Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Шоқан және оның орыс достары
Сабақтың мақсаты:
Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру. Оқушылардың тарихи ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру; Оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалихановтың суреті, «Шоқан саяхаттары» карта-сызба,
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен амандасу
-Сыныпты түгендеу
-Сабаққа даярлығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Дайындаған рефераттарын қорғау.
Өткен тақырыптарды пысықтау
Шоқанның өмір жолдары
Бәйге ойыны: «Шоқан – ұлы ғалым»
Шоқанның әкесінің аты кім? (Шыңғыс)
Шоқанның білім алған қаласы? (Омбы)
Шоқанның туған өлкесі? (Құсмұрын)
Шоқанның арғы атасы? (Абылай)
Қазақтың тұңғыш ғалымы? (Шоқан)
Шоқанның атасы? (Уәли)
Шоқанның әжесі? (Айғаным)
1858-59 жылғы сапары? (Қашқария)
Шоқанның қайтыс болған жері? (Алтын Емел)
1857 жылғы сапары? (Ыстықкөл)
Ыстықкөл сапарында зерттеген поэмасы? (Манас)
ІІІ. Жаңа сабақ : Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып өздігінен білім алу, талдау.
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты.
Одан 150—дей сурет қалған.
ІҮ. Аударма жұмысы.
Қосымша тапсырма:
Ш. Уалиханов родился в 1835 году в нынешней Кокшетауской области. Он рос умным, понятливым мальчиком.
Настоящее его имя – Мухаммедханафия. Шокан – это ласкательное имя, данное ему родителями. Он обучался арабской грамоте, знал чагатайский и другие тюркские языки..
В 12 лет он поступил в Омски» кадетский корпус. Он учился очень хорошо. Он побывал во многих местах, собирал образцы устного народного творчества и материалы, связанные с историей и этнографией не только казахского народа, но и уйгурского, киргизского, дунганского, китайского народов,
Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас» В 1857 году он стал членом русского Географического общества.
Ү. Бекіту кезеңі 5 жолды өлең
1.Зат есім
2.Сын есім
3. Етістік
4. Синоним
5. Сөйлем
Ү. Қорытынды кезең.
«Математикалық ойын»
1. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?
(50 : 5) - (20 : 4) =
1. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?
(57 - 50) + (7 + 4) =
1. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?
(250 - 200) – 20 =
1. Ә.Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?
(100 * 3) - (10 * 15) =
Семантикалық карта.
| Шоқанның шын аты | Қай жылы Кадет корпусында білім алды? | Генерал М.Г.Черняевтың жорығына қай жылы қатысты? | Дүниеге келген жылы? | Дүнеден өткен жылы? |
1847-1853 ж. | | + | | | |
1865 ж. | | | | | + |
1835 ж. | | | | + | |
Мұхаммед-Қанапия | + | | | | |
1864 ж. | | | + | | |
Бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.