ЖОББ Семиглавый Мар мектебі
Музыкалық кеш
Дайындаған: музыка пәнінің мұғалімі:
А.А. Бекешева
2016-2017 оқу жыл
«Шәмші әндері» әдеби-музыкалық салон
Өтетін орны-музыка залы
Уақыты-11.02.2011ж сағаты:16.00
Жауапты: А.А.Бекешева.
Жүргізуші: Иделбаева. Нургуль.
Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың әндерін кеңімен танытып дамыту, әндерін насихаттап, қазақ өнер-мәдениетіне патриоттық сезім қалыптастыру.
(1слайд)1ж.2ж.-(бірге) -Саләматсыздарма құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар.
(2слайд)1ж.- Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді. Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын.
2ж.-Құрметті әнді қадір тұтатын қауым, бүгіңгі күні музыкалық кешімізіді Шәмші ағамыздың әндерін еске алу кешіне қош келдіңіздер!.
1ж.-Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да көп тұрмады
Көрген білген өкінді
Мін тағар жан болмады
Ғ.Құрманғалиев -айтқандай
2ж.-Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кетті.
(3слайд)1ж.- Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған.Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. Әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікпен әуестігі жоқ адам. Табиға дарындылығы, қасиеті анасынан, нағашыларынан дарыған.Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді.
(4слайд)2ж.Қазақ бар жерде Шәмші бар,
Жасайды бізбен мәңгілік.
Шырқалса, Шәмші әндері
Атқандай еді таң күліп.
Сұлу Арыс сулары,
Еркелеп ағар тербеліп.
Ғашықтар жүрді жағада
Жүрекке әнмен дем беріп.
(5слайд)1ж.-Консерватория қабырғасында жүргенде жарыққа шыққан «Жүрек сыры», «Қыз сағынышы», «Қарақөз», «Арман», «Қайықта» , « Ақ бантик», әндері жатады. Обкомның үшінші хатшысы үйленетін болып , үйленетін қызы мектепті жаңа бітірген жаз қыз екен. Соларға арналып «Ақ бантик» әні дүниеге келген. Шәмші , Мұхтар ага екеуі ақылдасып «Біздің тартуымыз» деп «Ақ бантик» әнін орындап берген.
1)--8 сынып оқушысы Фидотова. Настияның орындауында «Ақ бантик» әні
(6слайд)2ж.- Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шүғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда оқыды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді.
1ж.- Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше . Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды.
(7слайд)2ж.59-60 жылдары жазылған Жамал Омарова «Қайықтаны», «Ақ маңдайлымды» Роза Бағланова, «Қаракөзді» Әнуарбек Үмбетбаев бірінші рет орындап шыққан.
2) «Қайықта» әнін 5 сынып оқушысы Имангалиева. Самал орындап береді. Қабыл алыңыздар.
(8слайд)2ж.-60-63жылдары Шымкент қаласында тұрған кезде достары Шәмшіге «Ел, туған жер туралы ән жазсаңшы» деп , соны желеу етіп пианиноны сыйлыған. Сөйтіп «Арыс жағасында» әннің бірінші әуені дүниеге келіп, кейін Мұхтар Шаханов сөзін жазды.
1ж.-Әнді де кезінде өкімет қиянаттың қыспағына алып, радиоға, теледидарға жібермей қойыпты. Сол кезде Ескендір Хасанғалиев пен Нұрғали Нүсіпжанов студияға кіріп жасырын түрде өлеңді радиоға жазып, биліктің рұқсатынсыз радиодан жіберіпті.
3) 3 сынып оқушысы Курманиязова. Зинептің «Арыс жағасында» әнімен қарсы алыңыз.
