Ұйымдастырылған оқу – қызметінің тақырыбы: «Сиқырлы дыбыстар»
Білім беру саласы: «Коммуникация» «Таным» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу- қызметі:Сауат ашу
Сөйлеуді дамыту.Сауат ашу және жазу.ҚМҰҚ.Мүсіндеу.
Мақсаты:
-Балалардың дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту,сөзге дыбыстық талдау жасай білу,буын туралы түсініктерін кеңейту.
-Балалардың ойлау қабілетін,қиялын дамыту.
-Балаларды сауаттылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнектілігі:Үлгі суреттер,текшелер,тұзды қамыр,тақтайшалар,сүлгілер.
Методикалық әдіс – тәсілі:көрсету,түсіндіру,сұрақ – жауап,қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу –қызметінің барысы:Балалар бүгін бізде ерекше күн!
Бүгін бізге қонақтар келіпті,қане,амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбер
Армысың,асыл Күн!
Армысың,көк Аспан!
Армысың, Жер-Ана!
Армысың,кең Дала!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қос қолым!
-Балалар енді орнымызға отырайық.
Балалар мен сендерге сұрақтар қойамын,сендер қол көтеріп жауап беріңдер
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Балалар көктем айларын кім атап береді?
-Көктем айлары наурыз,сәуір,мамыр.
-Балалар қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Қазір көктем мезгілінің сәуір айы
-Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Жарайсыңдар балалар,біз осы кезге дейін көптеген дыбыстармен таныстық,олай болса сол өткен дыбыстарды қайталап айтайық.
Балалар,мен жұмбақ жасырамын,ал,сендер шешуін табындар.
Апам менен атамнан,
Домалап кеп қашамын.
Өлең айтып тақпақтап,
Ойдан,қырдан асамын.
Кезіксендер балалар,
Тағы әнге басамын.
Бұл қай ертегіден алынған.
-Балалар: Бауырсақ
-Балалар бауырсақтың өлеңі қалай басталады?
-Балалар:бауырсақ Әжеден қашып,Атадан қашып....
Тәрбиеші:сонымен бауырсақ саяхатқа шықты.(музыка ойналады.Тақтада сурет көрінеді)Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден,кең далалы егістіктердең өтеді.Осылай домалаған күйі орманға келеді.Орманда оған Қоян кездеседі.
(Аудио таспадан естіледі).
Бауырсақ:Сәлеметсіз бе?
Қоян: Сәлемет пе! Бауырсақ мен сені жеймін,менің қарным ашып тұр.
Бауырсақ: Қоян мені жемеші мен сенің кез-келген тапсырмаңды орындаймын
Қоян: Жарайды,егер сен менің тапсырмамды орындасаң мен сені жіберемін,ал егер орындамасаң жеп қоямын.
Қоянның тапсырмасы:«Әріптерді суретке түсір» ойыны сен бір дыбысты суретке түсіріп айтып бересің.Дыбыстардан сөз,сөздерден сөйлем құрайды,буынға бөледі.Дыбыстың ережесін айтып береді.
Мақсаты:Дыбыстарды ажырату(дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс)ажыратады.
Дыбыстарға мінездеме береді.
Қоянның тапсырмаларын орындайды.
(Бауырсақ әрі қарай домалап кетеді,қарсы алдынан Қасқыр шығады.)
(Аудио таспадан естіледі.)
Бауырсақ:Сәлеметсіз бе?
Қасқыр:Сәлемет пе! Сен менің тапсырмамды орындауың керек,әйтпесе мен сені жеп қоямын.
Қасқырдың тапсырмасы:Дыбыстар ненеге бөлінеді? Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
Бауырсақ:Тапсырманы айтып береді.
Сергіту сәті:
-Ұзын құлақ,сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің.
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған Аю кездеседі.
(Аудио таспадан естіледі.)
Аю:Баурсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: жеме мені Аю.
Аю:Жарайды,тек бір шартым бар.
1.Алма үлкен бе,әлде өрік үлкен бе?
2.5ке,5 қоссаң неше болады?
3.Екі қоянда неше құлақ бар?(4)
Жұмбақ
Бұл әріпте бұрыш жоқ,
Өзі дөп-дөңгелек,
Сондай өзі дөңгелек
Дөңгелейді дөңгелеп.(О)
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса,Түлкі кездеседі.
(Аудио таспадан естіледі.)
Түлкі:Енді сен менен кете алмайсың, саған ешкімде көмектеспейді.-дейді түлкі бауырсаққа.Сен сондай сүйкімдісін,сап-сарысың менің қарным ашып тұр еді,мен сені жеймін.
Бауырсақ:Түлкі сен мені жемеші,мен сенің кез-келген тапсырмаңды орындап берейін.
Түлкінің тапсырмасы:«Сөз ойла,тез ойла »Балалар мен сендерге дыбыстарды таратып беремін.Осы дыбыстардан басталатын бірнеше сөз айтасыңдар.Егер сендер айтып берсеңдер мен бауырсақты жемеймін.
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа,шапшаңдыққа,өз ойын дұрыстап,жинақтап сөйлеуге баулу.Ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Балалардың дыбыстарға арналған тақпақтары
Елана:
Ата- ананың тілегі,
адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Саян:
Мақталарды мақтаймыз,
Мақтаны көп қаптаймыз.
Маса жайлы мақтаған
Мәлімет еш таппаймыз.
Тәрбиеші:-Балалар,қазір сендер бауырсақты мүсіндейсіндер.
Дайын болған бауырсақты қоржынға салып,сиқырлап нағыз бауырсақты алып шығу.
Қорытынды.
-Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнады ма сендерге?
-Қай ертегіні балалар сомдады?
-Не істедіңдер?
-Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар екен?
-Болса қандай?
Мадақтау.
Бүгінгі біздің оқу қызметі аяқталды.Қонақтарменқоштасайық.
Балалар:
-Сау болыңыздар!