СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шырша жанындағы жаңа жылдық ертегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ШЫРША ЖАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ сценарийі

Просмотр содержимого документа
«Шырша жанындағы жаңа жылдық ертегі»

ШЫРША ЖАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Аяз ата, Жалмауыз кемпір, Бармалей

Жүргізуші:

(«Жаңа жылдық дискотека» әуенімен балалар залға келеді)

Жүргізуші: Егер орман қарға жамылса,

Егер бәліш иісі мүңкісе.

Егер үйге шырша келсе,

Бұл мереке................

Балалар: жаңа жыл

Жүргізуші: Керемет күн келді бізге

Жаңа жылда келеді

Тақпақ:

Жүргізуші: естіледі дауыстар шырша жанында

Тақпақтар:

Ән: « »

Жүргізуші: Жаңа жыл – бұл таңғажайып, ертегілі және өте сүйікті мерекелердің бірі. Жылдың қай мезгілінде қарсы аламыз.

Балалар: Қыста

Тақпақтар:

Жүргізуші:

Ән: « »

Жүргізуші: Тосады бәрі қыста

Жаңа жыл келеді деп

Қуанышпен мерекені қарсы аламыз

Келеді бізге Аяз ата

Тақпақ:

Жүргізуші:

Полька « »

Биден кейін балалар орындықтарға отырады.

Жүргізуші: Балалар, Аяз Атасыз, сыйлықтарсыз мереке болады ма? (Жоқ). Сондықтан барлығымыз бірігіп Аяз атаны ортаға шақырайық.

(мыстан кемпір келеді, шыршаны айналады. Тоқтайды қызыға қарайды).

Мыстан кемпір: қараңдаршы, мен бүгін әдемімін. Тыңдаңыздаршы менің жаным әндетуде. Тек көздерімді әшекейлейін. Шаштарымды бұйралап алайын. Ақшақар болуға әзірмін. Солай емеспе балалар. (балалар жауабын тоспайды) Иә, иә, иә.

Не болды? Сонша неге айқайлайсыңдар? (шыршаға қарайды) мынау не тұрған мына жерде?(шыршаны қолымен ұстайды). Ой, мынасы не? Мен сияқты екен, долы да, сотқар екен. (балаларға қарайды). О! Ал сендер мында не істеп жүрсіңдер? Мен сендерді шақырған жоқпын ғой? Шақырған жоқпын. Амандасқан жоқпын ғой? Айтқан жоқпын. Ал сендер ше? Айтқан жоқсыңдар. Қандай ғажап. Сендерде мен сияқты тәрбие көрмеген екенсіңдер. Менің алтындарым. Менің қошақандарым. Мына тікенек жасылдың қасына неге жиналып отырсыңдар?

Жүргізуші: мыстан әже, сіз алдымен толған жұртпен амандасыңыз.(балаларды көрсетіп)

Мыстан кемпір: мен тоқашты көріп тұрған жоқпын.

Жүргізуші: тоқаш емес, толған жұртты

Мыстан кемпір: солай айтпайсыңдар ма. сәлеметсіңдер ме қыздарым – секеңдеген лақтарым, ұлдарым – томпақ қошақандарым. Немене отырып алдыңдар. Жақсы адамға жол бермейсіңдер (балалар қасынан жақындап, аяқтарын баса бастайды).

Жүргізуші: біз ең жақсы, ең көңілді, ең қымбатты мереке – Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.

Мыстан кемпір: (қуанышпен) мереке! Жаңа жылды! Әндермен бе?

Жүргізуші: әнмен

Мыстан кемпір: бимен бе?

Жүргізуші: бимен

Мыстан кемпір: сыйлықтармен бе?

Жүргізуші: иә, сыйлықтармен.

Мыстан кемпір: мен де сыйлық алғым келеді.

Жүргізуші: балаларда сыйлық алғысы келеді. Ал мереке Аяз атасыз бола ма?