(9слайд)1ж.-Шәмші ағамыздың зайыбы Жәмиля апайдың жолдасының еске алып айтқаны: -«Шәмші екеуміз 1957 жылдың күзінде Алматыда таныстық. Мен 24-те болсам, ол 26 жаста еді, консерваторияның студенті болатын. Ал мен тігін ательесінде жұмыс істейтінмін. Киноға, би алаңдарына жиі барып жүрдік. Сондай күндердің бірінде ол маған арнап ән жазатынын айтты. Содан мен оның әнін күтіп ұзақ жүрдім. Бірақ қашан жазасың деп қадалып сұраған жоқпын. Біз үш-төрт жыл жүріп барып шаңырақ көтердік. Яғни екеуміздің де жасымыз отызға таяп қалған-тұғын. Сондықтан ол: «Жәмиланы өзім қолдан қартайтып алдым» деп әзілдейтін.
(10слайд)2ж.– Бір күні Жамиля апайға Шәмші ағамыз: «Саған арнап ән шығарып қойдым, ұнамаса ренжіме. Егер көңіліңнен шықса рахметті алдымен Мақсұтбек Майшекинге айтарсың, өйткені сөзін жазған сол», – деді. Аккордеонды қолына алып, «Бәрінен де сен сұлуды» орындай жөнелді. Шынын айтсам, сол кезде онша мән бермедім бе, әйтеуір: «Сол-ақ па?» – дедім. Ол саспастан: «Ұнамады ғой білем. Асықпа, мен саған басқа ән арнаймын. Бұл әнімді жақында Ілия Жақанов той жасайын деп жатыр, соған тарту етемін» – деген. Кейіннен бұл ән қаншалықты танымал болғанын өзіңіз де білесіңіз.
(11слайд)4 )Алдарыңызда «Бәрінен де сен сұлу» әнімен 10 сынып оқушысы Жанакова. Әйгерімді қарсы алыңыздар.
(12слайд)1ж. -Шәмші Алматыда үйсіз, күйсіз жұмыссыз қиналып жүрген кезінде ауылдан анасы Сақыпжамалдың қайтыс болғаны туралы хабар алады. Бұл 1958ж еді. Сонда Шәмші үйіне жететін ақша таба алмай қатты қиналыпты. «Ана туралы жыр» әні сол кезде туған ән еді. Оны Шәмші ағамыз парктің ішінде қайғырып отырып шығарған екен.
5)-Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазған «Ана туралы жыр» әнін 6 сынып оқушысы Тоқсанова. Әсия орындап береді.
(13слайд)2ж. 1965 жылдары Шымкент қаласында тұрған кезі. Осы кезде Нұрсұлтан Әлімқұлов Сарыағаш шипа жайында демалуда , Шәмші аға үйінде екеуі кездесіп «Қайдасың» әнін өмірге әкелген. Осыған күәгер болған Шәмші ағаның інісі Қадыр Қалдаяқов .Сол кездерге «Әнім сен едің», «Кешікпей келем деп ең» әндері жатады.
1ж.- Шәмшінің әнін шырқасаң атар таң күліп,
Жүректе қалар әуендері мәңгілік.
Жылы нұр сеуіп жаныңа ләззат беретін
Әндері-ай шіркін, Шәмшінің кетті жаңғырып!
(14слайд)6) 7 сынып оқушысы Баталова. Лилиананың орындауында «Әнім сен едің» әні
(15слайд)2ж. -Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». «Тамды аруы» деген әні Алматы-Бішкек тас жолында туған. Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің», «Кешікпей келем деп ең» әндерінде ерекше аңсау , терең толғау бар.
7)4 сынып оқушысы Абатов. Дигдардың орындауында «Кешікпей келем деп ең» әні
(16слайд)1ж.-“Сыған серенадасы” ойдан шығарылған дүние емес. Жалт етпе жастық дәуренінің ең бір елеулі де, қалаулы тұсы болар бәлкім… Аз күн болса да армандай азат әлемнің ішіне еніп үлгерген елгезек жігіттің ғажайып түс көргендей осынау бір қас қағым сәттік алай-дүлей сезім төңкерісін сол жігіттің өзіне неге қимаймыз?
