СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 26.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шебер қолдар" 3 - сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еңбекке баулу сабағында оқушыларды шеберлікке, икемділікке үйрету

Просмотр содержимого документа
«"Шебер қолдар" 3 - сынып»

7.09.12

Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс істеу

Мақсаты: Табиғи материалдан құрамақ құрастыру тақырыпты түсініп оқу.

Қол икемін дамыту

Ұқыпты, үнемді болуға тәрбиелеу

Көрн: суреттер, еңбек папкасы

әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІҮ Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы , мақсаты.

Ү. Жаңа сабақ

Табиғаттың өзі – конструктор. Бүршіктер – қылқан жапырақты ағаштардың ұрығы. Бүршіктер пішіні, көлемі және түрі жағынан алуан түрлі.

Бұтақтар. Қызыл талдың, қарағайдың, шыршаның, бөртегүлдің бұтақтары құрамақ жасауға ыңғыйлы.

Құс қауырсыны. Тұқымдар.

Мүк. Жапырақтар Құс қауырсыны. Тұқым


ҮІІ Түсінгендерін тексеру

  1. Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу

Тізбектей оқу

Сарамандық кезең

Қағазбен жұмыс істеу

ҮІІ Бекіту

Сұрақтарға жауап алу.

Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек?

Мүктен, бүршіктерден не жасауға болады?

Сабақты қорыту

Бағалау.


ҮІІІ Үйге тапсырма

  1. түсініп оқу

  2. бағалау









14.09.12

Тақырыбы: Бет бейнесі бар жапырақтар «Көжек, аққұтан»

Мақсаты: Әр түрлі ағаштың жапырақтарынан бет бейнені бейнелумен таныстыру

Аңғарымпаздықты, көріп есте сақтау қабілетін дамыту.

Еңбексүйгіштікке,шеберлікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап түсіндіру

Көрнекілігі:


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа дайындық


ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Адам өміріне ең қажетті жағдай

  • Сұрақтарға жауап алу.

  • Түсінгендерін сұрау

ІІІ Өткенді пысықтау

Балалар қай жапырақ қай ағаштан түскенін табады.


ІҮ мақсат қою

Әр түрлі ағаштың жапырақтары нан әр түрлі пішіндегі бет бейнелерді бейнелеу.


Ү. Жаңа сабақ

Күз туралы өлеңдер.

Бірнеше минутты осы керемет жыл мезгілін тамашалау.

  • Бүгін, біз әр түрлі, әдемі күзгі жапырақтарды көріп тұрмыз. Оларды да тамашалайық.

  • Мынау емен жапырағы, ол неге ұқсайды? Біреу алмұртқа, гитараға ұқсас дейді. Ал мынау шетен жапырағы?

Әр түрлі жапырақтардан әр түрлі бет бейне жасауға болады .

Сергіту сәті


ҮІ Практикалық жұмыс.

Енді жинап алған жапырақтарымызды пламастрдың көмегңмен жапырақтың бетіне мұртшалар, көз,мұрын суретін оңай салуға болады. Енді бәрәміз бірге тақтадағы сурет бойынша көжек пен аққұтанның бейнесін жасайық.

ҮІІ Қорыту

  • Бүгін не өттік?

  • Кімнің жасаған бет бейнесі әдемі болды?

ҮІІ Үйге тапсырма

  • Жапырақтан бет бейне құрастыру

  • Бағалау


26.04 ---3.05

Тақырыбы: Көктемгі гүлдер

Мақсаты:Оқушыларға көктемгі гүлдерді дайындау тәсілін түсіндіру. Шеберлігін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке,шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, түсті қағаз, гүл шоғы.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Гүл шоғын дайындау технологиясы.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Гүл шоғын дайындау технологиясы.

1. Құрамақ дайындау мақсатын анықтау.

2. Материал дайындау.

3. Құрал – сайман мен жабдықтарды таңдап алу.

4.Бұйымның композициясы мен құрылымын құру.

5. Құрылымның жекелеген бөліктерін дайындау

6. Бөліктерді біріктіру

Сергіту сәті.

V. Қорыту

-Көктемде ең алдымен қандай гүл шығады?

-Гүл шоқтарын не үшін дайындаймыз?

-сендер қандай гүлдерді жақсы көресіңдер?

VІ. Үйге тапсырма: 150 бет оқу.

Бағалау























5/12.04

Тақырыбы: Сіріңке шиінен үй жасау

Мақсаты: Сіріңке шиінен үй жасауды үйрету. Шеберлігін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа,шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сіріңке шиі,желім

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шиден жасалған бұйымдар.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Шиден бұйымдар жасау тәсілін түсіндіру.

