СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шарын шат?алы - ?аза?станны? к?рікті жерлеріні? бірі"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алматы облысы, Райымбек ауданында орналас?ан Шарын шат?алы - ?аза?станны? к?рікті жерлеріні? бірі. Шарын шат?алы таби?атыны? ?семдігі мен к?зтартар ерекше с?лулы?ымен белгілі.

Просмотр содержимого документа
«"Шарын шат?алы - ?аза?станны? к?рікті жерлеріні? бірі"»

Сабақтың тақырыбы: Шарын шатқалы

Мақсаттары:

  • Тақырып жөнінде мәлімет беру, сан есім, қаратпа сөз туралы алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы бекіту;

  • лексикалық материалды жүйелі түрде ұсыну арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру сөздік қорын молайту; танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • өз Отанын, тілін сүюге және достық қарым-қатынаста жұмыс жасауға баулу,өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.

Көрнекіліктер: бейнежазба, флипчарт, суреттер, семантикалық карта, ребустар, карточкалар, сөздіктер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен диалогтік оқытудың әдістері (топтық, жұптық, жеке жұмыс; түртіп алу, бес жолды өлең, кластер, түйін сөз); интерактивті тақтаның мүмкіндіктері (шымылдық, сәйкестендіру, телеграфтық таспа, т.б.)


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-сәлемдесу, психологиялық ахуал туғызу мақсатындағы «Достар шеңбері» тренингі: оқушылар шеңберге тұрып, бірі-біріне сын есімді жақсы сөз айтады (..., сен ақылдысың! т.б.);

- кезекшімен әңгімелесу

Қызығушылығын ояту: бейнежазбаны қарап шығып, бүгінгі сабақта не туралы білім алатындарын анықтау

Фонетикалық жаттығу. Оқушылар флипчарт бетінде шеңберлердегі тапсырмаларды орындайды:

Қазақ тілінде неше әріп бар?

Одағай неше түрге бөлінеді?

«Жиырмадай» қандай сан есім?

Қазақстан нешінші жылы тәуелсіздік алды?

22 қыркүйек қандай мереке?

Қ.Сәтбаевтің қанша еңбегі бар?

Қандай қазақ шешен билерін білесіңдер?

Ш.Уәлиханов қазақ, орыс тілінен басқа қандай тілді жақсы білген?


Сабақтың тақырыбы «Араб сауаты» әдісі бойынша анықталады («Шарын шатқалы»). Оқушылар өздерінің мақсаттарын айтады, мұғалім өз мақсаттарымен салыстырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін, сынып екі топ және бір жұп ішінде тапсырмаларды орындайды:

1.Жеке жұмыс (нашар оқитын оқушы орындайды, дарынды оқушы тексереді): тұрақты сөз тіркестерін дұрыс құрастырып, асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдауды жасаңдар

2. Топтық жұмыс:

А) «Табиғат» тақырыбына кластер жасап қорғаңдар (топ ішінде кластер жасайды, әр топтан оқушы тақтаға шығып қорғайды)

Ә) «Сандар сөйлейді» парақтары бойынша жұмыс

3. Жұптық жұмыс: үйге берілген мәтін бойынша диалог құрап айтып беріңдер


4. Фронталды жұмыс:

  • ребустарды шешіңдер: қаратпа сөз

  • Өлеңнен берілген үзінділерден қаратпа сөздерді тауып астын сызыңдар, тыныс белгісін қойыңдар.


ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.

Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі.Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады. Шатқалдан ежелгі суретшілердің төл туындыларын көруге болады. Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуiрiндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, аңшылық пен саятшылық кәсіптердің болғаны нақты айқындалған.  

Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді.

Шарын шатқалының аумағына өзенмен бірге Шетен тоғайы енеді.  Тоғай негізі соғдиян шетенiнен (Fraxsinus potamophila) құралған. Әлем бойынша мұндай тоғалар екі жерде ғана бар. Бірі Қазақстанда Шетен тоғайы сақталса, бірі Солтүстік Америкада ғана сақталып қалған. 1964 жылы Шетен тоғайы табиғат ескерткіші деп жарияланды.

Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген.  


-Берілген мәтінді мұқият тыңдап, оқып, бейтаныс сөздерді теріп жазып, олардың аудармасын сөздіктерден табыңдар (шатқал, құз, сарқырама, ткө тартады, аңғар, аңғару, саятш) жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңдар


Мәтін бойынша тапсырмалар:

  • Негізгі ойын табыңдар

  • Мәтін мазмұнына бес сұрақ қойып жауабын табыңдар (топтар арасында)


  • РАФТ әдісі бойынша шағын шығарма жазыңдар.

Рөлім – оқушы

Аудитория – сынып

Формасы – шағын шығарма

Тақырып – Табиғатты қорғау.

ІV.Сергіту сәті «Полиглот » ойыны

Оқушылар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жауап береді

V. Білімдерін бекіту

  • Қорытынды ретінде мұғалім оқушыларға сөйлемдерді хормен оқытқызып, жеке ауызша айтқызады)

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма (оқушылардың таңдауы бойынша):

А деңгейі: (пікір жазу);

В деңгейі: сұхбат құрастыру

С деңгейі: мақал- мәтелдер (жазу және жаттау);


V. Рефлексия

  • «Қошеметтейміз!» тренингі

Мұғалімнің сөзі: «Табиғат пен адам тығыз байланысты.Адамның табиғатсыз күні жоқ. Гүлдене бер туған жерім! Сабақты құрмет көрсетуімізбен аяқтайық! ( барлық бала қол шапалағымен қошемет көрсетеді)