Просмотр содержимого документа
«"Шапшаң есептеу әдістері" презентация»
Жоба тақырыбы: Шапшаң есептеу әдістері Жоба авторы: Берікқызы Саяжан, 4 сынып оқушы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестердің математикалық моделі Секция: Математика Жетекшісі: Аккозова Улжан Косбармаковна Математика және информатика пәні мұғалімі
Жобаның басты мақсаты:
- тез есептеу әдістерін үйрене отырып, есептеуді ойша шешіп, есеп нәтижесін табуды жылдамдату.
- математикалық қызығушылығын дамытып, өмірге деген ой толғанысын тудыру және білімін шыңдау.
- есепке деген құштарлығын оятып, математикалық және логикалық білімін арттыру
Менің жоба жұмысым мынандай бөлімдерден тұрады
- Натурал сандарды шапшаң қосу мен азайту әдістері.
- Бағандап шапшаң қосу әдісі
- Натурал сандарды шапшаң көбейту мен бөлу әдісі
- Көбейту кестесін жаттаудың оңай жолдары
- Қытай және Жапонның көбейту әдісі
- 1-лерден құралған сандарды квадраттау
- Санды 11-ге көбейту
- 1001 санының қасиеті
- 10101 санының қасиеті
- Менің жаңалығым.........
Натурал сандарды шапшаң қосу мен азайту әдістері.
- Егер бір қосылғышты бірнеше бірлікке арттырса, қосындыны сонша бірлікке кеміту керек.
Мысалы: 241 + 593 =241 + ( 593 + 7) – 7 = 241 + 600 – 7 = 841 – 7 = 834.
- Егер бір қосылғышты бірнеше бірлікке арттырса, екінші қосылғышты сонша бірлікке кеміту қосынды мәнін өзгертпейді .
Мысалы: 997 + 455 = (997+3) + (455-3) = 1000 +452 = 1452.
Натурал сандарды шапшаң қосу мен азайту әдістері.
Егер азайғышты бірнеше бірлікке арттырса, азайтқышты да сонша бірлікке арттыру айырма мәнін өзгертпейді.
Мысалы: 2454 – 1996=(2454+4)-(1996+4) = 2458-2000= 458
Егер екі санның қосындысынан сол сандардың айырмасын шегерсе, нәтижесінде екі еселенген кіші санның мәні шығады.
Мысалы: (77+15) – (77-15) = 30 = 2х 15
Егер екі санның қосындысына сол сандардың айырмасын қосса, нәтижесінде үлкен санның екі еселенген мәні шығады.
Мысалы: (54+16) + (54-16) = 2х54 = 108.
4. Көбейту кестесін жаттаудың оңай жолы.
Математикаға кіріспе көбейту кестесін жаттаудан басталатыны баршаға аян. Оны жаттамаған оқушы математиканы оқып үйрене алмайды. Алайда, көбейту кестесін жаттаудың да оңай тәсілі бар.
- 5 санына көбейтудің ерекшеліктері:
- Көбейткіштің мәні тек қана 0-мен 5-ке аяқталады.
- Жұп санына көбейткенде: 5 • 2=10 жауабының ондығы сол көбейтіп тұрған жұп санынан 2-есе кем болады, ал екінші саны 0;
5 • 4 (4/2) = 20
5 • 6 (6/2) = 30
- 2-ге көбейткенде осы санды бір-біріне екі рет қосу дегені,
9*2 ол 9+9=18 дегеніміз;
- 9 санына байланысты көбейту кестесін оп-оңай жаттауға болады. 9-дың көбейту кестесіне қарасақ жауаптарының 1-ші саны ретімен 0-ден 9-ға дейінгі сандар, ал екінші сан, керісінше, 9-дан 0-ге дейінгі сандар:
9 • 1= 0 9
9 • 2= 1 8
9 • 3= 2 7
9 • 4= 3 6
9 • 5= 4 5
9 • 6= 5 4
9 • 7= 6 3
9 • 8= 7 2
9 • 9= 8 1
9 • 10= 9 0
Ескерту: бұл тәсіл тек 1-ден 10-ға дейігі сандар үшін ғана орындалады.
5 пен аяқталатын сандардың екінші дәрежесін есептеу
5 пен аяқталатын сандардың екінші дәрежесін есептеу үшін 25- ті соңына жазып, ондықты өзінен кейінгі санға көбейтіп шыққан нәтижені жазамыз.
Жапонның көбейту әдісі
8. 1-лерден құралған сандарды квадраттау
11 2 =121
111 2 =12321
1111 2 =1234321
11111 2 =123454321
111111 2 =12345654321
9 . Санды 11-ге көбейту
11-ге көбейтілетін санның соңғы цифрын жазамыз. Тізбектей оңнан солға қарай цифрларының қосындысын табамыз, содан соң көбейтілетін санның бірінші цифрын жазамыз.
32×11=352
теңдігі көрсетілген.
1001 санын үш орынды, екі орынды кез-келген санға көбейтсек, сол үш орынды, екі орынды санды екі рет қайталап жазғандай нәтиже береді.
Мысалы:
Бұл қарапайым былай есептеледі.
10101 санын екі орынды кез- келген санға көбейтсек, сол екі орынды санды үш рет қайталап жазғандағы нәтижені береді.
Менің жаңалығым.........
12*11=132
12*12=144
12*13=156
………… ..
12*19=228
11*11= 121
11*12= 132
11*13=143
………… ..
11*19=209
13*11=143
13*12=156
13*13=169
………… ..
13*19=247
19*11=209
19*12=228
19*13=247
………… .
19*19=361
Мысалы:
- 11*13 = 1*3 =3 көбейтіндінің бірлігі, 13+1 = 14 бірліктің алдына жазамыз бұл ондық пен жүздік болады, сонда 143 шығады.
- 19*19 = 9*9 =81 бірлікке жазамызда 8-ді ойға қоямыз. 19+9 = 28 28+8 = 36 сонда 361 шығады.
Менің ұсынысым:
- Ментальды арифметика сияқты оқушы ойын шектейтін курстарды емес осындай ғылыми, оқушы үшін пайдасы бар курстар ашылса немесе мектептерде осыған арнайы сағат бөлінесе
- Тез есептеу әдісін практикада қолдану маңыздылығын көрсетілсе.
- Бұл жоба арқылы әр оқырманның математикалық қызығушылығын дамытып, ой толғанысын тудыру және білімін шыңдай түсуге жағдай жасалса .