Просмотр содержимого документа
«Шығарма.Көк тудың желбірегені.1-4 кластар аралығында»
Тексерілді:---------------------------- Күні: 15.12.2016 Сағат:13.00
Шығарма
«Көк тудың желбірегені-қазақтың асқақ беделі»
2-4 кластар аралығында
Өткізген:Лаукенова Л.Ж
Шығарма байқауының негізгі мақсаттары және міндеттері:
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын насихаттау. Отанға деген оқушылардың сүйіспеншілік сезімдерін ұштай түсу. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға күш салу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және қызығушылығын арттыру. Ел, жер тарихын насихаттау арқылы, болашақ ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
Тәуелсіз ел- Мәңгі ел!
«Тәуелсіз елдің ұлы- өжет,
қызы- қайратты, халқы- қаһарман»
(қанатты сөз)
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі .Психологиялық дайындық.
2. Мұғалім: -Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені .
«Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді .Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер , ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек . Еліміздің ертеңі, болшағы - сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық :
-Ендеше өз ойымызды Қазақсатан тәуелсіздік алғанына 25 жылына орай жазайық шығармамызды.Тақтада бүктеме,суреттер,нақыл сөздер жазылған осыларды қолданып ойымызды толық жоспарға сүйеніп жазайық.
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім:
Азаттық жолындағы күрес
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Бабалар салған даңғыл жол
ә) Естен кетпес сол жылдар
б) Дүниені дүр сілкіндірген күн
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Туған елің- тірегің,
Туған жерің- жүрегің


«Көк тудың желбірегені-қазақтың асқақ беделі»
2-4 кластар аралығында
Өткізген:Лаукенова Л.Ж







