Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелдік жалғауларды қайталай келе, тәуелдеулі септелуді меңгеру.
Дамытушылық: Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту, сөз қорын молайту, отбасы туралы білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әдептілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын ояту, саналы мүшесі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалог, монолог, кластер, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, сөзжұмбақ, интеративті тақта, оқулық, мақал- мәтел.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме?
Сыныпта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
ІІ. 5- сыныпта өткенді қайталау.
«Өзім туралы» тақырыбына диалог өткізу.
Танысу****туған жылы ,айы , күні,***туған жері***мекен- жайы***ұлты***оқытын мектебі, сыныбы***бос уақыты***ермегі
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Балалар,мынау өлең жол арқылы , бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашайық.
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.
Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.
Ұлдардың кішісі -
Бір туған інім бар,
Қыздардың кішісі-
Бір туған қарындас
Әпкеге – сіңілі бар.
- Сонымен, бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай? (отбасы)
Тақтаға назар аударайық ( сұрақтар берілген, бір оқушы сұрақты оқып, екінші оқушы жауап береді)
Сенің отбасың бар ма?
Сенің отбасың қай көшеде тұрады?
Отбасында неше адам бар?
Сенің әжең-атаң бар ма?
Әжеңнің аты кім?
Сенің әкең қайда жұмыс істейді?
Сенің отбасың қандай?
Отбасың қай қалада тұрады?
Сенің апаң, ағаң бар ма?
Сенің шешең неше жаста?
Отбасы мүшелеріне сипаттама беріңіз.
Үлгі:Менің шешем сұлу, елгезек әйел.Ол ақылды ,білікті маман. Ол жұмсақ мінезді, қайырымды адам,бірақ қатал.Ол әділ адам.
Слова подсказки:әке- шеше, ұлты, ата- әже, іні, келін, жұмысшы, тұрады, құрметтейді, немере, жиен, сіңілі,зейнеткерлер, ауыл, қарындас
оқушы
семья, дедушка
папа,.бабушка
мама, дружно
живут, рабочий
дом,уважает
деревня, брат
пенсионер, ученик
Осы сөздерді байланыстырып, сөйлемдер құрастырып,өз отбасы туралы әңгімелеңіздер.
(1-2 оқушы отбасы туралы монолог айтады)
2. Грамматикалық тақырып. Тәуелдеулі септеу.
Түбір сөзге тәуелдік жалғау жалғанып, одан соң септік жалғаулары жалғанған сөздерді айтамыз. Тәуелденген сөздің септелу үлгісіне назар аударып, үлгі бойынша мысалдар келтіру.
IV. Қорытынды.
2-тапсырма.
Сөздерді қолданып диалог құрастыру.
- Балалар, біз үлкен адамдарды құрметтеуіміз керек, сыпайы болуымыз керек.
Ал кім отбасы туралы мақал-мәтелдер біледі? (оқушылар білетін мақалдарды айтады)
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
Рефлексия.
1. Міне сабағымыздың тақырыбы қандай болды?
2. Сабақта не істедік?
3. Үлкен кісілерді не істеу керек? (құрметтеуіміз керек, сыйлауымыз керек)
Үйге тапсырма : Отбасы туралы шағын эссе жазу. Тәуелденген 1 сөзді септеу.
Бағалау. Рефлексия.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері.
Білімділік: Отбасы мүшелерімен таныстыру, оларды атай білу және жаңа сөздер арқылы сөйлем құрай білу.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Туған туысты, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреті, сөздер, тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті дайындау. Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, сабаққа дайындықтарын сұрау.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Отбасы мүшелерін білу, сөздермен сөйлем құрастыру, үлкенді сыйлап кішіні құрметтей білу.
III Жаңа сабақ .
Сөздікпен жұмыс
Отбасы мүшелерін таныстыру
Сөздермен танысу: Сөздерді өз беттерімен үш қайтара оқып шығады. Содан дауыстап оқиды, әр оқушы оқиды да дәптерлеріне жазып алады.
Тақтадағы суретке қарай отырып отбасы мүшелерін дауыстап атау, оқушыларға оқыту, таныстыру. Осы сөздермен сөз тіркесін құраймыз.
Сөз тіркестерін оқушылар атайды, бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерлеріне жаза отырады. Мысалы: атам зейнеткер, менің әкем.
1-тапсырма.
Мәтінді негізге ала отырып, өздерінің отбасылары туралы шағын әңгіме құрау.
4-тапсырма.
Мәтіннен тәуелденіп барып, септік жалғауы жалғанған сөздерді табу.
Әкемнің,анамның, анама.
Сергіту: Ана туралы өлең оқу.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Сенің отбасың үлкен бе?
- Отбасыңда қанша адам бар?
- Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс ісдейді?
- Отбасы мүшелері немен айналысады?
5-тапсырма.
Мәтінді оқып, неше отбасы мүшесі туралы айтылғаны жөнінде диалог құру.
VI Сабақты қорытындылау: Ережені үш оқушыдан тағы сұрап шығу. Бүгінгі отбасы мүшелерін суретке қарап атаңдар. Үш оқушы сөздерді оқиды.
Тәуелденген сөздерді септеу.
Үйге тапсырма; 6- ші тапсырма . 5-бет.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: «Әже».
