СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Сенімділік күш береді» тренинг-сабақ

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ҰБТ-қа дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру;

Просмотр содержимого документа
««Сенімділік күш береді» тренинг-сабақ»

«Сенімділік күш береді» тренинг-сабақ


Тақырыбы: «Сенімділік күш береді»

Мақсаты:

Оқушылардың ҰБТ-қа дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру;

Оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау, зейіндерін дамыту, өз өзіне сенімділіктерін жоғарылату;

Стресске қарсы тұра білуге тәрбиелеу;

Түрі: тренинг-сабағы

Көрнекіліктер: ереже, ақ парақ, «Стресс тесті», жаттығуларға қажетті құрал- жабдықтар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Тренингтің тақырыбы мен  ережелерімен таныстыру.

Оқушылар бүгін бізде «Сенімділік күш береді» атты тренинг сабақ өтеді. Тренингімізді бастамас бұрын, алдымен тренинг ережелерімен танысып алайық.


Ереже:

  • Белсенді қатысу;

  • Тыныштық сақтау;

  • Бірін-бірі тыңдау,

  • Ойын ашық айту;

  • Бір-бірін сынамау;

  • Ынтымақтылық;

ІІ. Амандасу.

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

«Есім» жаттығуы.

Адамның есімі оның мінез-құлқы байланысты және осы арқылы оның іс-әрекетін болжауға болады. Адам үшін оның есімі қандай да бір маңызы бар. Адамның есімі-оның ақылы деуге де болады. Қалай дейсіз ғой?

Ең алдымен өзіміз туралы бірнәрсе білейік. Бұл ақпарат сіз үшін жаңа ақпарат болуы мүмкін. Өз есіміңізді тігінен жазып, әр әріпке өз мәселеңізді шешуде көмектесетін қасиеттеріңізді жазыңыз.

«Ертегі»жаттығуы

Бүгін біз ортақ ертегі құрастырамыз,оның басы мен соңы бар. Біздің мақсат ертегінің негізгі бөлімін құрастыру. Ертегі шеңбер бойынша жүреді. Біз бұл ертегі бір немесе бірнеше шеңберден соң бітіре аламыз. Қатысушылардың кез келгені ертегінің соңын аяқтауы мүмкін. Ертегінің басы: «Емтихан күні мен ояндым ... ». Ал соңы былай аяқталады: «…Содан бастап, Семей қаласында бірде бір бақытсыз адам болған жоқ ». 

ҰБТ-дан жақсы сүрінбей өту үшін бізге не қажет?

ҰБТ тапсыру кезіндегі  ең қажетті сапа:

·        Бір істен тез екіншіге ауысып кету;

·        Іс-әрекеттің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы;

·        Жоғары және тұрақты жұмыс қабілеті;

·        Жоғары деңгейлі зейін тұрақтылығы;

·        Ішкі әрекет жоспарының қалыптылығы;

«Стресс тесті»

Пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

Ешқашан-1 балл, Кейде-2 балл, Жиі-3 балл, Әрқашан-4 балл.

1.     Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады.

2.     Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады

3.     Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын

4.     Мен өкпелесем онда біреді ренжітуім мүмкін

5.     Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін

6.     Егер мені көлкіте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.

7.     Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.

8.     Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін.

9.     Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін.

10.  Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.

11.  Еш себепсіз жиі қамығамын

12.  Таңертен өзімді нашар сезінемін

13.  Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын

14.  Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімі қалыпты сезінбеймін.

15.  Меңінше, жүрегімде бір кінарат бар

16.  Менің арқам және мойыным ауырады

17.  Үстелде отырғанда үстелді саусағымен ұрып, аяғымды қимылдатамын

18.  Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын

19.  Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.

20.  Мен диета сақтаймын.

Тестің нәтижесін өңдеу, бағалау;

Бағалау шкаласы: 30 балл және одан аз. Сіз байсалды және ақылдысыз, туындаған мәселелерді шешуге қабілеттісіз. Сіздің жағымсыз қылықтарыңыз жоқ.

31-45 балл. Сіздің өміріңіз еңбекке және шиеленіске толы, стресс сізге жағымды немесе жағымсыз жақтан әсер етуі мүмкін. Адама әрқашан өзіне уақыт табу керек.

46–60 балл. Сіздің өміріңіз тоқтаусыз күреске толы. Сіз мансап туралы армандайсыз. Сізге басқалардың ойы маңызды және ол стресске әкеледі. Дау-жанжалдардан аулақ болыңыз.

61 балл және одан көп. Сіз көлік жүргізуші сияқтысыз, бір уақытта газ бен тежеуішті бірдей басасыз. Өмір қалыптын өзгертіңіз. Стресс сіздің денсаулығыңызға, сіздің болашағыңызға қауіпті.

Жаттығу «Мамандыққа сипат»

Ең тәтті, ең әдемі, қаржылы деген сөздер түрлі-түсті қағазда беріледі. Оқушылар сол парақтарға сәйкес мамандықтарды жазу керек. Түс түрлері: қызыл, жасыл, сары. Өз ойларын білдіреді.

Жаттығу «Эксперимент»

30 секунд ішінде 3 үзіндіні оқу қажет:


МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМА

 

АсЫқпАтүспеДіДЕпқОЛымаТЕзДАМылсыЗіздЕУінеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДеболаДЫкЕЗ

 

ЗерТТЕУдеАРнаЙыБЕлгіРеТІНдеҚАзақЕРТегіСІніҢқОЛдаНдЫҚқаЗақЕрТегіЛеріарҚЫЛыБалаЛАрдыҢжАСерекШелІкТЕрінеқАРаЙҚиЯЛдыҚШығарМАшылДЫҚКөРсетКІШінАНықТАукеРЕк.

«Сурет» жаттығуы

Өз болашықтарын суреттеу.

«Мақтау айту» жаттығуы

Әр қатысушы өз көршілеріне сөзсіз, іс-қимыл, мимикамен мақтау айту керек. Мақтау айтылып болған соң, «алушы» адамға сұрақ қойылады: «Сен қалай ойлайсың, саған қандай мақтау айтты?».

Қоштасу. Жаттығу «Өрмекші торы»

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір өрмекші торы ойының ойнайық. Өз бойларыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылу.

«Смайлик» жаттығуы. Бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісу. Алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы ҰБТ-дан барлығымыз жақсы сүрінбей өтейік!


 

















Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін-өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен түкке жарамсыз болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның көмегі керек.


Жасөспірім «мен кіммін, қандаймын, мен не істей аламын, не істей алмаймын, мен үшін өмірде не маңызды?» деген жағдаяттарды «тұлғаның» деңгейінен қарай отыра оның «идеалдан» және «қажеттіліктен» айырмашылығын түсініп, өз таңдауын жасауы керек. «Өз өміріңді алдыңа мақсат қоя құр, немесе өмір ағысымен жүзе бер». Таңдау жасалып, мақсат көзделгеннен кейін оған жету жоспарлары жасалып, іске асыруға белсене кірісу керек.