шымыр болсынденеміз, Жаттығуды үйренеміз.



Педагог балаларды орындарынан тұрғызып сергіту сəтінешақырады.

4-тапсырма. Ж əрпіментанысайық.

Соныменқатар Ж əрпінің бейнесіне қарап ,балалар өз ойларын айтады.

5-тапсырма

Сурет бойынша əңгіме құрастырады.Педагог əңгімелеп беріп, сұрақ қояды.

Жапырақтары жайылған шөптер мен гүлдер өсіптұрады. Көбелек ұшып келеді. Шөптердің арасынан жылан жылжып барады.



Балалар суреттегі көбелекті бояуға кіріседі.





Суреттер










Əліппе-дəптер










Сызба













Əліппе-дəптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.






































Қысқамерзімді жоспар

№34

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 08.04.2019

Тақырыбы: Қонақ күту-салтымыз. П дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішіненбөлужəне сөзсіз жекеайту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,дауыссыз,жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрысдыбыстау.

0.2.2.1 Суретті кітаптардан ақпаратты табу (суретарқылы)

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру жəнеоқу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғыжəнетөменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауапқайтарады.Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстардыажыратады.

П дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс. П дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі п дыбысының орнынажыратады.

Жазу жолына П əрпінің баспа түрін жазады

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып, суреттімазмұндайды.

Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы п дыбысының орнын ажыратады. П

дыбысына сөз ойлайды.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,сұраулы,лепті), сөйлеу барысында қолданады.

Жазу жолын əріп элементтерін жазады

Кейбір тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды ажыратып,дыбыстықталдау жасайалады.

П дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы п дыбысының орнына жыратады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəнетөменгісызығын сақтап, п əрпінің элементтерін жазады

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толдық жауапбереді.Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

П дыбысын таниды, дауысты дыбыс екенінбіледі. Жазу жолын п əрпінің элементтерін жазады.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатынтіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Үйге қонақ келетінін қалай болжауғаболады? Қонақ келгенде сенің көңіл күйің қалай болады? Сөздер қай кезде айтылады?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем дегеніміз не? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қайдыбыстанбасталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстер менбелгіленеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут



II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.








ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.





Оқу қызметіне балалардың назарын тартуүшінпедагог жағымды атмосфера құру үшінбалалардышеңбергетұрғызады.

Балалар бір-бірлеріне жақсы тілектерайтады.



(Ұ) Педагог балалармен «Біз қонақтамыз!» дегентақырыпта əңгіме құрады.

Балалар қонаққа бару сендерге ұнайма?

Ендеше бүгін біз өзімізді топқа келген қонақ ретінде сезінейік. Қонақта біз сыпайы, мəдениетті болуымыз керек. Алдымен амандасудан бастайық.

1-тапсырма

Балалар «Үйге қонақ келетінін қалайболжауға

болады?» сұрағына сурет бойынша жауапбереді.

Педагог балаларға сұрақ қойып, бөлмеден П дыбысы

бар затттардытапқызады.

Балалар сұраққа жауап бере отырып, П дыбысы

естілген сөздерді қайталапайтады.

Суреттегі заттарды атайды. Екі суреттісалыстырады.

Екі суреттегі үй ішіндегі заттардың орналасуына мəн

береді.

Сөредегі кітапқа назараударады.

Балалар кітап сөзін қайталап айтады. Сөзді буынға бөледі. П дыбысының қай буыннан естіліп тұрғанын

табады. Балалар портрет туралы біледі.

2-тапсырма. Портрет сөзін буынғабөледі.

Дыбыстық талдау жасайды. П дыбысы естілген

буынды қайталап, санананықтайды.

Көрпе сөзінің мағынасын түсінеді. Көрпесөзінбуынға бөліп, дыбыстық талдаужасайды.

Доп сөзіне дыбыстық талдаужасайды.

Балалар П дыбысының дұрыс айтады. П дыбыс

кездесетін сөз ойлапайтады.



– Қонақ келгенде сенің көңіл күйің қандайболады?

Балалар көңіл күйлерін ым-ишараменкөрсетеді.

Кейбір балалар ортадағы əртүрлі көңілкүйдегі

смайликтарді өз көңіл күйіне қарай таңдапкөрсетеді.

П – қатаң дауыссыздыбыс.

3-тапсырма бойынша берілген сөйлемдерді дауыс

мəнеріне келтіріп оқиды, балалар бұл сөздерді қай

кезде айтатындарын болжап айтады.Мысалы:

Сау болыңыз! – қоштасқан кездеайтылады.

Жолыңыз болсын! – жол жүріп бара жатқан адамға

айтылатынсөз.

Қош келдіңіз! – келген қонақтарға айтылады.

Жоғары шығыңыз! – келген қонақтарға айтылады.

Төрлетіңіз!–келген қонақтарға, жасы үлкен

Кісілерге айтылады.


(Ұ) Сергітусəті.


Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.


4-тапсырма. Тыйым сөздерді оқып, тəрбиелікмəнінтүсіндіреді.


Есікті қатты жаппа. Табалдырықты баспа. Босағаны керме.

Педагог табалдырық пен босағаныкөрсетеді.Балалар есіктің П əрпіне ұқсайтын бөлігінкөрсетеді.

5-тапсырма. П əрпімен таныс бол. П дыбысы еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз дыбыс.


М.Əлімбаевтың өлеңін оқып береді.

Балалар суреттегі үйдің қақпасына назар аударады.

