СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сергіту сөті (физминуткалар)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физминутки на казахском языке

Просмотр содержимого документа
«Сергіту сөті (физминуткалар)»

Физминуткалар


Бақшамызға барамыз,

Жаңа достар табамыз.

Сәлеметпе сен,сен,

Доспыз енді сенімен.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Ал, балалар, келіңдер!

Сапқа тұрамыз бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Аяқтармен топ-топ басып,

Шынығамыз бәріміз!

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-



Добым, добым домалап,

Көше бойын аралап,

Кім добымды табады,

Сол менің досым болады.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қарамыз

Топылдатып басамыз


Шаттық шеңбері:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз - жомарт», -

дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.
























Жылулық шеңбері Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз































Сергіту сәті:

Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.










Сергіту сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса – баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар









-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.- Шаттық шеңбері

Добым,добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік боп өседі.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың, -

деп, сұқ саусағымен допқа

ренжіген сыңай байқатады.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Сергіту сәті

Қолды оңға созамыз,

Қолды солға созамыз,

Бір орында секіріп,

Біз демалып аламыз.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Шаттық шеңбері

Шашымды да тарадым,

Айнаға да қарадым.

Ерте тұрдым ұйқымнан,

Мен бақшаға барамын.

(Қ. Әлімқұлов)




Сергіту сәті

Қолды оңға созамыз,

Қолды солға созамыз.

Бір орында секіріп,

Біз демалып аламыз.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Қуан, шаттан, қуан, шаттан,

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы күн, қайырлы күн,

Күліп шықсын күн бүгін!


-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Сергіту сәті

Қуыршағым, келе ғой,

Менен кәмпит ала ғой.

Өкпелемей, келсеңші,

Өлең айтып берсеші.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да , қайда да

Сенімді боламыз.




Сергіту сәті:

Біз тәртіпті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Анам жұмысқа кеткенде

Үйде ойнап қаламыз.


Кәне, жіпті орайық,

Енді шешіп көрейік.

Қайта орап жіптерді,

Тағы шешіп көрейік.





Шаттық шеңбері

Бейбіт өмір – тілегіміз,

Бауырмалдық салтымыз.

Қамқорымыз, тірегіміз –

Ынтымақты халқымыз.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз,

Жоғары – төмен қараймыз,

Топылдатып басамыз – дей отырып, қимыл-қозғалыстар жасату


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды жаямыз,

Құстарға ұқсап,

Ұшып – ұшып аламыз.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Сергіту сәті.

Мен қиярмын, қиярмын,

Жаттығуға даярмын.

Қолдарымды көтеріп,

Қиярдай болып өсермін.






Сергіту сәті:

Бір дегенде орнымыздан тұрайық,

Қолымызға жіпті ұстап алайық,

Екі-үш рет жібімізді орайық,

Қайта барып орнымызды табайық

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Сергіту сәті:

Балақан-ау, балақан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат!

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Психологиялық сәт:

Бақшамызға барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін.

«Кеш жарық!» - деп кіремін.

(Е. Өтетілеуұлы)




Сергіту сәті:

Өзенге біз барайық,

Балық аулап алайық.

Ұстап алған балықты,

Аквариумға салайық.


-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Шаттық шеңбері

Алдымыздан кезікке,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

(Е. Өтетілеуұлы).

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Бала, бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Кәне, қанат жазайық.

Торғайларға ұқсайық,

Ұшып, ұшып алайық.



Саусақ жаттығуы.

Бас бармаққа қонаққа,

Үй есігі алдында,

Балаң үйрек, ортан терек,

Шылдыр шүмек асыға,

Ең ақыры кішкентай бөбек,

Есік қақты жайлана.

Бірге жүрсе саусақтар – мәңгі достар,

Бір-бірінсіз күні жоғын ұғынды олар!

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Сергіту сәті

Қонаққа барамыз

Бас бармақтың үйіне

Келді бүгін қонақтар.

Бес саусағың – бақытың,

Сонда, балам, бар құтың.

Бес саусағың біріксе,

Текке кетпес уақытың.

Барлық саусақтар – достар,

Бір-бірінсіз болмайды.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Шаттық шеңбері.

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.


Сергіту сәті

Күн төккен нұрынан

Биік болып өсеміз.

Денемізді тік ұстап,

Дөңгелене билейміз.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Сергіту сәті:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Сергіту сәті:

Аппақ, аппақ дала,

Аппақ ауыл, қала.

Жапалақтап ақша қар,

Жауа берсін, жауа.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Шаттық шеңбері

Педагог балаларды шеңберге тұрғызады.

Бір шаңырақ астында

Тату – тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Ортақ болып ісіміз,

Еңбек десе тынбаймыз!

(Н. Айтов)



Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың қутыңдайсың.

Бірақ, менен құтылмайсың

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-


Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!,

Жаса, жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн!

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Шаттық шеңбері

Үлкен сыйлап кішіміз,

Аға ақылын тыңдаймыз

Достықты үлгі сынаған.

