СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 03.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шешендік өнер , оның тарихи негіздері (9-сынып)

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шешендік өнердің тарихын оқып үйренуге арналған сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Шешендік өнер , оның тарихи негіздері (9-сынып)»

Тақырып: Шешендік өнер,оның тарихи негіздері

Мектеп:№ 6


Күні 10.10/2016 жыл

Қатысушының саны: 9

Қатыспағаны :0

Пән: қазақ әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні: Мукишева Дана Азанбаевна


Сынып: 9

Оқыту мақсаты:



Шешендік өнердің алуан сипаттарын,шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу; халқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, құнды мұра екендігін таныту;

Барлығы: Шешендік өнермен танысыды

Көпшілігі: Шешендік өнер туралы,түрлері туралы біледі

Кейбіреулері: Шешен сөйлеу дағдыларын меңгереді

Күтілетін

нәтижелер:

1.Сыни ойлау арқылы білімін қалыптастырады.

2. Шешендік өнердің қыр –сырымен танысады.

3. Ой белсенділігін дамиды,шығармашылық ізденіске бағытталады.

Тілдік мақсат

Берілген тапсырмаларды дұрыс түсініп оқу; Өз ойын еркін жеткізе білу, шешен сөйлеуге дағдыландыру

Алдыңғы (бұрынғы)

Оқыту

Орта мерзімді жоспар бойынша « Шешендік өнер» тақырыбына арналған сабақтардың бірінші сағаты



Жоспар

Жоспарлау уақыты

(минутпен)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Бағалау

Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Кіріспе

«Шынымды айтсам» ойыны арқылы ынтымақтастық ахуал тудыру.Біз топ алдында ашық сөйлесуді үйрендік. Сіздерге мына карточкаларда аяқталмаған сөйлемдер беріледі. Осы сөйлемдерге сіздердің нақты және шынайы жауап берулеріңіз қажет.

Мыс: Шынымды айтсам …. маған өте қажет.

Шынымды айтсам өмірде мен үшін басты нәрсе … .

Оқушылар ортада дөңгелене тұрып, өз ойларын ортаға сала отырып, сөйлемді аяқтайды.




Аяқталмаған сөйлемдер жазылған кеспе қағаздар

Топқа бөліну










Оқушыларды 3 топқа бөлу,




«Мозаика» әдісімен құрастырылған суреттер артында сабақ тақырыбын анықтайтындай сөйлеммен топтастыру


Құрастырған суреттегі кімнің сөзі, назар аударайық.Не туралы?

« Сөзден тәтті,сөзден ащы нәрсе жжожоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе,ақылыңа билет...»(Бөлтірік шешен)

Оқушылар өз ойларын айтады, сол арқылы сабақ тақырыбы ашылады.


Қима қағаздар,

табыс өлшемі парағы

Үй жұмысын

тексеру

«Блиц кездесу» әдісі .Ықтимал сұрақтар:

1. «Қыз Жібек» жыры туралы не білесің?

2. Негізгі кейіпкерлеріне сипаттама бер?

3. Қазіргі заманда Жібектей арулар бар ма?

«Блиц кездесу» әдісі арқылы екі оқушы бір біріне арқасын беріп отырып,сұрақтар береді

Әр топтан бір оқушы жауап береді.

Смайликтер арқылы


Презентация


Сабақ барысында слайдтар пайдаланамын

Слайдтардағы тапсырмаларды оқып, орындайды.


Интербелсенді тақта

Ой қозғау


Қазақ халқында «билер», «шешендер» деген ұғымдар бар, олар кімдер? Олар несімен ерекшеленеді?

Оқушылардың ықтимал жауаптары тыңдалады.Сол арқылы жаңа тақырыппен танысады.



Негізгі бөлім


Проблемалық іздену. «Мағынаны тани білу сатысы» стратегиясы арқылы постер қорғау :

І топ.Шешендік өнер тарихы

ІІ топ.Шешендік сөздің түрлері

ІІІ топ.Қазіргі шешендік өнер


«Кезбе журналист» әдісі

1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?

