СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шырша астындағы силықтар

Нажмите, чтобы узнать подробности

....................................................................................................................................................

Просмотр содержимого документа
«Шырша астындағы силықтар»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 19.12.2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация

Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Достарға арналған жаңа жылдық силықтар","Ң"дыбысы.

Тақырыбы / Тема: "Шырша астындағы силықтар"

Мақсаттары / Цели. Мақсаты:

1. Тәрбиелік – воспитательная : Балалармен жаңа жылда шыршаның астынан өзіне арналған силықты алатынын,ол силықты бізге кім беретіні жайында әңгімелеу.

2.Дамытушылық – развивающая Балалардың сөздік қорын қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында дамыту мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен атауға, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру

3. Оқыту – обучающая : Үнді «Ң» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Аңшы, жаңа» сөздеріне дыбыстық талдау жасату

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, , сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение кітап, қарандаш,өшіргіш, әріптер.

Көп тілділік полиязычие: сөз-слово- the word,дыбыс-звук- sound

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Суретпен жұмыс:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі екенін қайдан білдік?

- Қыс мезгілінде неше ай бар? Айтайықшы?

- балалар қыс мезгілінде қар жауады дедік жаңа- қардан біз не жасаймыз?

- Ендеше «Аққала» ойынын ойнайық.

3-топқа тапсырма беріледі:

1-қатар: 1- Жыл басына таласқан жануарлардың атын ата!

2 – Қыста киетін аяқ киімдердің атын ата!(Байпақ,пима,етік)

3- Хоккей ойынын қайда,ненің үстінде ойнайды?

4- Қазақстан Республикасының Президенті кім?



2-қатар: 1-Жыл басы қай жануар болды?

2- Қыста киетін бас киімдердің атын ата!(Бөрік,тымақ т.б)

3- Зулап түсіп төменге,

Шығалмас менсіз бөгенге. (Шана)

4- Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата!

3- қатар: 1-Түйе неге жыл басы бола алмай қалды?

2-Қыста киетін жылы киімдерді ата!

3-Мұзда сырғанайтын арнайы аяқкиім?

4- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында не бейнеленген оның түсі кандай?

Балалар қазір қыс мезгілінің қай айы?

Желтоқсан айында біз қандай мерекелерді тойладық?

1-желтоқсан:Тұңғыш Президент күнін тойладық

16-желтоқсан күні біз неге сабаққа келмедік,біз ол кезде қай мерекені тойладық? (Тәуелсіздік).

Тәуелсіздік дегеніміз не? Қане кім айтады?

- Ешкімге бағынышты болмау,еркіндік,бостандық деген мағынаны білдіреді екен.Жарайсыңдар!

Ал балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қош келдің,Жаңа жыл!» деп аталады.

Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip тусте

(Шырша)

Балалар шыршаның түсі қандай? Балалар шырша ағашы қыстада, жаздада түсі өзгермейтін жалғыз ағаш екен.Ол қай мезгіл болмасын сол жасыл түсін сақтайды.Ал басқа ағаштар жасыл түсін сақтай алама? Олар көктемде жасыл болып,күз мезгілінде не істейді? Шырша ағашының 2 түрі болады екен 1-ші табиғи шырша, 2-ші пластик яғни пласмасса. Балалар бір жаңа жыл мерекесі үшін шырша ағашын кесіп жұлып алуға боламекен? Ол біздің табиғатымызды тазартып турады емеспе.

«Шырша безендіру» ойыны. Шарты: «Аяз ата» «Шырша» «Жаңа жыл» туралы тақпақ айтп береді.Тақпақ айтқан бала Шырша ойыншықтарын алып іледі.

Оқулықпен жұмыс

1.Шыршаны безендіру.

Сергіту сәті

Оң қолымды көтерем,

Сол қолымды көтерем

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды түсірем

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын

Біраз сергіп аламын

Оқулықпен жұмыс

2.Бірге жаттайық

Безендірдік деген сөзді қалай түсінеміз балалар, қане кім айтады?

3. тапсырмаға қарайықшы? Не көріп тұрмыз? Сол суретке ангіме құрастырайықшы.



Қорытынды:

«Жаңа жыл» әнін айту.

Сабағымызды Жаңа жылдық көңіл күймен аяқтаймыз.