Просмотр содержимого документа
«Серуен картотекасы»
Серуен № 3 «ҚЫС»
Желтоқсан айы, 1-ші апта.
Бақылау: Алғашқы қар жауып жатқанын бақылау. Жерде мұз пайда болады. Қар өқандай? Ақ, жұмсақ, салқын.
Еңбек: Сырғанақ, карусель үстіндегі қарды ойыншық күрекпен алып тастау.
Қимылды ойын: «Қардан үй жсасаймыз» . Балаларға қардан үй жасауға ұсыныс жасау. Қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалау.
Көркем сөз:
Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түсіді
Даланы ақпен жабады
(қар)
Серуен № 4 «ҚЫС»
Желтоқсан айы, 2-ші апта.
Бақылау: Балалармен желді бақылау. Жылы жел, қатты жел, боран деген түсініктермен таныстыру.
Еңбек: Қыстап қалатын құстар жайлы түсінік беру. Қыстап қалатын құстардың ұясына тамақ салу.
Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық». Балаларды қолдың астынан өтуге, шапшандылыққа, дыбыстарды зейінмен тыңдау.
Көркем сөз:
Гуілдейді құлаққа,
Оны ешкім көрмейді.
(жел)
Серуен № 3 «ҚЫС»
Желтоқсан айы, 1-ші апта.
Бақылау: Терезеден даланы бақылау: жаңбыр құйып жатыр, далада жүруге болмайды. Жаңбыр жерге түсіп жатыр, барлығын дымқыл қылып жатыр.
Еңбек: Белгілі бір учаскіде гүлдерге су құю.
Қимылды ойын: «Мен жүргізушімін». Тәрбиеші бір жүргізуші, бір кондуктордытаңдайды. Қалған балалар жолаушылар. Көлікке мінер алдында жолаушылар билет(жұлдызша) беруі тиіс. Жұлдызшаларды тәрбиеші жасырған жұмбақты шешкен балаға табыстайды.
Көркем сөз:
Жабағыны ұшырдым,
Жерге моншақ түсірдім.
(жаңбыр)
Серуен № 4 «ҚЫС»
Желтоқсан айы, 2-ші апта.
Бақылау: Балаларға жалпы қыс туралы түсінік беру. Айнала аппақ, қар күннің арқасында жылтырлап әдемі болып жатыр. Қар айналадағы барлық заттарды, ағаштарды, шатырды жабып тастады.
Еңбек: Сырғанақ, алаң, карусельді ойыншық күрекпен тазарту.
Қимылды ойын: «Дүкен». Серуен кезінде ойналады. Бір сатушы тандалады. Қалған балалар сатып алушылар. Қалаған зат, мысалы(алма) сұраса, дүкенші қардан сол затты жасап береді.
Көркем сөз:
Қыстағы қар-жерге ырыс,
Жердегі ылғал-елге ырыс.