2. Шешендік сөздер жазба әдебиетінің мұрасы ма?

3. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты болған ба?

4. Шешендік сөздер ХІХ ғасырда пайда болды дегенге келісез бе?

Постер жазу. Оқушылар алдымен берілген тапсырмалар бойынша жеке, жұпта, топта серіктестік орта құра отырып, сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, дайындаған жұмыстарын постер парағына түсіріп, тақтаның алдына шығып қорғайды.


Оқушылар журналистің сұрағына жауап береді,ойларын дәлелдейді.




«Басбармақ»

«От шашу» әдісі







Смайликтер арқылы

Постер,фломастерлер


Тақтамен жұмыс











Оқулық пен дәптер

Сергіту сәті

3мин

«Қоқыс жәшігі» атты сергіту сәтін ұсынамын.

Оқушыларға қоқыс шелегін салуға тапсырма беріледі. Осыдан соң балаларға өз өміріндегі қажет емес кері сәттерді естеріне түсіріп, осы қоқыс шелегіне тастауды бейнелеу тапсырылады.


слайд

Рефлексия

5 мин

« Ойлаудың алты қалпағы» әдісі.

Ақ қалпақ-Сіз қандай ақпарат алдыңыз?

Қара қалпақ-Қандай қиыншылықтары бар?

Сары қалпақ-Жағымды , пайдалы жақтарын саралаңыз.

Жасыл қалпақ-Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.

Қызыл қалпақ - дамыту болжамдарын айтыңыз.

Көк қалпақ- Қорытынды жасаңыз

Әр топ өзіне түскен қалпақ бойынша бүгінгі тақырып туралы ойларын ортаға салады



Қалпақтар

Бағалау

3 мин

Топ басшыларынан топ мүшелеріне баға қоюды сұрайды.

Табыс өлшемдері бойынша топ басшылары бағалайды



Үй жұмысы

3 мин

«Шешендік өнер-ұлт мұрасы» эссе жазу

Күнделіктеріне жазады.


Күнделік


Дифференциация

Бағалау –қатысушылардың білімін/прогресті қадағалауды қалай жоспарлайсыз? (ақпаратты қорытындылау/бағалау идеясы)

Пәнаралық байланыс

Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз?

Бағыт беру

Тарих, қазақ тілі

Қатысушыларға қандай тапсырмалар

беруді жоспарлайсыз?

Топтық тапсырмалар

Қосымша ақпаратты пайдаланулары,күнделікті өмірмен сабақтастығы


Барлық бағаларын жинақтап суммативті баға қою

Рефлексия

Оқыту/сабақтың мақсаттарына жете алдыңыз ба?

Жеттім

Бүгін қатысушылар нені үйренді?

Шешендік өнердің даму тарихын, түрлерін біледі

Оқыту атмосферасы қалай болды?

Жоспарланған жұмыстар орындалды

Менің дифференцирленген әдіс-тәсілдерім жұмыс барысында қаншалықты орындалды?

Толық орындалды

Мен кестеге сай жұмыс жасадым ба?

Ия. Сабақ жоспарға сай өтті

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуіме болады және неге?

Әр сабаққа оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды жүйелі қолдану


Қорытынды бағалау

Сәтті болған екі жағдай атаңыз (оқу мен оқыту)


1) топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың әртүрлі ұстанымдармен алмасуға ықпал еттім;

2) жаңа білімді игерту барысында оқытудың тиімді әдістерін пайдаландым,;

Сабақты жақсартудағы мүмкін болатын екі жағдай атаңыз (оқу мен оқыту)


1)деңгейлік тапсырмаларды көбірек беру;

2) оқушылар өзін - өзі, өзгені бағалауды жетілдіру:


Сынып жайында мен қандай жаналық білдім, сонымен қатар жеке қатысушылар туралы не білдім, менің келесі сабақты өткізуіме осы аталғандар қалай әсер етеді/қалай көрініс табады?


Ынтымақтастықта-оқыту мен оқу тәсілін жетілдіруім керек . Бұл тәсіл оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген,оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!