Шылау
Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
B) Бұдан кейін қарсыласудан ештеңе өнбейді.
C) Егер өзің сенбесең, саған ешкім бұйыра алмайды.
D) Жолда көзіңе бұзаулы сиыр түскен жоқ па?
E) Жүйрік-ау көңіл деген көк дөнен!
Дұрыс жауап: B
Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Үлкендер де сыртқа шыққан.
B) Жұмыс кейінге қалды.
C) Біраз жүргеннен кейін демалдық.
D) Кейде кейін, кейде алға жүреді.
E) Естіген әңгімем қызық-ақ.
Дұрыс жауап: C
Септеулік шылауды табыңыз.
A) Ән әрқашан күй сыйлайды.
B) Сен де ғашық болыпсың.
C) Осы елді менсінбей жүреді екен.
D) Махаббат деген осы ма?
E) Бұрын көрген таныс тәрізді жаныңды билейді.
Дұрыс жауап: E
“Дейін, шейін” септеулік шылауының жазылу емлесін көрсетіңіз.
A) Сызықша арқылы.
B) Бірге.
C) Нүктелі үтір арқылы.
D) Бөлек.
E) Үтір, сызықша арқылы.
Дұрыс жауап: D
Септеулік шылауды белгілеңіз.
A) Бар ма?
B) Төмен қарай.
C) Кейде.
D) Намыс пен ерлік.
E) Ән бе екен?
Дұрыс жауап: B
Шылау түрін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 5.
E) 1.
Дұрыс жауап: А
Септеулік шылаудың анықтамасын белгілеңіз.
A) Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады.
B) Сөзге күшейту, тежеу, күмән сияқты мағына үстейді.
C) Белгілі септік тұлғадағы сөздермен тіркесіп, оған қосымша мән үстеп тұрады.
D) Тиянақты ойды білдіреді.
E) Іс-қимыл әрекетті білдіреді.
Дұрыс жауап: С
Дұрыс жазылған жалғаулық шылауды табыңыз.
A) Жақсымен жанас.
B) Жақсылық пен жамандық алдыңнан қайтады.
C) Жақсылық, және, жамандық алдыңнан шығады.
D) Абаймен оның достары.
E) Кәкітаймен Абайға қарады.
Дұрыс жауап: В
-ма, -ме шылауының ұқсас келетін грамматикалық тұлғасын белгілеңіз.
A) Болымды етістік.
B) Болымсыз етістік.
C) Сабақты етістік.
D) Салт етістік.
E) Өздік етіс.
Дұрыс жауап: В
Дұрыс жазылған демеулікті белгілеңіз.
A) ... Кетігін тапта, бар, қалан.
B) Біле алмай ақ қойдым.
C) Әңгімесі тек-қана біз жайында.
D) ...Алайын мынасын ба, анасын ба?
E) Сен-Тұрмақ ол да жауап бермеді.
Дұрыс жауап: D
Бірыңғай демеулікті табыңыз.
A) Және, -мыс, бірақ.
B) Да, себебі, ау.
C) –ақ, -мыс, -ау.
D) Сондықтан, бірақ, -мыс.
E) –қой, сонша, өйткені.
Дұрыс жауап: С
Сұраулық шылаулы сөзді көрсетіңіз.
A) Келгенбісің.
B) Дүйсенбіге дейін.
C) Біле алмайды ғой.
D) Келіптіміс.
E) Барған еді.
Дұрыс жауап: А