СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шегіртке мен құмырсқа

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. «Шаттық шеңберін» құрғызып, оқушыларға бір-біріне тілек айтқызу.

Просмотр содержимого документа
«Шегіртке мен құмырсқа»

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Құндылықтар»


Мектеп: «№4 орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжина Б.К.

Күні: 23.10.2019

Сынып: 4 «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа 27-сабақ

Дағды

Оқылым (грамматика) және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1.Таныс сөздерге сүйеніп, мәтін мазмұнын түсініп оқу.

4.3.4.1.мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалау.

4.2.6.1. ойымызды дәлелдеп айтуды үйрену.

Бағалау критерийлері

Тақырып жайында өз ойын айтады, сұрақтарға жауап береді, кейіпкерлерге сипаттама береді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: сауықшыл – развлечения, мұңды – грустный, өлеңшіл – певец, еңбекқор – трудолюбивый.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Сауықшыл шегіртке. Мұңды шегіртке. Еңбекқор құмырсқа.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд, түрлі - түсті суреттер, желім, жіп, кір қысқыш, графикалық органайзер, түрлі түсті маркерлер, «Венн диаграммасы» .

Оқыту әдістері:

«Шаттық шеңбері», «Миға шабуыл», «Кір жаятын жіп», «Болжау әдісі», «Венн диаграммасы»

Алдыңғы білім

Жаман жолдас

Ишара

Қимыл-қозғалыспен, ым-ишарамен көрсетеді.

Сабақтың барысы

С.кезең.і


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты


Оқыту ресурстары


Оқушыларға психологиялық

ахуал туғызу

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. «Шаттық шеңберін» құрғызып, оқушыларға бір-біріне тілек айтқызу.

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы – жақсы тілектер,

Бір-бірімізге сыйлайық!

(топқа бөлу)


5мин

Мұғ-Сынып

Топқа бөлуге арналған қима қағаздар.

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім сұрақ қояды. Балалар, қандай еңбекқор жәндіктерді білесіңдер? Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін мұғалім оқушыларға Құмырсқа қандай жәндік? Құмырсқалардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы туралы айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады, кері байланыс береді. Енді сабақтың тақырыбын ашу үшін тек шегіртке мен құмырсқаның суретін қалдырады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім сабақтың мақсатын айтады.

3 мин









Мұғ-Сынып



«Шегіртке мен құмырсқаның суреттері

Негізгі бөлім

«Оқы» айдарындағы тапсырмада оқушылар «Шегіртке мен Құмырсқа» әңгімесін оқиды. Мәтінді алдымен сыныптан бір оқушы оқиды. Оқушылар мұқият оқиды. Бір оқушы оқып болған соң, әр топтан

оқушылар рөлге бөліп оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.

Топтарды бағалау.

7 мин

Жеке

оқулық



«Кір жаятын жіп»әдісі бойынша суреттер ретсіз беріледі. Оқушылар суреттерді ретімен жіпке орналастырып мәтіннің мазмұны бойынша айтып шығады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.




8 мин

Мұғалім-сынып

Жіп, кір қысқыш, суреттер.

«Болжау» әдісі бойыншамәтіннің соңын болжап көрейік. Құмырсқа көмек бере ме екен қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар топта өзара әңгімелеседі. Тапсырма топта орындалады. Әр топ өз бетінше мәтінді болжайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, кері байланыс береді. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

8 мин

Мұғалім - сынып


Қор. бөлім

Оқушыларға суретті графикалық органайзер беріледі.

Сабақтың қорытынды бөлімінде топтарға «Венн диаграммасы» беріледі. Әр топ өз бетінше «Венн» диаграммасын толтырып, құмырсқка мен шегірткені салыстырады. Тапсырманы орындап болған соң, ортаға шығып қорғайды.

шыдамды, еріншек, еңбекқор, жалқау, мейірімді, көңілді, адал

сауықшыл, шыншыл, өлеңшіл

Үй жұмысы. Мәтіндегі сұрақтарға жауап беру.

Дескриптор:

  • Мәтінді мәнерлеп оқиды.

  • Мәтінді мазмұндайды.

  • Мәтінді болжайды

  • Мәтіндегі кейіпкерлерді салыстырады.

Рефлексия. «Күншуақ». «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы.Оқушылар барлығын түсінсе – күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.


6 мин


Сынып-мұғалім

Графикалық органайзер, суреттер, желім, түрлі түсті маркерлер, «Венн диаграммасы» берілген парақ.


Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

  • Кейіпкердің әрекетін бағалайды.

  • Өз ойын дәлелдеп айтады.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Оқыту ортасы қандай болды?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі дүние не?

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?