Просмотр содержимого документа
«Шаңсорғыштың түрлері»
Түсінік хат
Ерте жаста бала ойын іс-әрекетіне деген ықыласын таныта бастайды. Осыған орай, пәндік-дамытушы ойын ортасын жасау керек. Ойын барысында мәселелі жағдайларды пайдалана отырып, балалардың ересектің көмегінсіз тығырық жағдайлардан шығу жолдарын таба білуге түрткі болу. Балаларды ойын барысында бір-біріне бөгет жасамай ойнауға үйрету, ойындық байланысқа түсуге жетелеу. Дидактикалық ойындарда балалардың сенсорикасын дамыту (сезіну, заттың қасиеті мен түсін, түрін қабылдау).
«Денсаулық» білім беру саласы
2 жастан 3 жасқа дейінгі кіші жас кезеңінде ағзаның барлық жүйелері мен қызметтері қалыптасады. Бойы 90-95 см; денесінің салмағы 14-15 кг, кеудесінің көлемі 50-52 см. Бұл жастағы негізгі даму буыны тек физикалық ғана емес сонымен қатар интелектуалдық дансаулығын қамтамасыз ететін дене, қол, саусақтарының қозғалыстары болып табылады. Бала үлкендердің көмегімен гигиеналық процедураларды бар ықыласымен орындайды, киіміндегі ұқыпсыздықты байқайды, ұзақ уақыт өзін сергек сезінеді. Үшке қараған шағында 20-ға жуық сүт тісі пайда болады.
«Таным» білім беру саласы
Бала заттардың қасиеттерін бағдарлап, заттарды түсі, пішіні, көлемімен топтастырып олардағы ортақ белгіні ажырата алады. Қоршаған ортаны байқап және сипап сезіну арқылы табиғи тану тілегі артады. Қарапайым конструкцияларды жеке құрастыру іскерліктері пайда болады. Өзінің атын, тегін, ата-анасы мен туыстарының аттарын атай алады, үлкендердің көмегінсіз кейбір әрекеттерді орындай алады. Үлкендердің қызметінің мағынасын түсінеді (анам жұмысқа қетті, әкем қазір келеді). Өзінің эмоционалдық сезімін білдіреді (қуанады, ренжиді). Ойында қиялындағы заттарды қолданады.
«Қатынас» білім беру саласы
Үлкендердің талаптарын түсінеді, тыңдау, басқа балалардың қызығушылығымен есептесу іскерлігі пайда болады. Эстетикалық қабылдауын, әдемі, ашық заттар мен киімдерін байқайды. Үлкендердің сөздерін, жеке фразаларын, ұйқасын, сөйлеу қарқыны мен дауыс күшін өзгертіп қайталайды. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін орындап, заттардың қасиеттерін атай алады.
«Шығармашылық» білім беру саласы
Көркем шығармалардың мазмұнына эмоционалдық жағынан баға бере алады. Үлкендермен қосылып әуеннің ырғағы мен жеке мәнерін дұрыс жеткізіп, қосылып айтады, жеке және топтармен айтады, үлкендердің ырғақты қимылдарын есте сақтап қайталайды. Музыка тыңдау, суреттерді, қима қағаздар мен түрлі ойыншықтарды қарастыруда қызығушылығын білдіреді. Қажеттілігіне қарай қарындаштарды, фломастерлер мен бояуларды қолдана алады.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Қоршаған ортаның әсемдігіне, үлкендер мен құрбыларының әрекеттеріне, ойыншықтарға әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің әрекеттеріне эмоционалдық жағынан өз әсерін, сезімін білдіре алады. Жақындары, үлкендер мен балалардың түрлі эмоционалдық жағдайларын (қуаныш, уайым, ашу, сараңдық) түсініп көре білу қабілеттері қалыптасады. Өтінішін, назарлары мен көмектеріне алғысын («рақмет», «өтінемін») білдіреді.