Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Тақырыбы: Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Мақсаты: Шындық ұғымының адамгаршілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: — шындықпен өтірікті ажырата білу жайлы түсінік беру.
мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым Есте сақтау қабілетін,ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту. - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
шыншыл, адал болуға тәрбиелеу
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ, жауап, түсіндіру, саналау.
Көрнекілігі: көрініс, кластер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Әр күнімізді жақсы сөздерден бастайық.
Қайырлы күн құрметті оқушылар!
Қош, келіпсіздер ұстаздар!
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып, «Болайықшы осындай» өлеңін айтады.
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы осындай.
Бүгін балалар біз сендермен «Шыншылдық адамдықтың белгісі» атты тақырып жайлы ой бөлісеміз
1-топ: Бейнероликтен тыңдау. Сахналау «Түлкі мен ешкі» (ертегі)
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей түлкі батыр, не қылып тұрсың?- депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп - тұнық суы бар екен,- депті.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түлкі шын айтып тұр ма
Мұны естіп ешкі: « Мен де салқындайын, әрі су ішейін» деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып апаннан шығып жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты.
— Түлкіге қандай мінездемелер берер едіңдер?
— Ал ешкіге ше?
— Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма?
— Түлкінің әрекеті дұрыс па?
— Балалар сендер кейбір сәттерде өтірік айтқан кездерің болды ма?
— Өтірік адамға қандай зиян әкеледі?
— Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
— Шыншыл бала қандай болады.
2-топ: Әңгіме: «Шындық пен өтірік»
Арман мен Қанат дос болыпты. Бір күні Арман дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жо ғалтып алады. Ал Қанат ақшаны көріп тұрса да айтпайды.Арман басы салбырап үйіне кетеді. Қанат ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп,Қанат ақшаны досына әкеліп береді.Арман қатты қуанып, досын құшақтай алады.
- Қанаттың орнында сен болсаң не істер едің?
- Шындық неге жетелеп отыр?
- Арманды қуантқан Қанат өзі де қуана ма?
- Қанат ақшаны қайтармаса не болар еді?
-Сендерге адамның қандай қасиеттері ұнамайды?
3-топ: Халық ертегісі: Бүркіт пен сұңқар
Бір күні бүркіт өзіне сенімді, адал, шыншыл дос іздеп, әлемге хабар беріпті. Құстар жиналып, бүркіттің алдына келіпті. Сонда бүркіт:
-Кімнің қандай қасиеті бар?-деп сұрапты.
Бірінші болып қаз сөйлеген екен:
-Мен суда да жүземін, жер де жүремін ұша да білемін, -депті
Жапалақ ортаға шығып:
-Менен басқа құстар түнде ұшып көрген емес,- деп мақтаныпты.
Құстардың көбі осылай өзін –өзі мақтаған екен.
Сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан:
-Сен неге үндемейсің? Сенің қандай қасиетің бар?-деп сұрапты.
Сұңқааааааар: -Менің үндемей тұрған себебім, өзімде түрлі қасиет те жоқ, бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқта шармамай ұшу,-депті
Бүркіт:
-Бір басыңа осы қасиет те жетеді. Маған сен ғана дос бола аласың. Асырмай, тек шындықты айттың ғой, -депті.Содан бері биікте бүркіт пен сұңқар ғана самғайтын болыпты.
Мақал-мәтелдер.
1. «Өтірік- өрге баспайды.»
2. «Өтіріктің арты бір тұтам.»
3. «Шыншылдық-жақсылыққа жетелейді.»
4. «Өтірікшінің жаны күйер.»
Сергіту сәті:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
— Тақтадағы сөйлемді оқыту. Өтірік өрге баспайды. (оқыту хормен)
— Балалар, адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма деп қиналады. Шындық ашалып қала ма деп сезіктенеді: Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады, ол өтірік айтқан адам ұятқа қалады.
Өтірік айтып ұятқа қалғанша щындықты айтып қателігімізді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет жасау – адамдықтың белгісі болып табылады.
Міне сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды» деп өсиет қалдырған.
Сондықтан біз шыншыл болып, өтірік айтпауымыз керек.
Шыншыл болу кез келен адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады.
Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке кол жеткізеді. Елге сыйлы болады.Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді.Ол өзінің сыйын жоғалтады.
Тапсырма
Мұғалім өтіріктің жағымсыз қылық екенін ұғындыру мақсатында тапсырма береді. Тапсырма бойынша балалар сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырады.
Өтірікші алдымен өзін....
... шын сөзі зая.
Жағдаяттарды талдау
Балалар топқа бөлініп, төмендегідей жағдаяттарды өз топтарында талдайды және әр топ өз шешімдерін айтып шығады.
1 - жағдаят. Нұрсәуле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды.
2 - жағдаят. Анасы Айбарға балыққа жем ал деп ақша берді. Ол ақшаны ойыншыққа жұмсап қойды.
3-жағдаят. Болат сабақтан екілік алып қалды. Ол үйіне бара жатқанда күнделігін тығып қойды.
Мұғалім жағдаяттарды таныстырып, мына сұрақ бойынша талдау жасайды:
Балалардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат »үшіншісіне "өтірік" деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.Мысалы: Ш шана, А алма т. с. с
Кластер құрастыру:
-Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату.1,2-топ:
Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру.
Шындық неге жеткізеді? Өтірік неге жеткізеді?
3-топ: Тапсырма бойынша балалар сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырады.
Өтірікші алдымен өзін....
... шын сөзі зая.
Топпен ән айту
Ата ақылы
Шындық деген –ар-ұят Айтпа, жаным, өтірік,
Әділдік пен адалдық Болам десең үлгілі
Бол ісіңе мұқият, Мәпелеген өсіріп,
Қалсын десең жамандық Сен де еліңнің бір гүлі
Қайырмасы
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым ай
Қортындылау:
-Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен?
( Өтіріктің адамға пайдасы жоқ )
Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі де, өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің.
Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды.
Жүректен жүрекке:
Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын » деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу)
-Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр.
Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен – жүрекке жеткізейік.
-Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір – бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық жалынын сезінейік.
Әр нәрсенің байламын,
Шындықпенен шешейік.
Дақ түсірмей жүрекке,
Тәтті ғұмыр кешейік.
-Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ.Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық.
-Келгендеріңізге рахмет!
-Сау болыңыздар!