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата-бабадан,

Бірлік – асыл мұрамыз.

(Н.Айтов)


Физминутка

Қоян, қоян, тұршы,

Беті-қолды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Әйбет көйлек киші,

Енді сергіп жүрші.



Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.



Шаттық шеңбері

Барлық жанға жолыққан

Амандасып жүргейсің,

Адамдықты ту етіп,

Адал өмір сүргейсің.

(Е. Өтетілеуұлы)

Сергіту сәті:

Моншақтарды алайық,

Мойнымызға тағайық.

Дөңгелене би билеп,

Көңілденіп алайық. (Ф.Н.)

Шаттық шеңбері

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір-тірегің.

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Ағаң – қамқор асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Қарындасың – қанатың,

Ел-Отаның – жаннатың.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!




Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.



Сергіту сәті.

Балық болып жүземіз,

Шынығамыз суда біз.

Шынықсақ біз бәріміз,

Шымыр болып өсеміз.



Сергіту сәті:

Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Біз тынығып алайық.

Шаттық шеңбері.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған,

Сонша әсем, сонша бай,

Ағаш бар ма шыршадай!


Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Дән шашайын, тойып ал,

Суыққа сонда тоңбайсың.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-



Қуыр – қуыр- қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Тауықтарға тары шаш,

Әжең келсе, есік аш.

Психологиялық сәт.

Шаттық шеңберіне тұрғызады:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы-

Достығымыз жарасқан.

Шаттық шеңбері

Ана тілің- ертегің,

Ана тілің- өркенің.

Ана тілің- ертеңің.

Қадірле ана тіліңді –

Сонда ашасың гүліңді.



Шаттық шеңберінде төмендегі өлеңңді айтқызу.



Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.





Сергіту сәті.

Айналайын торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тар болып тұр аула,

Тысқа шықты заула.





Сергіту сәті.

Мысық, мысық ұйықтайды,

Тышқан, тышқан жорғалайды: пи,пи,пи.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақты қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз!



Сылдырмақ

Сылдырмақ сылдырлап,

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап,

Сылдырмақ ұрады,

Бас салып, қолға алып,

Ауызға салады.

Сол кезде сылдырмақ

Сөйлемей қалады

----------------------

Орнымыздан тұрамыз

Күнге шаттана қараймыз,

Қуана қолымызды соғамыз ,

Осылай күнге жылу шашамыз.

-------------------------

Сергіту сәті.

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті-қолын жуады.

(мысык)

--Қуыршақ---

Апам маған дүкеннен

Бір қуыршақ әкелді.

Ерегіспес үлкенмен,

Мазақтамас бөпемді.

Ойнатамын оны мен,

Жылатпаймын түртіп те.

Ең жақсысы менімен

Таласпайды конфетке.

Адырбек Сопыбеков.



Сергіту сәті:

Күнге қолды созамыз,

Күндей жарық боламыз.

Айға ұшып барамыз,

Айдан сәлем аламыз!

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

Бақша – біздің үйіміз,

Тату - тәтті жүреміз.

Баулып апа, ағамыз,

Құстай қанат қағамыз.

Жақсы болып өсуге,

Біз тырысып бағамыз











Сергіту жаттығуы:

«Қуыршақ» 

 

Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ па, қуыршақ?

Аяғың бар ма, сен неге,

Жүре алмайсың, қуыршақ?

Жұмсағанда сен неге,

Тіл алмайсың, қуыршақ?

Біз күлгенде күлмейсің,

Аңқаусың ба, қуыршақ?

Бізбен бірге жұрмейсің,

Жалқаусың ба, қуыршақ?

(Р.Тышқанбаев)



























































Қане, балалар, қоянмен бірге қимыл қайталайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді.





Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.







Алақанды алайық,

Алақанды соғайық.

Солға қарай қарайық,

Оңға қарай қарайық.

Айнала бұрылайық.

Орнымызға отырайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанеки, бәріміз,

Сәлем, дейік үлкенге!





Сәлем саған Алтын Күн,

Сәлем саған Жер Ана,

Сәлем саған достарым

Сәлем саған ұстазым.











Потрудились – отдохнем.
Встанем, глубоко вздохнём.
Руки в стороны, вперед,
Влево, вправо, поворот.
Наклониться, прямо встать,
Руки вниз и вверх поднять.
Руки плавно опустили,
Всем улыбки подарили!

дәрігер- врач, аспазшы- повар, шаштараз- парихмахерская, құрылысшы- строитель, жүргізуші- водитель, тәрбиеші- воспитатель, мұғалім- учитель.

Знакомит со скороговоркой:

Нам, полярникам отважным ,

Простужаться не положено.

Чтобы стужи не бояться,

Закаляться стал мороженым!

Бақшамызға барамыз,

Жаңа достар табамыз.

Сәлеметпе сен,сен,

Доспыз енді сенімен.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!