Просмотр содержимого документа
«Сидоркин Евгений Матвеевич (1930-1982)»
Сидоркин Евгений Матвеевич (1930-1982) туғанына 90 жыл
1930 жылы 7 мамырда Ресейдің Киров облысы, Лебяжье селосында дүниеге келген. Қазақстанда Алматы 3 қыркүйек 1982 жылы өмірден озған. Совет суретші-графигі, ҚазССР-на еңбегі сіңген өнер қайраткері(1965), Ш.Уәлиханов атындағы ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты(1979), ҚазССр Халық суретшісі(1981). Н.И.Фешин атындағы Қазан көркемсурет училищесін, Ригадағы көркем сурет академиясын, И.Репин атындағы Ленинград көркемсурет институтын бітірген.
Ленинградта Г.Исмаиловамен бірге оқып, сол кісінің артынан еріп Қазақстанға келген. 1957 жылдан Алматыда тұрған. Сидоркинның кітап графи касы жұмыстарының ішінде ерекше танымалы «Веселые обманщики» (1958) қазақ халық ертегісіне иллюстрациялары, «Казахский эпос» (1959) . Осы жұмыстары үшін Лейпцигте 1959 жылы өткен халықаралық кітаптар көрмесінде қола медалді жеңіп алған. 1963 жылы Сидоркин «Қазақ ұлттық ойындары» атты станоктық автолитография сериясын, 1964 жылы «Читая Сакена Сейфуллина» сериясын (1965 жылы Лепцигте алтын медаль), 1971-1979 жылдарда – «Аксакалы» автолитография сериясы және М.Әуезовтың «Путь Абая» романына жасалған иллюстрацияларын жасаған. М.Е.Салтыков – Щедрин «История одного города» романына иллюстрация жасаған. (1974-1978).
Е.М.Сидоркин, «Веселые обманщики», 1958
Сидоркин.Е.М , сграфито, «Целинный» кинотеатры
Алматыдағы «Целинный» кинотеатрының фойесіне көпқатпарлы түрлі-түсті сграфитто техникасында композиция жасаған. Евгений Матвеевич Сидоркиннің жұмыстары Третьяков галереясында, Пушкин атындағы бейнелеу өнері музейінде, Москвадағы Шығыс Халықтар өнері музейінде , Санкт-Петербургтегі Орыс музейінде , Варшава, Гавана, Лейпциг, Багдат, Скопле ұлттық галереяларында тұр.
Е.М.Сидоркин, «Казахский эпос» (1959) .