СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сенің неше досың бар?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок казахского языка во втором классе "Сенің неше досың бар?"

Просмотр содержимого документа
«Сенің неше досың бар?»

Қазақ тілі - 2 сынып


Сабақ тақырыбы:

Сенің неше досың бар?

Білімділік:

Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушының «достық» туралы ақпараттық ұғымын кеңейту.

Дамытушылық:


Оқушыларға дос, достық туралы қазақша әңгімелей отырып олардың тілдік комуникациясын жетілдіру.

Тәрбиелік:


Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеті , бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері.

Жетістік критерийлері


Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша өзінің достары туралы қысқаша баяндай алады.


Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сапалық мінездеме бере алады.


Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында қазақша достарымен тілдік қарым-қатынасқа түсіп, диалог құра алады.

Жаңа сөздер:

Батыл

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, бірге түскен суреттері, карточкалар, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сипаттау, талдау, диалог, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны, сергіту жаттығуы, «Баспалдақ».

Дереккөздері:

Әдістеме құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырма


Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңбері» тренингін өткізеді.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің аты-жөнім – Шолпан Урумбаевна. Ал сенің атың кім? (Мұғалім әр оқушыға сұрақ қояды).

Ризамын, ризамын, ризамын сендерге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Сәлем! – деймін достарға,

Шаттық әнге басамыз. Жалықпаймыз сабақтан,

Оқимыз да жазамыз.

  • Балалар,біз бүгін сабақта не істейміз?




  • Балалар, мен сендерге жақсылық пен сәттілік тілеймін.


Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында Ө.Ақыпбековтың «Менің достарым» атты санамақ-өлеңін оқиды:

Бірінші досым – Берік,

Екінші досым – Ерік.

Үшінші досым –Басқар,

Төртінші досым –Асқар.

Бесінші досым – Жамал,

Алтыншы досым – Самал.

Біздер тату, құрбымыз,

Жазылмайды жұбымыз. 2 слайд.


- Балалар, бүгін сабақтың тақырыбы қандай?

- Біз осы сұраққа жауабымыз беру керек.






Оқушылар сәлемдеседі, сұраққа жауап береді.


Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.






Оқушылар жауап береді.

- Тыңдаймыз.

- Сөйлейміз.

- Жазамыз.

- Оқимыз.

- Айтамыз.

Бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
















- Сенің неше досың бар?



ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Дос – друг

Батыл – смелый

Ақылды – умный

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс Тыңдалым

70 бет. - Тыңда. Қайтала. Оқы.

А) Айтылым.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады (71 бет.). Сөздерді сәйкестіндіріп айту. 3 слайд.

- Мынау не?

- Мынау не?





Ә) Жазылым.

Жазу дәптерімен жұмыс.

Оқулықтағы 2 тапсырманы орындатады (71 бет.). Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазу.

Жазу дәптердегі 2 тапсырманы 61 бет. Сұрақтарға жауап беру.

- Бұл кім?

- Машаның неше досы бар?

- Бұл кім?

- Дораның неше досы бар?

- Бұл кім?

- Алдаркөсенің неше досы бар?

Б) Айтылым.

Оқулықтағы 3 тапсырманы орындатады (71 бет.).

Сұрақтарға жауап беру. Слайд.

Сенің неше досың бар?

Олардың аты кім?

4. Сергіту сәті.

«1,2,3…» сергіту жаттығуын орындайды.


Тыңдалым. Оқылым.

Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым.

Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.













Айтылым.




- Мынау – күшік.

- Мынау – мысық.

Сөздерді сәйкестендіріп айтады.

-Менің күшігім/мысығым бар/жоқ.

Жазылым.


Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады.





- Бұл – Маша.

- Машаның 1 досы бар.

- Бұл – Дора.

- Дораның 3 досы бар.

- Бұл – Алдаркөсе.

- Алдаркөсенің 5 досы бар.





Менің (1,2,3,4) досым бар.

Олардың аты …, ..., ... .

Сергіту жаттығуын орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту «Кім көп біледі?» ойынын ойнатады (4-тапсырма, 71 бет.). Берілген әріптерден сөз құрастыру керек. Көп сөз құрастырған оқушы жеңімпаз болады.

Жазылым. Айтылым. Ойынның шарты бойынша берілген әріптерден сөз құрайды.

IV. Бекіту

Карточкалармен жұмыс.

Жұптық жұмыс.

  1. Кімнің досы қандай? Сан мен әріптерді сәйкестендіріп сызу. Шыққан сөздерді көп нүктенің орнына жазу.

  2. Сөздерге ортақ әріпті тауып жазу.

Берілген тапсырмаларды орындайды.







V. Қорытынды.

- Балалар, біз бүгін сабақта не туралы айттық? Қандай сұраққа жауап бердік?

- Сенің неше досың бар?



VI. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

VII. Үйге тапсырма

Жазу дәптердегі 5 тапсырманы 62 бет. Сөйлемдерді толықтырып жазу.

Үй тапсырманы күнделікке жазады.

VIIІ. Рефлексия

«Баспалдақ» - мұғалім смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!