2ж.-Сыған қызына ғашық болыпты деген де осы сөздерден шықты. 1959 жылы Шәмшіні консерваториядан шығарып жіберген сәттерде Жамиля апай –жұбайы сән ательесінде жұмыс істеген. Шәмші-аға жұмыстан кейін күтіп алатын. Сол кезде көше бойында сығанның қыз-келіншектері толып жүретін. Әрине, адам болған соң бір-екі ауыз сөйлесіп, әңгімелескендері бар шығар. Бірақ ғашық болды деп даурығудың жөні жоқ. Бұл туралы досы Қалаубек Тұрсынқұловтың естелігінде: «Шәмшіні сыған қызымен еріп кетті дегені өтірік. Ал театрдағы қойылым көркем туынды ғана», –деп жазылған.
(17)8)«Сыған серенадасы»-7 сынып оқушысы Баталова Лилиананың орындауын тамашалайық
(18слайд)1ж. -Ауылға ат басын бұрған бір сәтінде Арыстан әрі асып, Сыр анасына барған Шәкең оның жағасына атшалдыра мұңайып тұрып:
“Есімнен шықпас сірә да,
Айналайын, Сыр ана.
Мендегі әнді айтсаң да,
Мендегі халді сұрама.
Ішейін десем тұздайсың,
Түсейін десем мұздайсың.
Сыңси да сыңси жат елге
Баратқан ұзап қыздайсың…” деген екен.
(19слайд)2ж.-Сол 70 жылдарға «Жұбайлар жыры», «Сыр сұлу » әндері жатады.Негізінде «Сыр сұлу» әні Қызылорданың Сырдариясына арналған ән.
(20слайд)1ж.-Шәмші ағаның «Бақыт құшағында» әні ұлы Әбілқасым бір жарым жасқа толғанда жазылған. Әннің тууына орай сол күні отбасында кішігірім той болды. Шәмші ерекше шаттанып жүрген себебі – баласының өмірге келгеннен бері, яғни бір жарым жылдан бері толғағы жетпей жүрген дүние екен. Сөзін жазуға Нұтфолла Шәкеновке тапсырма берді. Ол кісінің жазған өлеңі әнмен үйлеспеді мекен, кейіннен Тұманбай Молдағалиевке басқа сөз жаздырды. Әнді алғаш болып Рашид Абдуллин орындады. Ендеше бүгіңгі кешімізде осы әнді қарсы алыңыздар.
(21слайд)9) 5 сынып оқушысы Нуртазина Аидинаның орындауында «Бақыт құшағында»
(22слайд)2ж.-Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі құрметті атағы берілді. Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады.
Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз.
(23слайд)1ж.-Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді.
(24слайд)10) «Ақ ерке-Ақжайық» әнін 5 сынып оқушысы Имангалиева. Самал орындап береді
(25слайд)2ж. -Көп адамдар «Шәмші әндерін мандолинмен шығаратын еді» дейді. Шәмші көшеде ыңылдап келе жатып та, фортепьянода ойнап та шығаратын. Ән жазып болғаннан кейін көңілі жадырап, балаша шаттанатын. «Жәмила, тыңдашы, мынадай ән шығардым», – деп бірнеше мәрте орындап беретін болған.Әсері сонша, ол әндерді мен де лезде жаттап алатынмын. Бір қызығы, Шәмші өз әндерінің өлеңін дұрыс білмейтін. Қонақтар келгенде «сен айт, мен айтпен» ақыры әнін фортепьянода орындап беретін. Бүгінде ел аузында жүрген әндердің бірінші тыңдаушысы болғанымды өзімше мәртебе санаймын. Сол үшін де бақыттымын.» деген Жамиля апай
(26слайд)1ж.--Достыққа адал, адамгершілігі мол, ақкөңіл еді мінезі. Өзіне ерекше тартып тұратын, сөйлескен адамын еріксіз баурап алатын қасиеті бар болатын. Сол үшін оның жанында жүруге құмартатындар көп еді. Сөзі мәнерлі, әңгімесі әсерлі болатын. Еттен жасалған тағамдарды сүйсініп жейтін. Біреуді жамандау деген оған жат нәрсе еді. Балаларына мейірімді болды. Екі ұлының атын да өзі қойды. Әбілқасымды – Әбілқасым Фирдоусиге, Мұхтарды – Мұхтар Әуезовке ұқсасын деп ниет еткен. Екеуі де өнерден алыс кеткен жоқ. Үлкені – пианист. Екіншісі қазір Абай атындағы опера және балет театрында дирижер болып жұмыс істейді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар. Екеуінен төрт немерелері бар.
