СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шыршаны шарлармен безендіреміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту; шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету; жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Шыршаны шарлармен безендіреміз»

Технологиялық карта


Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Шыршаны шарлармен безендіреміз»

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту; шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету; жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: шырша суреттері, шыршаның қағазға желімденген үлгі суреті, жасыл түсті қағаз, желім, қайшы, үлестірмелі материалдар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: шырша туралы әңгімелеу, суреттерін көрсету.

Сөздік жұмыс: қобдиша.

Билингвальді компонент: жаңа жыл - новый год, шырша - елка.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Күнім күлім қағады,

Шуағын маған шашады!

Қуан, қуан, алтын Күн!

Қуан, қуан, Жер-көгім!

(Г. Бектұрова)

- Балалар, қараңдаршы, сиқырлы қобдиша тауып алдым.

Сөздік жұмыс: қобдиша.

Балалар шеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын бірге қайталайды.




Қызығушылық танытады.

Қайталайды: қобдиша.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

- Сиқырлы қобдишада не бар екен? Оның ішінде қағаз бар екен, қағазда жазылғанды оқып көрейік:

Агаштардың көріктісі,

Мәңгі жасыл бұтагы.

Мекен ғып тау, өлкені,

Кәусар ауа жұтады.

Бұл не?

- Қобдишада тағы сиқырлы таяқ бар екен.

- Мен сиқырлы таяғымды сермегенде, шыршада моншақтар пайда болады. Педагог сиқырлы таяқшасын әрі-бері сермейді, бірақ шыршада моншақ пайда болмайды.

Педагог балалардан көмек сұрайды.

«Пішінді ата» дидактикалық ойыны.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. Педагог моншақ жасау техникасын түсіндіреді: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз. Пішіндері әртүрлі моншақгарды кезектестіріп орналастырып, шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеді.

Сергіту сәті

Сагаттың тіліндей,

Иіліп оңга бір.

Сагаттың тіліндей,

Иіліп солга бір,

Жаттыгу жасаймыз.

Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады.

Баладармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальді компонент: жаңа жыл -новый год, шырша - елка.


Тыңдайды, жұмбақты шешеді.




Жауабы: шырша.








Балалар көмек көрсетуге ынталарын білдіреді.

Ойынға кіріседі, пішіндердің атауын айтады: дөңгелек, сопақша, шаршы.



Үлестірмелі материалды қарайды. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.





Балалар жаттығу жасайды.

Жұмысқа кіріседі,

шыршаға моншақтар

жасайды.


Қайталайды:

жаңа жыл - новый год,

шырша - елка.

Рефликсиялық - түзетушілік

- Біздің шыршымыз әдемі болып кетті. Аязатта мен Ақшақарға корсетеміз. Педагог шыршадағы моңшақтарды балалармен талдайды. Мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын тамашалайды, талдау жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын қиып, пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп жабыстырады.

Түсінеді: шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендіретіндігін.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.