Мыстан кемпір: (жүрегін ұстайды) Аязды естігенде жүрегіме тікен қадалған секілді болады, сендер неге тек соны тосасыңдар.(шыршаны айналады) жаңа жыл болсын дейсіңдер ме, сыйлықтар алғыларың келе ме, Аяз атаны тосудасыңдар ма. (тоқтайды) Бекер, бекер. Сендер мені мейірімді, мейірлі мыстан – әжені әр жыл сайын шырша мерекесінен немене? Дұрыс, қуасыңдар! Сыйлықты да немене? Дұрыс, бермейсіңдер. Сендер не мен сендердің осындай қылықтарыңа төзеді деп ойлайсыңдар ма? жоқ! Мен сендерге, сендерге сиқыр көрсетемін, (желкесін сипалайды) иә, иә, у – ух. Тезірек көрсеткім келіп тұр сиқырымды. Шақыра беріңдер, кімді шақырсаңдар да, соны шақырыңдар. Ал мен бәрібірде сиқырлаймын(желкесін сипалайды, айналады). Ойлан, ойлан!

(қуанышпен)Ого – го мен ойлап таптым. Қонағымды ортаға шақырайын. Кім әлемдегі ең мейірімді. Әрине, Бармалей ғой. Ең қаһарлы, ең жеркенішті адам. Ол бізге тамаша мереке ұйымдастырады. Шушара – мушара, брысь! Бармалей, мында кел!

(мыстан кемпір сыпырғышпен еденді соққылайды. Музыка ойналады, Бармалей келеді. Үстіне тапаншалар мен хлопушкалар ілінген. Мыстан кемпір осы уақытта шырша артында тығылып тұрады да, Бармалейге сығалап, қадағалайды).

Бармалей: Мен – каһарлы да, ұсқынсыз Бармалеймін. Ересектер мен балалардың зәрімін. Әлемдегі ең қорқынышты адаммын. Балалар сендер маған сенесіңдер ме?

(мыстан кемпірді көріп қалып, қасына жақындайды, қолын сүйеді)

Бармалей: (сыпайы) танысуға рұқсат етіңіз. Мен – Бармалей. Сіз кім боласыз?

Мыстан кемпір: (кекештене) Сәлеметсіз бе, сәлеметсің бе ең мейірімді, ең туыс, мейірлі дәрігер Бармалей. (маңғаздана) Мен – Мыстан әже. (шаштарын әдемілейді). Өзіміздің ормандағы ең бірінші сұлумын және қызғанарлық қалыңдықпын. Менде жасау мүлкім де бар: тауық аяғында тұратын ВИЛЛАМ бар, терезесі батпақ көрінісіне қараған, орманды фазендам бар және жеке меншікті ұшағым бар(сыпырғышты көрсетеді). Ұшақтың қалай ұшатынын көрсетейін бе?

Ойын: «мыстан кемпірдің шұбатылған соңы»

«Мен – әже, әже, әжемін. Мен ұшамын, ұшамын. Менің шұбатылған соңым боласың?» балаға жақындайды. Бала «Иә, боламын», бала орынынан тұрады, кедергіден өтеді, әже артына тұрады. Ойын музыка аяқталғанша ойналады. Музыка аяқталған соң балаларды ұстай бастайды, балалар қашады, орындарына отырады.

Бармалей: Иә, расында да қызығарлық қалыңдық екен. Ал мүлікі – (мысқылдай) қарқылдайтындай. Мына ұшақпен алысқа ұша аласың екен. (кідіріс) Жақсы, мен ойланып көрелік. Әжесі , сен мені не үшін шақырдың, соны айтшы.

Мыстан кемпір: неге, неге? жаңа жылды қарсы алуға. Мен Ақшақар, сен Аяз ата боласың.

Бармалей: Жақсы, жақсы. Бірақ мен Жаңа жылдың не екенін білмеймін. Кәне, балалар, екі сөзбен айтып шығыңдаршы.

Тақпақ: жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда, жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жарасады бары да

Бармалей: ал, Аяз ата деген не? Оны немен жиді?

Жүргізуші: балалар, кәне барлығымыз Аяз ата туралы әнді шырқайық

Ән: « »

Бармалей: Жақсы, жаңа жыл не екенін білдік, Аяз атаның кім екенін білдік, енді мынау не деген пальма, онда банан өседі ме? қашан жемістері піседі?

Жүргізуші: не дегенің Бармалей, бұл пальма емес, бұл жаңа жылдың ерекше белгісі – біздің сұлу шыршамыз. Шыршаны айнала қол ұстасып ән айтамыз. Бізбен бірге шеңберге кел, балалар саған арнап, шырша әнін орындайды.

Ән: «шырша»

Бармалей: Енді, түсінікті. Шыршаны безендірдіңдер, Аяз ата сыйлықтар әкеледі ғой. Жаңа жылда көңіл көтеру керек қой. Қазір біз көңілденеміз. Шыршадағы не деген шамдар жанып тұр? Әжесі, сөндір барлығын.

