СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сезам" театрына бардым.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде оқушыларды қысқы демалысты қалай өткізгендері туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың тілін дамыту. Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«"Сезам" театрына бардым.»


Сабақ тақырыбы:


«Сезам» театрына бардым. Коньки теуіп үйрендік.


Білімділік:


Дамытушылы: Тәрбиелік:


Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде оқушыларды қысқы демалысты қалай өткізгендері туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың тілін дамыту. Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.


Сілтеме:


Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы


Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тілінде өзінің қысқы демалысын қалай өткізгендігі туралы айтады, қайда болғандығын баяндайды, таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қысқы демалысын қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): сыныптастарымен қысқы демалысы жайлы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.


Негізгі түсініктер:

Айдаһар, ұйымдастыру, ұтып алу, көзді ашып жұмғанша, қойылым, тапқыр, бұзақылық.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты суреттер, альбомдар мен буклеттер, смайликтер.


Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Сөзтізбек» дидактикалық ойыны,«Галереяны шарлау» әдісі, сергіту жаттығуы.


Дереккөздері:


Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Қазақ балалар кітапханасы» көптомдығы..

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушыларға психология- лық ахуал туғызу


Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.


Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.


Өткен сабақты тексеру


Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.


Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.


І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында

«Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «қысқы демалыс» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.


Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.


ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Жазылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Жазылым. 1-тапсырманы орындатады.


Айтылым. Жазылым. Суреттерде қай театрлардың бейнеленгенін айтады, қою қаріппен берілген сөздердің орнына антонимін жазады.


Ә) Тілдесім. Айтылым. 2-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Айтылым. Театртуралы диалог құрады, мәтін құрайды.


3. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Тыңдалым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін

3-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Тыңдалым. Мәтінді оқиды, Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ә) Оқылым. Жазылым. 4-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексереді, кестені толтырады.


Б) Жазылым. Оқылым. 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Оқылым. Бос орындарға қою қаріппен жазылған сөздердің антонимін жазады, бір сөйлемге бірнеше нұсқада сұрақ қояды.


4. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Жазылым. 7, 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жазылым. Мәтіннің мазмұнын баяндайды, өзінің қысқы демалысы жайлы мәтін құрайды, қою қаріппен берілген синонимнің орынына антоним қойып жазады.


Ә) «Сыр сандықтағы» сөздер.

«Сыр сандыққа салынған» сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.


5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бойжазуы үшін «Галереяны шарлау» әдісін қолданып, тақтаға тақырыпқа қатысты суреттер іледі. Суреттердің астында сұрақтар беріледі.

Сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Ойтолғаныс

«Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады.

«Сөзтізбек» ойынының шартын орындайды.



IV. Бекіту



Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.



Мәтін құрайды, сұрақтарға жауап береді.


V. Бағалау


Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.


«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.


VI. Үйге тапсырма


Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.



VII. Рефлексия


Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.