СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шала өткізгішті диод және оның қолданылуы

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары пайдаңызға жараса қуаныштымын әріптестер.

Просмотр содержимого документа
«Шала өткізгішті диод және оның қолданылуы»



Сабақ тақырыбы: §51. Шала өткізгішті диод және оның қолданылуы.

Сабақ мақсаты:

1. Шала өткізгіштердегі электр тогы ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, шала өткізгішті диод, оның қасиеттері және атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар:



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Шала өткізгшітер деген не?

  2. Олардың меншікті кедергісі қандай аралықта болады?

  3. Шала өткізгіштердің меншікті кедергісі температураға, жарықталынуға қалай тәуелді?

  4. Кемтіктік қоспалы өткізгіштік деген не?

  5. Электрондық қоспалы өткізгіштік деген не?

  6. р-типті шала өткізгіштер деген не?

  7. п-типті шала өткізгшітер деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шала өткізгішті диод деп қарама-қарсы жақтарына тізбекке қосу үшін контактілер жалғастырылған, электронды-кемтіктік ауысу болатын шала өткізгішті кристалы бар құрылғыны айтады.



Шала өткізгішті диод екі бөліктен тұрады. Оның бір бөлігі –кемтіктік, ал екіншісі –электрондық өткізгішке ие.

Ә -суретте шала өткізгішті диодтың шартты белгісі.



Ток көзінің оң полюсін шала өткізгіштің элктрондық өткізгіштігі бар бөлігімен, ал теріс полюсін шала өткізгіштің кемтіктік өткізгіштігі бар бөлігімен жалғасақ, диод арқылы ток өтпейді. Диодты осылай қосу кері қосу деп аталады.Кері қосуда ток көзінгің электр өрісі кернеулігінің бағыты элеткронды –кемтіктік ауысудың электр өрісі кернеулігінің бағытымен сәйкес келеді. Қорытқы өрістің кернеулігінің күштілігі сонша, ол арқылы электрондар мен кемтіктердің өтуі тоқталады. Аймақтардың шекарасы тұсында пайда болатын электр өрісі электронды-кемтіктің ауысу өрісі немесе жапқыш өріс делінеді.



Диодтың з-типті шалаөткізгіші ток көзінің оң полюсімен, ал п-типті шалаөткізгіш –осы ток көзінің теріс полюсімен жалғанса, ток көзінің электр өрісі р-п ауысудың жапқыш өрісін әлсіретеді. Осының нәтижесінде кемтіктер мен электрондар бір жақтан екіншісіен өтеді және тізбекпен электр тогы жүреді. Диодты осылай қосу тіке қосу деп аталады.

Шалаөткізгішті диод бір жақты өткізгіштікке ие және көбіне айнымалы токты түзету үшін қолданылады.

IV. Пысықтау.

  1. Шалаөткізгішті диод деген не?

  2. Оның қасиеттері қандай?

  3. Ол қандай қызмет етеді?

  4. Шала өткізгішті диод неге бір жақты өткізштікке ие?

  5. Электрондық –кемтіктің ауысу нені білдіреді?

  6. Ол қандай процесс арқылы құрылады?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§51.
























































































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!