СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саусақтық театрмен танысу

Нажмите, чтобы узнать подробности

саусақ теартмен балаларды таныстырып, теартлық қызметіне қызығушылығын ояту

Просмотр содержимого документа
«Саусақтық театрмен танысу»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

«Айгөлек » ортаңғы тобы Күні: 09.02.18

Тәрбиеші: Ақылжан А.Б

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы: Саусақтық театрмен танысу. «Мысық, әтеш пен түлкі» ертегісін көсету.

Мақсаты: Саусақтық театрмен балаларды таныстырып, театрлық қызметіне қызығушылық ояту.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Билингвальды компонент: әтеш – петух, түлкі – лиса, мысық – кот.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір – біріне жылы лебіздерін білдіруді сұрайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балаларды саусақ театр мен таныстыру. Қандай болатының түсіндіру.

- Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Енді бүгінгі тақырыпты ашу үшін, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ жасыру:

1. Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері у да шу.

Ол не?(түлкі)

2. Жолбарысқа ұқсайды,

Тек тышқанды ұстайды (мысық)

3. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (әтеш)

-Бүгін біз «Мысық, Әтеш және Түлкі» ертегісімен танысамыз.

Ертегіні мәнерлеп оқып беру.

Слайдтар арқылы ертегіні көрсету.

Ертегі желісі бойынша сұрақтар қою:

- Ертегіде не туралы айтылған?

- Орманда Мысықпен бірге не өмір сүреді?

- Мысық қайда кетеді?

- Әтешті Түлкі қалай алдайды?


- Мысық Әтешті қалай құтқарады?


- Қай кейіпкер саған ұнады?

- Түлкінің жасаған қылығы дұрыс па?

Жарайсындар.

Ендеше балалар, біз де түлкіге үй құрап көмектесейікші, санағыш арқылы пішін құрастыру. 

Қандай пішін шықты?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Балалар саусақ театр мен танысады.


- Өздірі білетін ертегілірді айтады.




Жұмбақты шешуге тырысады.


- Түлкі.



- Мысық.


- Әтеш.


Балалар ертігінің мазмұнымен танысады.





Сұрақтарға жауап береді:


- Әтеш, мысық және түлкі.


- Әтеш.

- Орманға, аң аулауға.

- «Терезеден қарашы, бұршақ беремін» - деп алдады.

-Түлкіні қуып жетіп, әтешті үйшігіне алып келеді.

- Мысық.

- Жоқ.




Балалар санағыш арқылы үй құрастырады.



Бесбұрыш.


Сергіту сәтін орындайды.

Рефлекстік түзету

Бүгін біз қандай ертегімен таныстық?

Жарайсындар!

Мысық, әтеш және түлкі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Саусақтық театрын.

Игереді: Ертегі желісі бойынша әтештің еңбекқор, мысықтың қамқор екенін түсінеді.

Меңгереді: Ертегі желісі бойынша сұрақтарға толық жауап беруді.