Ортаңғы «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу күні: 13.02.2018
Тәрбиеші: Исмакова Б.С
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі -халықта»
Тақырыбы: Шапшаң, баяу, тез
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.
Оқыту: Шапшаң, баяу, тез түсініктерін ажыратуға үйрету. Пішіндер, түстер туралы білімдерін бекіту
Педогогикалық технлоогиялар: Ойын технологиясы, дамыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тәулік бөліктері суреттер, геометр судоку, видео ролик, игровизор
Билингвалдық компонент: Тез – быстро
Баяу - медленно
Шапшаң - шустрый
Ұйымдастырылған оқу қызиетінің барысы:
Шаттық шеңбері: Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам
Дидактикалық ойын: «Біздің күн» (тәулік бөліктері)
Түнде біз ұйықтаймыз, ал жаттығуды жасаймыз....(таңертең) ,
Таңертең біз тамақ ішеміз, ал түскі асты ішеміз......(күндіз),
Түскі асты біз күндіз ішеміз, ал кешкі асты ішеміз….(кешке)
Кешкі асты біз кешке ішеміз, ал ұйықтаймыз ....(түнде)
Ал қазір тәуліктің қай бөлігі? (таңертенгі мезгіл)
Балалар тақта алдына шығып,суреттерден тәулік бөліктерін тауып көрсетеді, таңертең, күндіз, кеш, түн екенін анықтайды және неге олай ойлайтыны айтады
Балалар, біз ұйықтап тұрғаннан кейін қайда келеміз?
-балабқшаға
Балалар, сендер балабақшаға немен келесіңдер?
-балабақшаға көлікпен жылдам жетесіңдер ме, әлде жаяу жылдам жетесіңдер ме?
-көлікпен жылдам жетеміз
-Дұрыс айтасыңдар, балалар
Ал кім жылдам жүреді гепарт па, тасбақа ма?
-гепарт жылдам жүреді
Ал неліктен гепарт жылдам жүреді?
-себебі ол әртүрлі аңдардан жылдам қашады.
Өте дұрыс айтасыңдар!
Сергіту кезеңі:
Шапалақта қолыңды,
Жай- жай – жай! Міне, былай!
Шапалақта қолыңды,
Тез - тез – тез! Тез - тез –тез!
Алға қарай адымда,
Жай - жай – жай! Міне, былай!
Жолыңнан еш жаңылма,
Тез -тез – тез! Тез - тез – тез!
Логикалық ойын: «Геометриялық судоку»
Ойын алаңы 3 торкөзден тұратын кішігірім шаршыларға бөлінген 3х3 мөршерлі шаршы болып табылады.
Кейбір ұяшықтарда ойынның басында геометриялық пішіндер орналастырылған. Неше ұяшықтың толтырылуына байланысты, кейбір судокуларды жеңіл және қиын деп бөлуге болады. Бас қатырғыштың мақсаты-бос тұрған ұяшықтарға жетіспей тұрған геометриялық пішіндерді орналастыру, әрбір торкөзде, әрбір бағанда геометриялық пішін бір ақ рет кездесуі керек. Видео ролик көрсету:
«Түлкі, кене,тасбақа» Мәреге кім бірінші жетеді? деп бәстеседі.
Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін? Ендеше көрейік.
-Неге түлкі біріші жетеді деп ойлайсыңдар?
Педагог «жылдам-баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Видео ролик көрсету:
«Түлкі, кене,тасбақа» Мәреге кім бірінші жетеді? деп бәстеседі.
Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін? Ендеше көрейік.
-Неге түлкі біріші жетеді деп ойлайсыңдар?
Педагог «жылдам-баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Жеке жұмыс: Бекіту: Әрбр баланың алдында жануарлардың суреттері берілген, сол суреттерден жылдам жүретін жануарларды қызыл дөңгелекпен, баяу жүретін жануарларды көк шаршымен қоршау керек.
Қорытынды:Балалар, сонымен бүгін қандай ұғыммен таныстық.
-Шапшаң, баяу ұғымдарымен таныстық.
-Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
-Не ұнады?