Педагог қақпаның суретін бастыра көрсетіп П əрпінің баспаша түрімен таныстырады.

Балалар өз беттерінше П-ға ұқсас заттарды атайды П əрпінің баспа түрін екі жолға бастырып жазады.




Суреттер










Əліппе-дəптер










Сызба













Əліппе-дəптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды, балалардымадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдеңгейлерін

смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.
































Қысқамерзімді жоспар

№35

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні: 10.04.2019

Тақырыбы: Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ Айнабұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Құмарғалиқызы А

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз,жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрысдыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі

сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Б дыбысы – дауыссыз дыбыс, б дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі б дыбысының орнын ажыратады.

Қолды үзбей сызуға жаттықтырады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

Б дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы б дыбысының орнын ажыратады.

Сұарққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды. Жазу жолына б əрпінің элементтерін жазады.

Ұлттық тағамдарды атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Б дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Қазақтың дəстүрлері туралы айтады

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

  • Суреттегі заттардың аттарын атай алады,таниды;

  • Қол жаттығуына арналған тапсырмаларды орындайалады;

  • Ұлттық тағамдармен танысады.

  • Қазақтың дəстүрлері туралыбіледі.


Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Бидай масағы

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата. Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не?

Зат атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса. Бауырсақты неден жəне қалай пісіреді? Қай цифр Б-ға ұқсайды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Дыбыстарды ажыратады.

Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сызба бойынша сөйлем құрайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут



II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.




ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.





Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3

рет қайталайды.


Өсті ақыл, ойларың, Өсті, міне, бойларың.

Иіліп сəлем береміз, Əдепті боп өсеміз. Жақсы сөздер айтамыз, Үлкендерді сыйлаймыз.

(Ұ) Педагог ортаға наубайшыны шақырады.

Наубайшы қолында табаққа салынған нан түрлері мен бауырсағын алакеледі?

Педагог: Наубайшы, сен ұннан неше түрлі тəтті тоқаш пен дəмді бауырсақтар пісіресің. Сол ұнның қайдан келетінін білесің бе?

Наубайшы: Жоқ, менде де осы ұнның қайдан келетінін білмеппін. Мүмкін балалар білер, солардан сұрап көрейікші.

Педагог: Сұрасақ сұрайық! Балалар, ұнның неден жасалатынын білесіңдер ме?

Балалар өз ойларын айтады.

Педагог слайд көрсете отырып, балалардың жауабын толықтырады.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс



1-тапсырма. Педагог «Бауырсақ пен құрт» туралы шағын

ертегіні оқып береді. «Нан – қадірлі ас» деген ұғымды

түсінеді. Педагог балалардан ұлттық тағамдар жəне дəстүрлер туралы сұрайды.

Педагог балалар жауабын толықтырады.

Балалар «Ас атасы – нан» мақалын естеріне сақтайды.

Бауырсақ туралы ертегіні мазмұндайды.

Бауырсақ сөзін буынға бөледі. Осы сөзді қатыстырып, сөйлем

құрайды.

2-тапсырма. Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата.

Сурет бойынша əңгіме құрайды.

Балалар суреттегі заттарды атайды.

Бауырсақ, табақ, бота, бұзау.

Қазаннан шыққан бу туралы балаларға педагог түсіндіреді.

Сол сияқты жаңбыр туралы айтып өтеді.

Заттардың атауларының астындағы дыбыстық сызбаға қарап,

сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Педагог балаларға сұрақ қойып, тапсырманы пысықтайды.

Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не?


Бауырсақ, бұзау, бота сөздеріне арналып сызылған төртбұрыштардың ішіне осы сөздерді дыбыстық белгілермен жазып көрсетеді.


Тамақ сөзіндегі м дыбысының орнына б дыбысын қойып,

табақ деген сөз шығатынын анықтайды.


3-тапсырма. Осы тапсырманы орындау арқылы бауырсақты неден жəне қалай пісіретіні туралы мəлімет алады. Масақ, ұн, нан сөздеріне дыбыстық талдау жүргізіледі.


Масақ сөзіне сөздік жұмыс жүргізіледі.


Масақ – астық дақылдарының дəнді басы.

Б – ұяң дауыссыз дыбыс.

(Ұ) Сергіту сəті.

Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.

Өлеңді қимылмен 2-3 рет қайталап, есте сақтайды.

4-тапсырма. Б əрпімен танысайық. Б дыбысын айтқанда еріннің бір-біріне əуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады.


Педагог тақтаға Б əрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар Б əрпіне ұқсас заттарды атайды.


Педагог атаған образдарды атайды.

Ауада Б əрпінің баспа түрін жазады.

5-тапсырма.



Қай цифр Б-ға ұқсайды?

Тақтаға 1-ден 6-ға дейінгі цифрларды іліп қояды. Балалар тура жəне кері санайды. 5-тен кейін қандай цифр тұратынын табады.



Тақтадағы үзік сызықпен берілген 6 цифрын балалар бастырып салады.

6-тапсырма. Педагог балаларға таяқшалар беріп, б əрпін жасауды көрсетеді. Балалар қайталайды.

Ермексаздан педагог Г жəне о əрпілерін бейнелейді. Енді осы əріптердің көмегімен Б əрпін құрастырады.

Балалар берілген ермексаздан педагогтің көрсетуімен Б əрпін жасайды.

Жазу дəптеріне Б əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді.




Суреттер










Əліппе-дəптер










Сызба













Əліппе-дəптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін

смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!