  2. – шиден не істеуге болады? (кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды);

2. Сурет бойынша жұмыс. 144- бет.

Шиден жасалған бұйымдар тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады. Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Мына картиналардан ши тоқудың мүмкіндіктерін байқайсыңдар. Мысалы, шебер шимен тоқу арқылы табиғат көрінісі мен аққудың сұлулығын көрсете білген. Сергіту сәті.

Практикалық жұмыс: дайындалған заттардан оқушылармен бірге үй құрастыру. Оқушыларға жекелей көмектер беру

V. Қорыту: балалар бүгін біз сіріңке шиінен үй құрастырдық. Ерте кезде әжелеріміз далада өсіп тұрған шиден киіз үйдің жабдықтарын жасаған. (суреттерін көрсету)

-шиден тағы қанндай бұйымдар жа ауға болады?

VІ. Үйге тапсырма: 144 – 145 бет оқу.

Бағалау






















24.05.13

Тақырыбы: Техникалық құрастыру

Мақсаты: Техникалық суреттер бойынша жылжымайтын құрастырма жасауды үйрету, самокаттан велосипедке дейінгі мағлұматтар беру.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер

Сабақ барысы:

I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Жылжымайтын құрастырма. Самокаттан велосипедке дейінгі мағлұмат.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жылжымайтын құрастырма: Техникалық суреттер бойынша, өз беттерімен үлгі жасау. Құрастырманы жасағанда ең бастысы – суреттер бойынша үлгі жасағанда, оны сауатты оқу білу керек. Бөлшектердің орнын ауыстыруға болмайды.

  1. Өзі жүргеннен велосипедке дейінгі мағлұмат

Ежелгі заманнан адам баласы өз еңбегін жеңілдетуге ұмтылып келеді. Осы мақсатпен есек, ат, өгіз, түйенің күшін пайдаланды. Адам аяқ – қолының күшімен қозғалатын: өзі жүретін машиналар, өзі жүретін арбашалар, өзжүргектер пайда болды.

Самокат – қазіргі велосипедтің арғы «атасы».

Алғашқы велосипедті орыс жұмысшысы Артамонов 1801 жылы жасады.

ІV. Сергіту сәті

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей (80 – 83 бет).

  2. Қатырма қағаздан самокат моделін жаса.

  3. Көрме ұйымдастыру.

VI. Қорыту:

  1. Велосипедтің артқы доңғалағын көтеріп тұрып, тепкісін айналдыр (2).

  2. Доңғалақтың айналу жылдамдығын мұқият қадағала.

  3. Қай доңғалақ жылдам айналады? Неліктен?

  4. Айналу жылдамдығы доңғалақ диаметріне тәуелді ме?

  5. Қорытынды жаса. Достарыңмен пікір алмастыр.

VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 80 – 83 бет. 2. Бағалау














21/28.12.12

Тақырыбы: Шырша әшекейлері

Мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, шар, әр түсті қағаз, қайшы.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі.

Жаңа жыл шыршасының құрметті қонақтары Ақшақар мен Аяз ата екенін жақсы білесіңдер. Енді қағаздан Ақшақар мен Аяз атаны жасаймыз.

Аяз атаның орындалу реті: 1.Алдымен Аяз ата пішінінің биіктігі мен жуандығын белгілеп ал.

2. Денесін жасауға биіктеу құты немесе бөтелкені алуға болады. Сонда бойының биіктігі неге байланысты болады екен. 3.Қуыршақты сәндеу өз қиялдарыңа байланысты. Аяз атаға сән беретін – оның сақалы. Оны жасау үшін тік төртбұрышты қағаз тілімдері қажет. Ұзындығын өздерің белгілеңдер. Қағаз тілімін ширатқанда, қысқаратынын ұмытпаңдар, ширату үшін қағаздың әр тілімін қарындашқа ораса болғаны.

  1. Аяз атаның шашын ептеп қайырып қоюға немесе бұйралауға да болады.

  2. Мұртын сақалының үстінен жапсырамыз.

  3. Бас киімі екі бөліктен тұрады.

  4. Қасын,мұрнын және көзін жасаймыз.

IV. Сергіту сәті: Ақшақар пішінін өзің жасап көр.

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Оқушыларға оқыту: іштей, тізбектеп – дауыстап.

VI Қорыту.

VII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 62 – 65 бет оқу.

