СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шеңбер. Дөңгелек

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сыныпқа математикадан арналған сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Шеңбер. Дөңгелек»


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4C Диаграмма


Мектеп: №2 ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Наманаева А.К

Сынып: 5а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шеңбер.Дөңгелек



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.2 - шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;

5.3.1.3 - циркульдің көмегімен шеңберді салу;

Сабақтың мақсаты

- шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;

- дөңгелектің шеңберден өзгешілігін ажырата білу;

Бағалау критерийі

- шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгереді;

- дөңгелектің шеңберден өзгешілігін ажырата біледі;

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсат

- элементтерімен берілген шеңбердің және дөңгелектің сызбаларын ауызша сипаттайды;

- дөңгелек және шеңбердің элементтерін есептер шығаруда қолдана алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- шеңбер, шеңбердің центрі, шеңбердің радиусы, шеңбердің диаметрі;

- дөңгелек; дөңгелектің центрі; дөңгелектің радиусы, дөңгелектің диаметрі

- шеңбердің доғасы;

- дөңгелек сектор;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • берілген нүктеден (центрден) бірдей қашықтықта орналасқан .....;

  • шеңбердің центрін оның кез келген нүктесімен ...;

  • шеңбердің центрі арқылы өтетін, .....;

  • дөңгелектің екі радиуспен шектелген бөлігі....

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Русский

English

шеңбер

окружность

circle

радиус

радиус

radius

диаметр

диаметр

diameter

дөңгелек

круг

a circle

доға

дуга

arc

сектор

сектор

sector



Құндылықтарға баулу





Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Тарих, информатика

Алдыңғы білім



Көпбұрыш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақ басы



3 мин


























3 минут










































5 минут




















Тарихи мәліметтер

Оқушы (А)




I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздерме, Балалар! Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сіздерге сабақ барысында белсенді, игілікті, бір–бірлеріңізге адал болуларыңызды тілеймін. Балалар, назарларыңызды жалғысырап тұрған ағашқа аударыңыздар. Әр үстелде 4 түсті жапсырма бар. Сіздерден ұнаған бір түсті таңдап, ағашты жапырақтармен толтыруды сұраймын.

Таңдалған жапырақтың түсіне назар аударайық.

  • жасыл түс алған оқушыларды бүгінгі сабақта табыс күтіп отыр;

  • қызыл түс таңдаған оқушылар сабақ барысында бірігіп жұмыс жасауды қалайды;

  • сары түс таңдаған оқушылар белсенді қатысады;

  • қызғылт-сары түс таңдаған оқушылар қайсарлықпен тапжылмай жұмыс істейді.

Еске сақтаңыздар, ағашымыздың көркі және табысы сіздердің сабақта қалай жұмыс жасағандарыңызға байланысты.

Кері байланыс: оқушылар ағашқа жапырақ тәрізді жапсырмалар жабыстырады.


ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын тиянақтау.

«Миға шабуыл» әдісі


Суретте берілген көріністердің ұқсастықтары неде?

Жауабы: суреттерің формасы шеңбер, дөңгелек тәрізді

Сіздердің ойларыңызша неліктен осы суреттер ұсынылды?

Жауабы:Себебі осы 4 суреттің пішіндері бірдей

Жарайсыздар! Өте жақсы!

Қалай ойлайсыздар бүгінгі сабақта қандай тақырып өтеміз?

Жауабы: Шеңбер, дөңгелек

Дұрыс айтасыздар. Сабақтың мақсаты шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру, ажырата білу.

Жаңа тақырыпқа өтпес бұрын қандай тақырыпты қайталау керек?

Жауабы: Көпбұрыштар


III. «Жұп табу» әдісін қолдана отырып, тұжырымдарды дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз.

Көпбұрыштың дербес түрлерінің бірі

а

Көршілес екі төбесі арқылы өтетін әрбір түзудің бір жағында орналасқан көпбұрыш дөңес көпбұрыш деп аталады

Бір көпбұрыштың екінші көпбұрышқа беттесуі

с

Көпбұрыштың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы неге тең

5

у

Көпбұрыштың диагоналы

P

д

Көпбұрыштың 5 төбесі болса, қанша қабырғасы бар?

р

Қандай жағдайда көпбұрыштар тең болады?

Көршілес емес екі төбесін қосатын кесінді

и


Дескрипторы:

  • көпбұрыштың түрлерін табады;

  • көпбұрыштың периметрінің анықтамасын біледі;

  • көпбұрыштың диагоналын табады;

  • тұжырымдарды жауаптармен сәйкестендіреді.

Кері байланыс: Өзара тексеру «Көршінді тексер»

Жауабы: Радиус

Бағалау: Екі жұлдыз бір тілек

Алғашқыларға тапсырма

Радиус – латынның radius – доңғалақтың сым шабағы сөзінен алынған. Радиус сөзі көп деректерде кездеседі. Мысалы, жердің радиусының орташа жылдамдығы 6371 км.


