
«Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ


Дайындаған: «Болашақ»
шығармашылық тобы.
2015 – 2016 оқу жылы.
Тақырыбы: «Таңдау курстарының байқауы».
Мақсаты: Мектеп және оқушы компоненті ретінде алынған таңдау курстарының тиімділігін айқындау. І – жарты жылдықта мұғалімнің істеген жұмысын бағалау.
Міндеттері:
1) Таңдау курстарының оқушыға қаншалықты керектігін анықтау. І – жарты жылдық бойынша сабақтан тыс уақытында таңдау курстарында оқу барысында оқушының функционалдық сауаттылығының нәтижесін бақылау;
2) Оқушылардың шығармашылығын, логикалық ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту;
3) Оқушының бойында патриоттық сезім тәрбиелеу, көптілдікке, қоғамда оқушының әлеуметтенуіне бейімдеу.
Жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе сөз.
2) Негізгі бөлім.
- Жобаларды қорғау.
3) Қорытынды.
- Марапаттау.
- Қорытынды сөз.
Барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Таңдау курстарының байқауы» атты іс-шарамызда көруге ризамыз! Бүгінгі іс-шара І – жарты жылдықтың қорытындысы ретінде өтпекші. Осы таңдау курстарында балалардың алған білімдерін қорытындылаймыз. Сайыстың реттілігімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
1) Гуманитарлық бағыты бойынша жобалар қорғау;
2) Жаратылыстану бағыты бойынша жобалар қорғау;
Әр мұғалімге таныстыруға 2 минут және әр сыныпқа 5 минут уақыт беріледі.
Осы байқаудың қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Төрағасы – мектеп директоры Игентаев Айдынқалы Игентайұлы;
Мүшелері – директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Есимханов Мухтар Архатұлы және директордың тәрбие ісінің орынбасары Құсаинов Төлеген Теміржанұлы.
2) Негізгі бөлім.
- Жобаларды қорғау.
Гуманитарлық бағыт бойынша:
1) Әділханов С.Т. – таңдау курстары:
5-6 «А» сынып «Қазақ хандығының шежіресі» (көрініс);
9 «А» сынып «Абайтану» (мәнерлеп оқу).
2) Джумадилова А.М. – таңдау курстары:
1 «Б» сынып «Интересный английский» (ағылшын тілінде ән айту);
2-3 «Б» сынып «Интересный английский» (ағылшын тілінде тақпақ айту).
3) Нуранова З.Б. – таңдау курсы:
8 «Б» сынып «Мәңгілік Ел – ұлт идеясы» (патриоттық ән, тақпақ айту).
4) Кенжебаева Л.Б. – таңдау курстары:
1 «А» сынып «Тіл дамыту» (көркем жазу, мәнерлеп оқу);
1 «Б» сынып «Логика и математика» (графикалық диктант).
Жаратылыстану бағыт бойынша:
1) Әділханов С.Т. – таңдау курстары:
3 «А» сынып «Туған өлке» (буклет жасау);
2) Кудабаева А.Б. – таңдау курстары:
2-3 «Б» сынып «Природа и мы» (тәжірибе жасау);
3 «А» сынып «Адам және табиғат» (буклет қорғау);
5-6 «А» сынып «ШҚ флорасы және фаунасы» (буклет қорғау);
5-7 «Б» сынып «Флора и фауна ВК» (макет қорғау);
5-7 «Б» сынып «Экология окружающей среды» (буклет қорғау);
9 «А» сынып «Тұрмыстық химия» (10 ереже қорғау);
9 «Б» сынып «Бытовая химия» (тәжірибе жасау);
8 «Б» сынып «Бытовая химия» (тәжірибе жасау).
3) Қорытынды.
- Марапаттау.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
-Қорытынды сөз.
Осымен таңдау курстарының сайысы аяқталды. Сайысқа қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Сау болыңыздар!