Мыстан кемпір: қазір, қазір, сиқырлаймын.

Сиқырды айтады

Далабастық, тентектік дейді

Далабастыққа сенбесем де

Дуалаймын ақырындап

(сыпырғышпен еденді соққылайды) Бір, екі үш – шырша шамы сөн. (есіктен пима лақтырылады)

Бармалей: Э – э. Сен не сиқырлауды білмейсің бе?(пиманы қолына алады) Енді не, мына тәпішкені шырша лақтырып, шамдарын сөндіру керек пе?

(бармалей сермей бастайды, ал мыстан кемпір оны тоқтатады)

Мыстан кемпір: тоқта, тоқта. Қызыма. Қазір болады, қағазымды алайын.

Үлкен қағазды алады, оқиды.

Мыстан кемпір: а – а – а, мен ойын ойнауды ұмытып кетіппін. Ойын: қыс пен жаз деп аталады.

Бармалей: ол қалай?

Ойын: «Қыс пен жаз» (шырша шамы сөнеді)

Мыстан кемпір: көрдің бе, сөнді. Шырша қысты жазбен ауыстырып алды.

Бармалей: міне, енді кетуге болады.

Мыстан кемпір: (сыпырғышпен сермейді) Жиналыңдар, қашыңдар, жарықты сөндіріңдер, босатыңдар бөлмені.

Бармалей мен кемпір кетеді.

Жүргізуші: Балалар, Аяз атаны шақыру керек. Ол мына жерде тәртіп келтіру керек.

Аяз атаны шақырады.

Аяз ата дауысы таспаға жазылған:

Естіп тұрмын, естіп тұрмын.

Қазір шатырға қонамын

Тосып отырсыңдар ма, балалар

Мәссаған, мен компотқа түсіп кеттім

Мында сендердің ас үйлерің ғой

Иә, мында құймақ, ботқа да бар екен

Бидонда сусын бар екен, қазір бір ұрттап алып, сендерге тездетемін.

Музыка ойналады, Аяз ата шананы сүйретіп келеді. Шанада қоңыраулар, сылдырмақ – маракастар. Шананы шырша жанына қояды.

Аяз ата: Жаңа жылда балаларға

Сыйлықтарды тарататын

Аязды жақсы көретін

айтыңдар тездете, ата керек пе?

Балалар: ИӘ

Аяз ата: бұл мен! Амансыңдар ма, достарым

Амансыңдар ма, құлындарым

Амансыңдар ма, қаршықтарым

Не деген әдемісіңдер

Көркемсіңдер, шаттысыңдар

Қол ұстасып, әндетіп

Қарсы алайық жаңа жылды

Ән:

Аяз ата: Мен сендерге музыкалық аспаптар ала келдім. Шеңберге шақырамын.

Аяз ата мен жүргізуші аспаптарды шанадан алып, балаларға таратады.

Жаңа жылдық полька аспаптармен

Аяз ата: қандай керемет сұлу шырша, қандай керемет ойыншықтармен безендіресіңдер, көрсетіңдерші?

Ойын: «шарларды біз ілеміз»

Жүргізуші: Аяз ата, қарашы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр.

Аяз ата: оны қазір түзетеміз. Шырша шамдарын жағуға маған балалар көрсетеді.

Аяз ата: менімен бірге айтамыз

Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат

Балалар қайталайды

Шырша дауысы (таспаға жазылған): жақпаймын. Есімді шығардыңдар. Жыл сайын қайталана береді. Қашанға дейін шыдаймын. Басқаша болғанды қалаймын.

Аяз ата: Мәссаған. Ғажап деп осыны айт. Орман сұлуы шамдарын басқаша жағуды сұрайды. Несі бар, иә балалар, шырша сұлудың сұранысын орындаймыз ба?

Әзілді шырша шамын жағу

Аяз ата: 1,2,3,4,5 – бастайық біз сиқырды

Құлақты төмен тарталық, шырша кәне жарқыра

1,2,3,4,5 – бастайық біз сиқырды

Мұрынды төмен тарталық, шырша кәне жарқыра

Шырша дауысы(таспаға жазылған дауыс, күледі): көңілімді көтердіңдер ғой.

