Пәні:Әдебиеттік оқу | Уақыты: 15.05. 2017ж | Кабинет №7 | Мұғалімі:Есенова Ляиля |
Сабақтың атауы: | Ғажайып жаңбыр. Школадтан жасалған жол. |
Сілтеме: | Алматы «Атамұра»2015ж . АКТ |
Жабдығы: | Суретті кестелер,стикер,постер,фломастер,перфокарталар,бағалау парақшалары. |
Жалпы мақсаты: | 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену 2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау 3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО |
Нәтежесі: | 1.Жаңа теориялық ақпарат беру. 2.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру; 3.Өз ойларын дәлелдей білу,сыни тұрғыдан ойлана біледі. |
Әдіс-тәсілдері: | Топпен,ұжыммен жұмыс, «Шелектегі идея» «Ыстық орындық» «Өрмекшінің торы»СТО |
Тапсырмалар: | Сарамандық жұмыс,постерге сурет салып,оны қорғайды. |
Психологиялық ахуал: | Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. |
Үй тапс.сұрау: | а)Үй тапс, сұрау.ә) «Көпір» әдісі арқылы қорыту. |
Жаңа сабақ: | |
Сөзжұмбақ сұрақтары:/автордың аты жөнін шығару./ Аттың жартысы қай жерде жайылып жүр?/көгалда/ «Балама хат» өлеңін жазған кім?/Жамбыл/ «Жарты ат», «Балық құрсағында» деп аталатынәзілкеш оқиғаларды кім жазған?/Энрих Распе/ Ол қай халықтың жазушысы?/неміс/ «Үш жігіт туралы хикая» атты шығарманы жазған жазушы./Назым Хикмет/ «Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі Әлеубектің шешесінің аты кім?/Жиһангүл/ «Жарты ат» ертегісіндегі соғыс кімдермен болды?/түріктермен/ «Акула» әңгімесін жазған жазушы кім?/Л. Толстой/ «Ісініп» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?/домбығып/ Артиллерист, зеңбірек, қайық деген сөздер қай мәтінде кездеседі?/Акула/ Кемені суда ұстап тұратын тетік./зәкір/ «Шығыс шынары» кімге арналған мәтін?/Әлия/
2) Джанни Родари туралы қысқаша мәлімет беру. /Слайд арқылы/ 3) Италия және оның қалалары туралы мәлімет беру. /Слайд арқылы/
IY. Ой қозғау. Топ бойынша тапсырма беру. 1 – топ: Ғажайып жаңбыр қандай болады? Ғажайып жаңбыр жауса не істер едің? 2 – топ: Жол неден салынады? Шоколадтан салынса не істер едің? 3 - топ: Ойланып көр. Жол шоколадтан басқа тағы неден салынуы мүмкін?
V. Топпен жұмыс істеу./ассоциация құру./ 1 - топ: «Жаңбыр» сөзіне ассоциация құрады. 2 - топ: «Жол» сөзіне ассоциация құрады. 3 - топ «Шығармашылық топ» «Жаңбыр» сөзіне 5 жолды өлең құру. Топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.
YI. Мағынаны тану. 1) «Оқы, оқығанды көңілге тоқы! Мәтінді оқушылар өз бетімен оқып, бір - біріне түсіндіреді. 1 - топ: «Ғажайып жаңбыр» мәтінін оқып, бір - біріне түсіндіреді. 2 - топ: « Шоколадтан салынған жол» 3 - топ: Жаңбыр, жол туралы мақал - мәтел жазады. (Немесе «Жол» тақырыбына 5 жолды өлең құрайды. 2) Әр топтан бір қорғаушы мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелейді. 3) Мәтінді талдау. Мұғалім сұрақ қояды. Д. Родаридің шығармалары қандай шығарма түріне жатады? Осы мәтіндердің негізгі ойы қандай?
YII. Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа... VIII. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен белгілеу: көңілді, көңілсіз, ойлануда/ Неге жақсы өтті? Неге жақсы өтпеді? | |
Кері байланыс: | Стикерлер арқылы. «Екі жұлдыз,бір тілек» |
Рефлексия: Джанни родари – итальян жазушысы. Родаридің балаларға арналған «Чиполлиноның бастан кешкендері», «Телефонмен айтылған ертегілер» атты қызықты шығармаларымен танысайық. 2. Оқулықпен жұмыс. Кластағы оқушыларды үш топқа бөліп, үш тақырыпты жеке әр қайсысы оқып, іштерінен бір оқушы шығып әңгімелеуі керек. Пьомбиноға қандай жаңбыр жауды? Кәмпиттен жауған жаңбырды көргенде балалар не істеді? Алиса туралы ертегіні оқып отырған кезде сен нені армандадың? Алисаның ішкі ойын тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгімені оқығанда көз алдыңа нені елестете аласың? Ағайынды үш жігіт қыдырып жүріп неге кезікті? Әңгімеде сені не қызықтырды? Барлық бала қызығып оқитын Джанни Родаридің қандай кітаптары барын білесің? Алисаның арманы осы оқулықтан оқыған қай әңгімеге ұқсайды?
ҮІІ. Қорыту. Егер Алиса қауашықтың ішінен шыға алмаса, не болар еді деп ойлайсың? Өзіңнің осы арман-қиялыңды әңгімелеп жазып көр. | Кедергілер: 1.Жауаптардың қысқа болуы. 2.Оқушылардың өз ойын жете жеткізе алмауы. Болашақта жақсартамын: 1.Жаңа сабаққа бағытталған тапсырмаларды деңгейлеріне қарай бағыттау; 2.Вербалды құралдар қолдану арқылы,тақырыпты ашуға бейімдеу. |
Үйге тапсырма: түсініп оқу. | Кунделіктеріне жазады. |
Бағалау: | Балаларды бағалау парақшалары арқылы топ басшысы бағалайды. Мұғалім қорытынды бағаны шығарады «Тәттілер» арқылы бағалау. |