СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сиқырлы қыс" дәстүрден тыс сурет салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: айналадағы қоршаған әлемді аялауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая: Балаларды сурет салу арқылы әсемдікке дағдыландыу.

3.Оқыту – обучающая: Балаларға сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Сиқырлы қыс" дәстүрден тыс сурет салу»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Сурет салу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің қыс!»

Тақырыбы/Тема: «Сиқырлы қыс»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: айналадағы қоршаған әлемді аялауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая: Балаларды сурет салу арқылы әсемдікке дағдыландыу.

3.Оқыту – обучающая: Балаларға сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қыс мезгілінің суреттері, бала саны бойынша қағаз, спонж таяқшалары, шырағдан, көк түсті бояу.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: өрнек –узор, аяз –мороз


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Педагог өлең оқиды: «Суретші»

Шеберін-ай аяздың,

Әйнектерді қағаз қып

Әшекейлеп қойыпты,

Бірнеше ою ойыпты.

Түрлі түсін гүлдердің,

Мәнерін де кілемнің,

Өркешін де әр таудың,

Мүйізін де арқардың,

Айнытпай-ақ салыпты.

Суреттерді әр үйге,

Әйнектерге, әрине,

Түнде салып береді,

Көзі қалай көреді?

(М.Жаманбалинов).

-Өлең жылдың қай мезгілі туралы?

- Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Балалар суретке назар аударайықшы.

Балалар аязды күні терезеден нені көруге болады?

-Аяз өрнектерді қайда салады?

-Аяздың өрнектері неге ұқсайды?

Билингвалдық компонент: өрнек –узор, аяз –мороз

Өрнек қалай пайда болады? Далада аяз, ал үйде жылы. Терезе бусанып тұр, ал үйде де салқын болған кезде су қатады да, мұз түйіршіктеріне айналады, терезедегі оюлар осылардан құралады.

-Олай болса біз бүгін сендермен терезедегі өрнектер суретін дәстүрден тыс әдіс арқылы салуды үйренеміз. Ол үшін бізге сиқырлы шырағдан көмектеседі.

Орындау тәсілін көрсету.

1.Терезенің ақ түсті аясына шырағданмен бұйралар, бұтақшалар және қар ұшқындарын саламыз. Біздің өрнегіміз көрінбейді ғой! Өйткені парақ та,өрнек те ақ түсті.

2.Терезенің аясын спонж таяқшалары көмегімен көк түспен бояймыз –өрнектеріміз көріне бастайды.

- Балалар, біздің шырағданымыз сиқырлы екен, қараңдаршы?

Сергіту сәті:

Қар жауыпты далаға,

Қар жауыпты қалаға.

Сырғанаймыз енді біз,

Отырып ап шанаға.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Жеке жұмыс: Амирханға аяз өрнектерін салуға үйрету.

Аз қимылды ойын: «Мұздатам»

Ойынның шарты:

Боран борайды - 1,

Боран борайды - 2,

Боран борайды - 3,

Түрлі фигура боп қат.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Біз бүгін аяз өрнектерін қалай және ненің көмегімен салдық?

Балалардың аяқтаған суреттерін тақтаға іліп қойып, осы әдемі көріністі талқылаймыз. Жұмыстарын бағалап көрме ұйымдастыру.

Балаларды мадақтау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!