(27слайд)2ж.--1992 жылдан бері елімізде сазгерлер мен әншілердің Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестивальдері өткізіліп жатыр. Ш.Қалдаяқов туралы қаншама естеліктер жазылып, кітаптар шығарылып жатыр, ескерткіш орнатылып, көшелер мен оқу орындарының аты берілді, деректі телефильм түсірілді. Шәмші әндерінің әндер жинақтары шықты. “Шәмші” журналы шығып жатыр. Жыл сайын Алматыда екі рет, Астанада екі рет Шәмші әндеріне арналған дәстүрлі концерттер өткізіліп жүр. Қалдыбек Құрманәлі «Шәмші» журналының бас редақторы, композитор Шәмшіге арнап ән шығарды
(28слайд)11)Қалдыбек Құрманәлінің «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әні -орындайтын 7-6 сынып оқушылары Лилиана, Асия.
(29слайд) 1ж.-Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» “Теріскей”, “Өмір өзен”, “Отырардағы той”, Туған жермен қоштасу”“Сағынышым менің” «Мойынқұмда ауылым», т.б. секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады.
(30слайд)2ж. Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады. “Ұлық болсаң, кішік болдың” қарапайым ғана бір үлгісіндей Шәмші Қалдаяқов ғұмыры біреуге аңыз, біреуге ән, біреуге ақиқат…
(31слайд)1ж.-1956 жылы Ақмола қаласы «Целиноград» атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жүрген кезі екен. Қазақ жері осылайша бөлшектенгелі жатқанда, оның асқақтағын жырлайтын әнұран қажеттілігін сезіп 25 қазанда «Менің қазақстаным» әні туды.
(32слайд)2ж.-Сол кездегі өкімет басындағылар Ш.Қалдаяқовқа коммунистік партияны мақтап ән жаз деп тапсырма береді. Сонда Шәмші ағамыз Жұмекен Нәжімеденов екеуі бірігіп «Менің Қазақстанымды» жазып апарып береді. Әнді дайындап апарған кезде «мынау өлеңіңнің ішінде партия туралы бір де бір сөз жоқ қой, мынаны қабылдамаймыз, кейбір сөздерін өзгертіп партияны кіргіз» деп өлеңін лақтырып жібереді. Сонда Шәмші ағамыз «менің әндерім халқыма ұнаса болды, партияға ұнамаса қойсын» депті де бір сөзін де өзгертпестен қалдырыпты. Тіпті ол өте көрегендікпен «Бұл ән қазақтың әнұраны болады» деп айтыпты.
1ж.-Ал, 2006 жылдың қаңтар айында халық қалауы болған «Менің Қазақстанымның» кейбір сөздеріне түзетулер енгізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған қазақтың ұлы сазгері, ән падишасы, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқов.
Менің Қазақстаным» орындалады. Сахнаға орындаушылардың бәрін шақырамыз.(Әнұран айтылады).
33,34,35,36,37слайдтар
2ж.-Біз, бүгінгі ұрпақ Шәмші рухының алдында әлі көп-көп қарыздармыз. Осымен «Шәмші әндері» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Саусаләматты болыңыздар!