СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шеберліктің шын болмысы – Шераға"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шеберліктің шын болмысы – Шераға

Тәуелсіздігімізді тұғырландырған тұлғалардың тобында халқымыздың ардақты перзенті Шерхан Мұртазаның алар орны алабөтен. Шерхан Мұртазаның табиғатын танытып тұратын бір ғана түйінді сөз іздер болсақ, біз қазақтың «азамат» деген асыл ұғымын алдымен ауызға алатынымыз анық.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген. Қ.Р-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1992 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіреді. 1955-1956 жылы Қазақ мемлекет  көркем әдебиет баспасында, 1956-1960 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), 1960-1963 жылы «Социалистік Қазақстан» газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1972-1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1980-1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарады. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л.Лагиннің «Хаттабыч қарт», М.Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. 1958 жылы Шерхан Мұртазаның «Құрылысшы Дәку» атты тұңғыш кітабы жарық көреді. Сонымен қатар 1965-1973 жылдары жарық көрген «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан», «41- жылғы келіншек», «Ахметжанның анты» сияқты повестері бар. Шерхан Мұртаза өзінің «Қара маржан» шығармасында өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми – техникалық төңкеріс жайын сипаттаған. Драматургия саласында жазушының «Қызыл жебе», «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» атты пъесалары қойылды. Қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелері көтеретін көптеген мақала – эсселер жаза отырып, Шерхан Мұртаза Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының құрметті азаматы атанады.

Шерхан Мұртазаның негізгі көркем туындылары кеңес дәуірі тұсында жазылды. Қазақстан ресми түрде азаттық алған кезде жазушы егде тартып қалған болатын. Бірақ соған қарамастан жазушының тәуелсіздік жылдары жазған туындылары Қазақ елінің тәуелсіздік алуына тікелей байланысты болғандығы анық. Осы кезең ішіндегі туындыларының ең қомақтысы – «Ай мен Айша» атты мемуарлық романы. Мемуардың басында бас кейіпкер Барысхан әлі кішкентай, бірінші кітаптың соңына қарай небәрі он жасқа жаңа келеді. Жазушының шеберлігі соншалық жас кейіпкердің жадында сақталып қалған жекелеген көріністер мен шағын оқиғалалардың өзі-ақ сол замандағы өмір суреттерін асқан шынайылықпен оқырманның көз алдына әкелері сөзсіз. Ш.Мұртаза қаламына тән жазушылық машықтың бірі – жалпы әр тақырып, әр оқиғаның соңын философиялық оймен түйіндеп отыруы. Соның бір мысалы жазушының «Ай мен Айша» шығармасындағы міскін, кемтар жандарға байланысты айтылған философиялық ойы: «Бұйырса» дегені – уайым. Қартамыс болған қарт адамның сөзіндей. Дені сау адам ажалды ойлай бермейді, өмірі өлместей көрінеді. Ал ауру адамға, ұзақ кесел қысқан адамға ажалдың апаны елестеп тұратын болар. Ұзақ кеселдің адамын тек үміт қана сақтайды. «Бұйырса» деген сөзде үміт те бар, күдік те бар. Қайсысы жеңеді, сонысы алады. Өмірдің ащы шындығынан туған мұндай детальдар – кітаптың трагедиялық мазмұнын күшейте түсетін көркемдік фактолар. Сонымен қатар оқырмандар назарын «Бір кем дүние», «Ғапыл дүние» топтамалары да түйінді ойларды шоғырландырумен аударуда деп білеміз. «Бір кем дүние» кітабында Шерхан Мұртазаны басқа қырынан танылды деуге болады. Жинақтың тіні – көбінесе философиялық ойлармен түйінделетін қысқа тәмсілдер. Өмірде болған түрлі оқиғаларды қысқаша ғана баян етіп, сөз соңын философиялық пайымдаулармен түйіндеп отырады. Сөйтіп өзі тақырып еткен әрбір құбылыстан, әрбір оқиға мен шағын эпизодтың  бір тұжырым жасайды. Жай тұжырым емес, саналы оқырманға ой салатын, қалыптасқан көзқарасын қозғайтын тұжырым.

Жазушының осындай философиялық ойларына өзек болғандардың бір парасы өзінің замандастары, аралас-құралас болып жүрген адамдарының қилы қылықтары мен сөздері. «Соғыс жетімі» деген тәмсілінде: «Әкең сенің осындай азамат, жақсы жазушы болғанынды көрмей, майданда қаза тапты, әттең...» деген кезде жасы алпыстан асқан жазушы Бек Тоғысбаев еңкілдеп жылап жіберіпті. Осы оқиғадан автор «Міне бұл ұлы сезім... Жүрегі елжіремейтіндерден қорқу керек» деген тосын түйін жасайды.

Жазушының тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектерінде туған халқының түрлі қиындықтарының өзек болып келуі де заңдылық. Өйткені туған ұлтының басындағы түрлі жаздаяттарды жазушы сонау Кеңес өкіметінің тұсында да үнемі әңгіме өзегіне көркем ойдын тиегіне айналдырып отыратын.  

Еліміздің тәуелсіздік алғаны жақсы – ау, бірақ сол тәуелсіздік, демократия лебімен қоса өмірге жаңа қиындықтар да келіп жетті. Еліміз саяси бостандық алғанымен, әлі рухани бостандыққа толық қол жеткізе  алмағанын байқаушылардың бірі болғаны да рас. Жазушының жанын қинап, қаламының ұшын қарайтын жіберетін де осындай өзекті мәселелер. Ендеше патриот жазушының тәуелсіздік жылдары ұлт, бұқара тағдырына қатысты қаламын батыра сілтеуі, жан ауыртатын жағдаяттарды әлсін әлі оқырман алдына көлденең тарта беруі де оның қандай бағыттағы тұлға екендігін аңғарта білді.

Жасының егде тартқандығына қарамастан, Шерхан Мұртаза қол қусырып жатып алмай, ұлтының жүрек ауыртқан мәселелеріне қайт айналып соғудан шаршар емес. Тек қана көркем шығармалары немесе тәмсілдері арқылы ғана емес, жекелеген мақалалары мен сөйлеген сөздері арқылы да қайраткерлік танытуда. Жазушының халық қамы үшін күресудің нақты мүмкіндігіне ие болған кезі – халық қалаулысы ретінде республика Парламентіне депутат болып сайланған уақыты еді. Осы жағдайды пайдаланып, ол туған жұртының кем – кетігін жөндеп, ресми мінберден өз жұртының проблемаларын айтудай – ақ айта білді. Қарттықты  мойындамай жүрген қаламгерге 85– жылдығының қарсаңында қалам қаруын және ауру сырқудан аман-есен жүруін тілеймін.

Просмотр содержимого документа
«"Шеберліктің шын болмысы – Шераға"»