| Әр ауыл тиісті тапсырмаларды топпен орындауы шарт. Бірінші ауылымыз -Төле бидің ауылы. Шешендердің өсиеттеріне сүйеніп толғау жазайық. Егер мен / оқушының есімі/ ...... би болсам ......... Не жақын? Оқушыға кітап жақын, Қасапшыға ...... жақын. Ойыншыға доп жақын, Мергенге ...... жақын. Бағбанға бақша жақын, Саудагерге ...... жақын. Арбакешке қамыт жақын, Батырға .. ..... жақын. Асабаға той жақын, Қойшыға ....... жақын. Тігіншіге бөз жақын, Шешенге ...... жақын.
Кім жетім? Халқы болмаса әкім жетім, Ұстазы болмаса ......... жетім. Базары болмаса сатушы жетім, Кітабы болмаса ........ жетім.
Жауабы болмаса сұрақ жетім, Бәдік сөз тыңдаса ....... жетім. Иманы болмаса намаз жетім, Қадірсіз сызылған....... жетім.
Енді біздің келесі ауылымыз - Әйтеке би ауылы. Әйтеке би туралы көріністі сахналау. Мәтін қағазбен беріледі. Қажетті құралдарды дайындап қою /орындық, шапан, бөрік т.б/ Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы. «Егер мен Қазыбек би болсам..........» 1-10 дейінгі сандардың жұмбағын былай шешуші едім; Бір дегенім – Екі дегенім – Үш дегенім – Төрт дегенім – Бес дегенім – Алты дегенім – Жеті дегенім - Сегіз дегенім – Тоғыз дегенім – Он дегенім - Ендігі біздің төртінші ауылымыз Майқы би ауылы. /Оқушылар жағдаятты шешеді немесе «Шешендік өнер» кластер жасайды/ Барлық шығармашылық тапсырмалар орындалған соң, осы жерде топқа бөлінудің маңыздылығы айтылады. |