2. Бағалау
















1.03.13

Тақырыбы: Ашық хаттар құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға қағаздан, қатырма қағаздарды пайдаланып терезесі бар көңілді ашықхаттар жасауды үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы,желім, фото.

Сабақ барысы:

I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Ашықхат қандай болуы керек? Әрине көңілді.

2. Сурет бойынша жұмыс 31-32бет.

3. Күн бейнесі көтеріңкі күйден хабар береді. Терезе ашықхаттың жалпы композициясының ішіне кіруі тиіс. Алдымен қалың қағаздан өзімізге қажет өлшемдерді тік төртбұрыш етіп қиып аламыз. Терезенің пішіні мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Дөңгелек терезені циркульмен сыз.1-3 суреттерде көрсетілген ашықхаттарда көбелек, фотосурет ішкі жағынан желімделген. Бейнебір көбелек гүлдерге қарай ұшып бара жатқандай.4-сурет 2-3 суреттердегі композицияның негізінде жасалады. Безендіру барысында аппликация, «оригами» фигураларын және өз шеберлігіңді пайдалануыңа болады.

Сергіту сәттері: Туған күнмен құттықтау ашықхаттарын құрастыр.

ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. - Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ): Қағаз дайындау. (кесу, тесу)

V. Қорыту. VІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 31-32 бет оқу.

2. Бағалау


















21.09.12

Тақырыбы: Күзгі моншақтар

Мақсаты: 1. Оқушыларға дән тұқымынан мозайка құрастыру.

2. білімділікке тәрбиелеу.

3. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, дән тұқымдары, ермексаз, қағаз.

Сабақ барысы:

I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мозайка деген не?Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет.

2. Ваза (1сурет ) мен табақшаны (2 сурет) қандай дән тұқымымен әшекейлеуге болады? (бидай, күріш, арпа).

3.Оқулық бойынша жұмыс 16 бет 1-5 суреттермен жұмыс

Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Өз ойыңа сүйеніп, дән тұқымынан көлемді мозайка құрастыр.

Алдымен қағаз бетіне мозайканың нобайын сызып ал. Одан кейін қатты негізге бір қабат ермексаз төсе. Оған дәндерді жасаған нобайдың бойынша орналастыр.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу. Жасалу ретін ата? Қазақстанда суда мекендейтін жануарларды ата?

VII. Қорыту.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 16 бет.

2.Бағалау






















16.11.12

Тақырыбы: Әр түрлі материалдардан мозайкалар құрастыру

Мақсаты: 1. Оқушыларға мозайка туралы тұсінік беру. Қарындаш жаңқаларынан мозайка жасау тәсілін көрсету. 2. Ой – өрісін,білімін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер,қағаз,әр түсті қарындаш,бояу.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын. Азияда қазба

жұмыстары кезінде көктас пен бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған. Негізінде мозайкамен жауынгерлердің жорықтары бейнеленген.

Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен еден,қабырғаларды сәндеген. Соған қарағанда мозайканы ерте кезде – ақ құрастырған екен. 1,2,3 – сурет бойынша түсіндіру

Кез– келген пайдаланылған қарындаш жоңқаларын алуыңа болады. Жоңқа неғұрлым ұзын және бірдей болса, мозайка да соғұрлым әдемі болады. Жоңқаларды бояп, қиып, мозайка жасауға пайдаланамыз. 1.Оқулық бойынша жұмыс: 14-15 бет

  1. Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозайкамен ормандағы жаңбарлы күнді немесе гүлге қонған көбелекті бейнеле.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақ – жауап: 1.Негізгі жұмыс кезеңін ата?

  2. 2. Қарындаш жоңқалары немен боялғанын түсіндің бе? 3.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  1. Көрме ұйымдастыру.

VII. Қорыту: VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 14 – 15 бет оқу.

2. Бағалау














14.12.12

Сабақтың тақырыбы: «Қар ұшқыны» аппликациясы


Сабақтың мақсаты: 1. Мата туралы түсінік беру. Мата түрлері және одан

жасалған заттар туралы өз білімдерін қалыптастыру.

2. Танымдылық қабілетін дамыту.

3. Еңбек етуге баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Жабдықтау: Қайшы, ине, жастықша.


Сабақтың мазмұны:


І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.