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Ф. Оңғарсынова туралы мағлұмат бере отырып, “Әже” өлеңінің мағынасын ашу. Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге дағдылану, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрену.
2. Оқушылар ой - өрісін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Әженің еңбегін қадірлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, әжелерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс тәсілі: Қызығушылығын ояту, проблемалық ізденіс, ситуациялық талдау.
Көрнекілігі: Әженің суреті, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, топтық тапсырмалар, тест тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика, қазақ тілі.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі;
а) Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
2. Үй тапсырмасын тексеру;
а) сұрақтарға жауап беру барысында, мәтін бойынша ойларын тыңдау.
ә) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бекіту;
Атырау обл. Ақиық ақын
Новобогат ауд
Манаш ауылы Мәжіліс депутаты
1) Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5 - желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін сол облыстың Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
2) Оқулықпен жұмыс
3) Мақалдың мағынасын ашу
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Күн - Ана
1- тапсырма.
Жұмбақтарды шешу.
5) “Әже» өлеңін мәнерлеп оқып беру
1- тапсырмадағы берілген жұмбақты пайдалана отырып, «Сендердің әжелерің не істей алады?» деген сұраққа жауап беру.
4. Сергіту сәті.
5. Дәптермен жұмыс.
грамматикалық тақырып бойынша, ережемен танысып бірнеше мысал келтіру.
6. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. «Әже» тақырыбында эссе жазу.
2 - топ. 4 жол өлең құрастыр:
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін
........... ........................... ,
............ ............................ .
(Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру)
IV. Қорытындылау.
- Кім әжесін жақсы көреді?
- Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды?
- Әже еңбегін қалай ақтар едің?
Бағалау. Үйге тапсырма:4-тапсырма 6-бет. мазмұндау.ереже бойынша мысал келтіру.
Сабақтың тақырыбы: Айналайын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мейірімділік,бауырмалдықты білдіретін сөздермен танысып, қолдану барысында, сөйлем құрастыру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту .
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Туған туысты, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге баулу. Мейірімділікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреті, сөздер, тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті дайындау. Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, сабаққа дайындықтарын сұрау.
а) Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтінді мазмұндап, ойларын айту. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.
III Жаңа сабақ .
1.Жаңа сөздермен жұмыс.
Сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.
2. 5- тапсырма.
Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен деңгейлік тапсырмалар орындау. ІІІ деңгей.
Мәтіннен ілік септікте тұрған сөзі бар сөйлемді тауып, көшіріп жазу. (1 және соңғы сөйлем. Сөздер: сөздерімнің, кеудесінен, әжемнің)
Сызба бойынша бірнеше сөйлем жазу.
ІІ деңгей
Дұрыс немесе бұрыс сөйлемдерді табу.
1- бұрыс, 2-бұрыс, 3- дұрыс
І деңгей
Сұрақтарға жауап бере отырып, «менің отбасымдағы құдіретті сөз» атты шағын мәтін құрастыру.
IV. Қорытынды.
Әже сөзін тәуелдеп, септеу.
Бағалау. Үйге: «Әже» шағын эссе
Сабақтың тақырыбы:Азаматтың арманы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелді, меншікті мағына беретін сөздердің құрамын біліп, сөйлем құрастыру барысында қолдана алу .
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту. Мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Анаға деген сүйіспеншілігін жеткізе біліп, ән айтып тебіренту . Мейірімділікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап, ән айту.
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреті, сөздер, ән сөздері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өз әжелері туралы шағын эссе
Жаңа сабақ:
1.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
2. Сөздік жұмысы.
Адамзат – человечество
Пана –защитник, покровитель
Шырақ – светило
Ыстық бұлақ – родник, горячий источник
Жан құрбы – близкая подруга
Тапсырма
Өлеңді сөздіктің көмегімен оқу.
Сөздердің синонимдерін айту.
Грамматикалық тақырып.
2-тапсырма.
Ережемен танысып, есте сақтау.
Мысалдар келтіру.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа, адамға тәуелді, меншікті екенін білдіре отырып, өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады. Мысалы : ананың алақаны, әкемнің сөзі.
Тапсырма: 1-т. өлеңнен ережеге байланысты сөздерді табу, көшіріп жазу. Адамзаттың анасы, сәбилердің панасы.
Сергіту жаттығу.
Анаға сәлем
Әні Е. Хасангалиев
Сөзі Ө. Иманәлиев
Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзінді.
Сәбилік үніммен,
Арнаймын сөзімді.
Қайырмасы:
Көргенше алаңмын,
Ансаймын толғанам.
Қабыл ал, балаңның
Сәлемін жолдаған.
3-тапсырма.
1) Мәтінді оқып, аудару.
2) Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. Мәтін бойынша «даналық ағашы» ойыны.
Ойыннын шарты:
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұкият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды.
Диалогты аударып, өз сұхбаттарын құрастырады. Дайындыққа 8-10 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тындау.
Қорытынды
Дәптермен жұмыс. 4-тапсырманы орындау.
Мәтіннен алынған сөздерге тәуелдік және ілік септік жалғауын жалғап байланыстыру. Олардан сөйлем құрастыру.
Үйге тапсырма.
9-б. Сөздерді жаттап, сөйлемдер құрастыру .1-тапсырма. Әнді қайталау.
Бағалау. Рефлексия.