Жүргізуші: балалар, көңілді биде біледі. Өзің қарашы

БИ: 4 қадам

Тақпақтар:

Аяз ата: ал енді, достарым, жұмбақ жауабын табыңдар

Жасыл шырша жанында

Қол ұстасып бала жүр

Мерекені атаңдаршы

Бұл мереке.......жаңа жыл....


Ақшақар мен Аяз ата

Сыйлықтарды әкелді

Ал балалар, айқынды

Оқиды ..........тақпақты......


Балапандар, полька биін

Жақсы көрер балалар

Қол ұстасып айтады

Орманда туды ..........шыршамыз.......


Жүргізуші: ескі жыл аяқталуда

Жақсы да, мейірлі болды

Мұңаймаймыз біз бірақ

Келе жатыр Жаңа жыл

Аяз ата: әнмен оны қарсы алып

Шаттанамыз бәріміз

Асығыспен тосамыз

Көңілді сағат дабырын

Сағат дабыры

Жүргізуші: Аяз ата, сен бізбен би биледің бе, ойын ойнадың ба, ән айттың ба. Нені ұмыттың?

Аяз ата: Мен? Ұмыттым? Жоқ, ештеңе ұмытқан жоқпын.

Жүргізуші: тақпақтарды тыңдаған жоқсың

Аяз ата: Дұрыс, дұрыс. Отырайын, тақпақтарды тыңдайын.

Тақпақтар:

Би:

Тақпақтар:

Аяз ата: маған қоштасатын кез келді. Сау болыңдар балалар.

(қолын бұлғап, қоштаса бастайды)

Жүргізуші: жоқ, ата, тоқтаңыз. Балалар сыйлық тосуда.

Аяз ата: Иә, иә. Есіме түсті.

Рәсім бойынша сыйлықтарды мен таратамын

Ешкімгеде бұздырмаймын бұл салтты

Мен мейірлі Аяз атамын, барлығыңа сыйлық әкелдім

Ал қайда қойғанымды ұмытып қалдым

Жүргізуші: міне қызық, енді не істейміз. Ата қайда болғаныңды есіңе түсір? Қайда сыйлықтарды қойдың?

Аяз ата: бүкіл әлемді мен шарлаймын, сендерге жеткенше мен Африкада да болдым, құмды жерлерде де болдым, батпақты жерлерде де болдым. Барлығымыз бірігіп ұшып, сыйлықтарды іздейік. Ал біз ұшаққа отырайық, жайғасыңдар.

Ойын: «Ұшақ»

Аяз ата: тоқта ұшақ. Бұл соңғы аялдама, егер осында болмаса, онда білмеймін қайдан іздерімізді.

Тауық аяғындағы үй келеді.

Аяз ата: мыстан әже, сен үйдесің бе?

Мыстан кемпір: иә, не керек.

Аяз ата: шық бері, сөйлесетін сөз бар.

Мыстан кемпір: не деп сөйлесесің қария. Егер сыйлықтар жөнінде болса, онда олар жоқ мұнда.

Аяз ата: біз бүкіл әлемді шарлап шықтық, еш жерде жоқ сыйлықтар.

Мыстан кемпір: сенің былжыр екеніңе кім кінәлі

Аяз ата: түсінікті, сыйлықтар сенде.

Мыстан кемпір: иә менде болды, енді жоқ.

Аяз ата: қалай жоқ.

Мыстан кемпір: мен оларды жеп қойдым. Міне сендерге сыйлықтар, жаңғақтар, қағаздар, таяқшалар.

Аяз ата: иә, сиқырламаса болмайды. Үйшік, үйшік сен бұрыл. Үйшік, үйшік сен айнал. Айналып, айналып, мыстан әже ақылға сал. (үйшік айналады)

Мыстан кемпір: болды, тоқтат, алыңдар сыйлықтарыңды. (сыйлықтарды лақтырады, қашып кетеді)

Аяз ата: міне сыйлықтар. Апельсиндерді таратады.

Жүргізуші: осы – ақ па?

Аяз ата: сендер бір сырды ұмыттыңдар, мен сиқырлы АТАмын ғой.

Шырша жанында жүремін, сыйлықтарды қоямын

(сыйлықтарды тереңірек балаларға көрсетпей қояды)

Таяғыммен соққанда, сыйлықтарда өседі. Сыйлық тарату

Міне жаңа жылдық мерекемізбен қоштасайық. Сау болыңдар.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!