III. Жаңа сабақ: а) Түсіндіру. 1. Мата түрлеріне тоқталу. 2. Матаны өндіру ерекшелігі. З. Матаны бір-бірінен ажырату. 4. Матаның өң беті мен теріс бетінің ерекшелігі ә) Матадан бұйымдар тігу. Құралдарды пайдаланып матадан бұйымар тігеді. Ол «іс тігу» деп аталады. Матаны арнайы құралдар - қайшы мен иненің көмегі арқылы өңдейді. Ал бұл құралдарды пайдаланудың өзіне тән ережелері бар. Соны біліп алу керек. б) Құралдарды пайдалану ережелері: 1. Қайшы мен инені доғал жағымен ұсыну керек. 2. Ине мен түйреуішті ауызға салуға, киімге түйреуге болмайды. З. Іс тігіп болған соң ине мен түйреуішті түгендеп шығу керек. 4. Ине мен түйреуішті арнайы жастықшаға түйреп қою керек.


ІҮ. Жаңа білімді тексеру: Матаның қандай түрлерін білесін? Оларды неден өндіреді? - Матаның қандай беттері бар? - Матаның қағаздан қандай айырмашылығы бар?


Ү.Сабақты қорытындылау: Біз нені білдік?


ҮІ. Бағалау














26.10 – 2.11

Тақырыбы: Әр түрлі пішіндерден жүк машинасын құрастыру


Мақсаты: Техникалық модельдеу және құрастыру тарихынан.Машина,

бағдаршам, тікұшақ үлгісін құрастыру тақырыптарын оқып түсіндіру. Бағдаршам жасау.

Танымдық қабілеттерін дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрн: еңбек папкасы.

әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік.


ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Тақырыбымен мақсатын хабарлау.


Ү. Жаңа сабақ.

а/ Оқулық бойынша.

Бұранда қалағы айналғанда, тікұшақ ауаға көтеріледі. Ол ауады қалықтайды, көтеріледі және жерге қона алады. Тікұшақтың артқы бөлігінде бұрандасы бар. Ол ұшу кезінде тікұшақтың өзін-өзі шыр айнала қозғалуын қамтамасыз етеді.

ә/ тақырыпты оқу

  • іштей оқу

  • тізбектей оқу

  • жеке –жеке оқу.

Сарамандық кезең

а/ Оқушыларға экскаватордың үлгісін жасату. Оны арба деп атайық. Бұл арба экскаваторды барлық жағына айналдырады. 2.Шөмішті рычаг. Бұл-негізгі жұмыс бөлігі. Жүкті іліп алып, машинаға тиейді. 3.Жебесі (стрела) білік арқылы барлық бағытқа айналады. 4.Кабина жебемен бірге айналуы тиіс.


ә/ техника қауіпсіздік ережесін есте сақтау.

б/ оқушыларға жеке –жеке көмек көрсету.


ҮІІ Қорыту.

  • оқушы жұмыстарын салыстыру, мадақтау.

ҮІІІҮйге тапсырма






7.12.12

Тақырыбы:Аққала жасау.

Мақсаты: Оқушыларға «Аққала» жасауды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: шиден жасалған мүсіндер. Қажетті материалдар мен құралдар: барқыт мата, қатты қағаз, ши немесе пенопласт (ұсақталған), ПВА желімі, бор, үтік, кеңсе пышағы.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Аққала – қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы шиден жасап көрейік. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шиді аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алып, тазалаймыз да, суда жібітеміз.

2. Судан алып, оларды кеңсе пышағымен бойлай жарамыз.

3. Жарылған шилерді астына және бетіне қағаз төсеп, үтіктейміз. Одан кейін шилерді ұсақтап бөлеміз.

4. Барқыт матасын қатты қағазға желімдеп аламыз. Содан соң бормен аққаланың мүсінін бейнелейміз.

5. Аққалаға ұсақталған шилерді, ал сыпыртқысының сабы мен басына ұзын жіңішке шилерді желімдейміз.

6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын да шимен жапсырмалаймыз.

7. Ұсақ шимен аққаланы тұтас толтырып шығамыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Ши қайда өседі? Шиден кілем тоқуға бола ма? Шиден тағы қандай мүсіндер жасауға болады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.














10.05.12

Тақырыбы: «Гүлденген бақша» композициясы.

Мақсаты: Оқушыларға гүлдерді бейнелеп панно жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, паннолар.

Қажетті құрал-жабдықтар: қатты қағаз, түрлі-түсті мата қиындылары, калька қағазы, ПВА желімі, қайшы, қарындаш,өшіргіш.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлдермен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді. Түрлі-түсті матадан әсем гүлдерді бейнелеп, оларды қатырма қағазға желімдеу арқылы панно жасауға болады.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатты қағазға қарындашпен бірнеше гүлдің суретін салып аламыз.

2. Салынған гүлдердің үлгісін калька қағазына түсіріп, қиямыз.