Тақтада болжалдау ағашы

1) 4 түсті жапсырма

























Слайд 3
















Карточка









































Оқулық, ғаламтор https://kk.wikipedia.org


Сабақтың ортасы



2 мин













7 мин




















































7 мин















2 мин







6 мин

IV. «Ширату жаттығуы»













Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр?

Кері байланыс: Оқушылар А, С фигураларында нүкте бірдей қашықтықт жатқандығын айтады.

Мадақтау арқылы бағалау. (жарайсың, тамаша, керемет жауап бердің, ерекше ұнады жауабың, т.б.)



V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Дәптерлеріңе О және А нүктелерін белгіле. Циркульдың ұшын О нүктесіне қадап, қарындашын А нүктесіне сәйкестендір. О нүктесінен айналдыра сызық сызып шық. Қандай фигура шықты?

Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған шеңбер деп аталатын тұйық сызық шығады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.

Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта жатады.

Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) дөңгелек деп аталады. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады.



Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта болғандықтан, берілген шеңбердің радиустары өзара тең. ОА=ОС=OB – радиустар.

Радиусты R әрпімен белгілейді. Шеңбердің радиусы 5 см болса, оның жазылуы: R=5 см. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. АВ – диаметр. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Шеңбердің диаметрі 6см болса, оның жазылуы D=6см. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R.

Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең.

Шеңбердің бөлігі доға деп аталады.



VI. Практикалық тапсырма.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушыларға дәптерлеріне осы тапсыраманы орындату.

Оқушыларға шеңбер салып, бірнеше радиусын жүргізуді ұсыну. Дөңгелектің пайда болған бөліктерін әр түрлі түспен бояту. Оқушыларды дөңгелек сектор ұғымын түсінуге бағыттау.











Жеке орындағаннан соң жұппен талқылау.

Қобдишадан ағылшын тілінде жазылған сөздерді (circle, a circle, diameter, radius) таңдай отыра 4 топқа болу.

Берілген тапсырманы топпен талдау.

Кері байланыс: Оқушылар топта дөңгелек, сектор ұғымын бір – бірлеріне түсіндіреді.

Постерге ойларын салып қорғайды.

Кері байланыс:«Плюс-минус-қызықты» әдісі

Сергіту сәті. Оқушылар ағылшын тілінде шеңбер туралы өлең айтып, жаттығу жасайды.



Жаңа тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар.

А деңгейінің тапсырмасы

№1256

Дәптерге О нүктесін белгілеңдер. Ұзындығы дәптердің 4 торкөзінің ұзындығына тең АО кесіндісін салыңдар. Циркульді пайдаланып, центрі О нүктесі болатын радиусы ОА кесіндісіне тең шеңбер салыңдар.

Дескрипторлары:

  • шеңбердің центрін анықтайды;

  • АО кесіндісін сызады;

  • Циркульді пайдаланып шеңбер салады.

В деңгейінің тапсырмасы

№1264

Жердің диаметрі шамамен 12700 км. Жердің диаметрі Юпитердің диаметрінен 11 есе кем. Юпитердің радиусын табыңдар.

Дескрипторлары:

  • Арифметикалық амалды орындайды;

  • Диаметрдің формуласын қолданып, радиустың

формуласын жазады;

  • Радиусты табады.

С деңгейінің тапсырмасы

№1272

Центрі А нүктесі болатын шеңбердің радиусы 2 см. Центрі О нүктесі болатын шеңбердің диаметрін табыңдар.

Дескрипторлары:

  • Ішкі шеңбердің диаметрін табады;

  • Сыртқы шеңбердің радиусы ішкі шеңбердің диаметріне теңдігін көрсетеді;

  • Сыртқы шеңбердің диаметрін табады.

Кері байланыс: Білім шкаласы бойынша бағалау







Слайд 4

























Ғаламтор желісі

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/shengber/lesson/shengber-zhane-onyng-ehlementteri

























































Постер құрастыру





























https://www.youtube.com/watch?v=UeJKKui1LY0


оқулықпен жұмыс

Сабақтың соңы

5 мин


«Менің алақаным»


Бас бармақ – Мен үшін маңызды және қызықты...

Балан үйрек – Мен білемін...

Ортан терек – Маған ұнады....

Шылдыр шүмек – Мен үшін сабақта туындаған қиыншылықтар.......

Кішкене бөбек – Маған қажет....

Үй тапсырмасын беру: Дерек көздерінен шеңбер мен дөңгелекке бір қосымша мәлімет іздеп келу, өмірге байланысты 2 сурет алып келу.



Слайд 5

СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Деңгейлік тапсырмалар

Ауызша мадақтау:Жарайсыздар! Өте жақсы! Саусақ арқылы

Екі жұлдыз бір тілек

Плюс-Минус-Қызықты

Білім шкаласы бойынша

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.





Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Белсенді оқыту әдістері


2: Саралау оқыту әдісі


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!