Просмотр содержимого документа
«Шалкан ертегісі»
Тақырыбы: Ертегілер елінде
«Шалқан ертегісі» (сахналық қойылым)
Мақсаты:Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау
арқылы ой – қиялын дамыту.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, шалқан макеті,ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі.
Түрі: Көрініс.
Барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қараңдаршы, біздер ғажайып ертегілер еліне келдік. Ертегілер елі қандай әдемі,мұнда бәрі бар екен. Біз бүгін осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін рөлдерге бөліп сахналаймыз
Балалар кейіпкерлерге бөлініп шалқан ертегісін сахналайды.
Автор: Баяғыда бір үйде,
Шалмен кемпір болыпты.
Тірліктеріне өмірде,
Көңілдері толыпты.
Бір күні шал аулаға,
Шалқан дәнін егіпті.
Шалқан қашан піскенше,
Маңдай терін төгіпті
Шалқан әбден піскесін,
Шал келеді жұлуға.
Арлы – берлі тартқылап,
Жұла алмасын біледі.
Шақырады әжені көмекке,
Ата: «Кемпір-ау, бері келші! Мына шалқанды суырып алуға көмектесші.»
Автор: Екеуі жұлып ала алмай
Шаршап қалды ентігіп,
Шақырады тағы да,
Немересін үйдегі
Әже: -«Қызым, мында келші, көмектесші!»
Автор: Үшеулеп жүріп тартсада
Шықпайды шалқан түйнегі
Үшеуі жүріп ойланып,
Шақырады күшігін,
Немересі:- «Күшігім, күшігім шалқанды суырып алуға көмектесші!»
Автор: Жабылғанмен қолға алып.
Жетпестерін білді күшінің.
Төртеуі тартып ары – бері,
Шаршады, әбден терледі.
Күшік:- «Гав, гав, гав! Мысық шалқанды суырып алуға көмектесші!»
Мысығы келді көмекке,
Онда да әлдері келмеді.
Не істеу керек деп,
Автор: Отырып бәрі ойланды
Көмекке енді келетін,
Үйде енді кім қалды.
Үйлерінде тышқаннан,
Басқа ешкім жоқ еді.
Мысық:- «Мияу, мияу, мияу! Тышқан мында көмекке келші!»
Автор: Шақырғасын тышқанды,
Көмекке ол да келеді.
Шалы барып шалқанның,
Сабағынан ұстайды,
Бір – біріне жалғасып,
Күштерін жиып нықтайды.
Жабылып бәрі тартады,
Күштері енді артады,
Бірлесіп тартыпқалады,
Шалқанды жұлып алады.
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме, балалар! Ауыз біршіліктің не екенін. «Жұмыла көтерсе жүк жеңіл». Мақсатыңа жететтіңдер!
Тәрбиеші:Балалар, сіздерге «Шалқан» ертегісін сахналаған ұнады ма?
«Шалқан» ертегісін жақсы сахналап шыққандарың үшін сендерге ризашылығымды білдіремін!
«Шалқан» ертегісінде рөлдерде ойнағандар:
№19 Толағай балабақшасы
Бекітемін
№19 «Толағай» балабақша
меңгерушісі
Р.М. Толесинова_____________
Ертегілер елінде
«Шалқан ертегісі»
(сахналық қойылым)
тәрбиешісі Торегалиева Гулмира