3. Дайын үлгілерді әр түрлі мата бетіне (гүлдің басын қызыл, күлтелерін көк, сабағы мен жапырақтарын жасыл түсті матаға) орналастырып, оларды қиямыз.

4. Қиып алынған үлгілерді қатты қағаз бетінде бейнеленген гүлдерге бөлшектерін ауыстырып алмай жапсырамыз. Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Гүлден жасаған панно ұнады ма? Гүлдің қандай түрлерін білесіңдер? Сен тұратын аймақта қандай гүлдер өседі?

VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

















15/22.02.13

Тақырыбы: Әшекейлі бет орамалдар.

Мақсаты: Оқушыларды бет орамалдардың түрлерімен таныстыру. Оларды әшекейлеуге үйрету. Оқушының логикалық ойлау қабілетін, қол икемін дамыту.

Әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: әр түрлі әшекейленген бет орамалдар.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бет орамал – тазалықтың кепілі. Ол әрқашан өзіңмен бірге жүруі тиіс. Бет орамалдың көлемі әр түрлі, ол балаларға, ересектерге арналып тігіледі. Өздеріңе ұнамды матадан бет орамал тігіп, өрнектеп алуларыңа болады. Ол үшін бір түсті үш бөлек шаршы мата алып, жиектерінен бір жіпті суырып, орамал шетін түзулеңдер. Суырылған жіп ізімен қиыңдар. Үш орамалды үш түрлі тор көзді, кестелі, мережкалы өрнектермен көркемдеуге дайындаңдар.Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту.

2. Практикалық жұмыс. Орамалды өрнектермен көркемдеу.

3.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бет орамалды әшекейлеудің қандай түрлерін үйрендік ?

Мережкалы кеестені қандай бұйымнан кездестірдің?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып

,бағалау.




















1.02.13

Тақырыбы: Жиһаз

Мақсаты: Оқушыларға ашықхаттан диван жасату. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: ашықхаттан жасалған әр түрлі заттар.

Қажетті материалдар мен құралдар: ашықхат (5дана), қарындаш, сызғыш, қайшы, ине, жіп.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ашықхат – жұқалау, қиюға жеңіл қатырма қағаз. Одан алуан түрлі әсем әрі тартымды бұйымдар жасауға болады. Ашықхаттан жасалатын диван 5 бөліктен тұрады. Олар:

1.Диванның арқасы.

2.Диван арқасының алдыңғы бөлігі мен отыратын бөлігі болып табылатын алдыңғы жоғарғы бөлігі.

3.Диванның төменгі бөлігі.

4.Жақтаулары (2 бөлшек) Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

Диван бөліктерінің барлығын ашықхаттан қиып аламыз. Оларды торлап тігу әдісімен бір-біріне біріктіріп тігеміз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Жасаған дивандарың әдемі шықты ма? Ашықхаттан тағы қандай бұйымдар жасауға болады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,

бағалау.
















8/15.03.13

Тақырыбы: Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу.

Мақсаты: Қуыршаққа арналған киімдер тәсілін үйрету. Танымдылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Көрнекілігі: мата, қайшы, ине , жіп.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу. IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Маталар әр түрлі болады: тықыр және түкті, жеңіл және ауыр, тығыз және босаң тоқылған.

Олардың қандай ортақ қасиеті бар?

Барлық маталардың жіптері белгілі бір ретпен тоқылады. Оларды тоқу станоктарында тоқиды. Бұдан көп жылдар бұрын адамдар қолмен тоқу станоктарын пайдаланған. Қазір маталар тоқыма фабрикаларында тоқылады. Жартылай автоматтандырылған арнаулы станоктар қолданылады. Матаны жіптен тоқиды. Жіптердің мақта, жүн, жібек, зығырдан, әйнектен жасалатын және синтетикалық түрлері болады. Синтетикалық және жібек жіптерден басқа барлық жіптер иәру машиналарында шүйкеленіп, иіреді. Киімдерді дизайншылар сияқты модель дейміз. Бұл спорттық киім болғандықтан, сен материалды дұрыс таңда. Киім моделін қиып ал. Баулықтарды бүктеп, оларды желімде.

Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Свитер мен шалбарды өз ойыңша безендіруіңе болады. Қағаздан аппликация жаса. Сен қуыршаққа арналған бұл киімдердің құрастырушы – сәнгері екеніңді ұмытпа. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

V. Қорыту: Қуыршаққа арналған киімді қалай модельдеуге болады?

VІ. Үйге тапсырма: 132- бет оқу. Бағалау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!