СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шеңбер және дөңгелек

Категория: Геометрия

Нажмите, чтобы узнать подробности

ШЕҢБЕР ЖӘНЕ ДӨҢГЕЛЕК

05.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек.

Мақсаты:

1. Білімділігі: оқушылардың шеңбер, дөңгелек, диаетр, радиус, доға туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды шеңбердің (дөңгелектің) радиусын, диаметрін әріптік белгілеумен жаза білуге дағдыландыру.

2. Дамытушылығы:

3. Тәрбиелілігі: оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу процесі, өзіндік жұмыс, өзіндік талдау, шығарашылық іс-әрекет, іскерлік дағдысын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспе кағаздар, сақина,монета, фигуралар салынған кесте.

Сабақ түрі: шығармашылық, тәжірибелік.

Әдісі: дөңгейлеп оқыту әдісі.

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақ түсіндіру.

3. Оқулықпен жұмыс.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6. Бағалау.

7. Қорытындылау.

I. Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды түгендеп, сынып оқушыларының назарын сабаққа аударамын.

II. Сурет бойынша түсіндіремін.

Просмотр содержимого документа
«Шеңбер және дөңгелек»

ШЕҢБЕР ЖӘНЕ ДӨҢГЕЛЕК

05.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек.

Мақсаты:

1. Білімділігі: оқушылардың шеңбер, дөңгелек, диаетр, радиус, доға туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды шеңбердің (дөңгелектің) радиусын, диаметрін әріптік белгілеумен жаза білуге дағдыландыру.

2. Дамытушылығы:

3. Тәрбиелілігі: оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу процесі, өзіндік жұмыс, өзіндік талдау, шығарашылық іс-әрекет, іскерлік дағдысын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспе кағаздар, сақина,монета, фигуралар салынған кесте.

Сабақ түрі: шығармашылық, тәжірибелік.

Әдісі: дөңгейлеп оқыту әдісі.

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақ түсіндіру.

3. Оқулықпен жұмыс.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6. Бағалау.

7. Қорытындылау.

I. Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды түгендеп, сынып оқушыларының назарын сабаққа аударамын.

II. Сурет бойынша түсіндіремін.

Мына фигуралардың А,В,С,Д фигураларының барлық нүктелері берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатыр? (O,E,K,L) (сурет 1)









Оқушылар А,В,С,Д фигураларының А фигурасының ғана барлық нүктелері Д нүктесінен бірдей қашықтықта жатқаны туралы ойша тұжырым жасайды, демек шеңбердің ерекшелігіне ой тұжырым жасайды.

Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып, қарындашы бар сирағын О нүктесінен айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерен тұратын шеңбер деп аталатын тұйық сызық сызады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.

Шеңбер- барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта

орналасқан қарапайым геометриялық фигура.

Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі дөңгелек

сурет2 деп атала ды. Осыдан кейін оқушыларға сақина мен

монета көрсетіліп екуінің қандай айырмашылығы бар

екенін сұраймын. Сол арқылы оқушылар өздері тұжы-

рым жасайды.

Шеңбер мен дөңгелектің радиусы, диаметрі, хордасы, доғасы, белгілеуінің ережелерін айтып түсіндіремін.

сурет3 О- центр

ОА – радиус

СД – диаметр

АС – доға

СМ – хорда

Шеңбердің (дөңгелектің) диаметрі арқылы бүктеп тең екіге бөлінетінін, әрбір бөлігін жарты шеңбер немесе жарты дөңгелек екенін айтамын. Алдын ала қиып әкелінген шеңберлерді беттестіру арқылы тең шеңберлерді көрсетіп, олай болса, олардың радиусы, диаметрі тең болатынын түсіндіремін. Диаметр екі радиус екеніне көз жеткіземін. Оны тақтаға сызған және алдын ала қиылған дөңгелектің радиустарын өлшетіп Мысалы r = 7см, Д = 14 см түрінде жазып көрсетемін.

сурет4

Сабақты қорытындылау үшін шеңбердің немесе дөңгелектің элеменнтерін жазу үшін топтастыру стратегиясын пайдаланамын.

сурет5

Венн диаграммасына салу

сурет6

Енді оқушылардан өмірден өздері көріп жүрген нәрселерден мысалдар сұраймын.

Мысалы: жердің параллель сызықттары – шеңбер, киіз үйдің табаны – дөңгелек, керегелері – шеңбер бойымен орналасады т.б.

III. Оқулықпен жұмыс: № 382, 383, 384.

IV. Бекіту сұрақтары:

1. Циркульен шеңберді қалай сызамыз?

2. Шеңбердің қанай ерекшелігі бар?

3. Дөңгелек деген не?

4. Қандай кесінді шеңбердің радиусы д.а?

5. Диаметр радиустан неше есе ұзын?

6. Шеңбердің доғасы деп нені айтады?

V. Үйге: № 386,391,398

VI. Бағалау

VII. Қорытындылау.

1

2

3



4

5

6