Сыныбы | 10 «А» сынып, қазақ әдебиеті |
Сабақтың тақырыбы | Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы |
Күні | |
Сілтеме | Оқулық, бағдарлама, электрондық оқулық, «Мұғалімге арналған нұсқаулық». Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым. |
Жалпы мақсаты | 1.Білімділік: Ш.Құдайбердіұлының “Еңлік-Кебек” поэмасын жан-жақты талдау. Көркемдік ерекшелігін тану, образдар жүйесін ашу. 2. Дамытушылық: Өз беттерімен проблема шешуге, қорытынды жасай білуге, бағалау дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық ой-өрістерін жетілдіруге ықпал жасау. 3. Тәрбиелік. Шығарма идеясы арқылы өзекті мәселені бірлесіп шешуге, өз ойын батыл айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Негізгі мақсаттар | Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру; Тақырыпты өз ізденістерімен түсіну дағдыларын қалыптастыру; Бір-бірімен әңгімелесу арқылы білім алуға үйрету. Өзара білімдерін бағалай білуге ынталандыру. |
Оқыту нәтижесі | Шәкәрім Құдайбердіұлының өскен ортасын біледі, Шығыс әдебиетімен байланысы қай жылдардан басталғанын түсінеді. |
Түрі | Lesson Study сабағы. |
Әдістер мен тәсілдер | Топпен жұмыс, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, сын тұрғысынан ойлау, «Кітайша ет, еркін жазу, топтастыру» әдістері. |
Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Уақыт 45 минут. |
1-тапсырма. Мақсаты: топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. | 1.«Шетелдік амандасу» тренингі. 2.Дене шынықтыру сабағында қалай сапқа тұрасыңдар, солай тұру, сол арқылы 1,2,3-ке саналу. 1-топ. 2-топ. 3 топ. | 2 минут. |
2-тапсырма. Мақсат: электрондық оқулықтан тыңдай арқылы білімдерің толықтыруға үйрету. | «Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы» электрондық оқулықтан тыңдау. | 5 минут. |
3-тапсырма. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы, ағарту-шылық бағыттағы өлеңдері туралы білу. Мақсат: оқушыларды бір-біріне бейімдеу. | «Қытайша ет» әдісі. 1-топ-Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі. 2–топтың жұмысын тексереді. Дұрыс болмаса, қызыл пастамен түзетеді. Жетіспесе толықтырады. 2-топ-Шәкәрім Құдайбердіұлының 1 өлеңін жатқа айту. 3-топтың жұмысын тексереді. 3-топ-Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы. 1-топтың жұмысын тексереді. Топ жұмысының бағалануы Еш қате болмаса «5» ; Бір қате болса , «4»; Екі қате болса, «3»; Үш және одан да көп қате болса «2» қойылады. Тексерілгеннен кейін оқушылар тапсырманы дәптерге жазады. | 10 минут. 3 минут. |
4-тапсырма. Поэмаларындағы өзекті ойды түсіну. | «Еркін жазу» стратегиясы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының мазмұнын жазу. | 10 минут. |
5-тапсырма. Поэмаларын салыстыра алады, поэма-ларындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажырата алады. | «Топтастыру» стратегиясы. Постерге «Шәкәрім Құдайберді-ұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын» топтастырады. | 7 минут. |
Бағалау. Өзін-өзі бағалауға ынталандыру. | «Смайликтер» арқылы бағалау. | 3 минут. |
Үйге тапсырма. | Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын толық оқып келу. | 1 минут. |
Рефлексия –қорытынды. Ұлттық бірыңғай тестке дайындық. | Тест кітабынан Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған сұрақтарды тауып, оқу. | 4 минут. |