СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Содержание традиционного художественно-ремесленного искусства, входящей в систему духовно-культурных ценностей казахского народа и их роль в общественной жизни, в профессиональной подготовке студентов в деле воспитания молодого поколения

Категория: Искусство

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аннотация: на основе анализа исследований, научных трудов ученых педагогов, результатов собственного исследования, автор, раскрывают сущность, содержание традиционного художественно-ремесленного искусства, входящей в систему духовно-культурных ценностей казахского народа и их роль в общественной жизни, в профессиональной подготовке студентов в деле воспитания молодого поколения, а также значимости использование художественно-эстетических наследий народа в гуманизации содержание художественного образования и воспитания искусством..

Просмотр содержимого документа
«Содержание традиционного художественно-ремесленного искусства, входящей в систему духовно-культурных ценностей казахского народа и их роль в общественной жизни, в профессиональной подготовке студентов в деле воспитания молодого поколения»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

Дизайн және өнер пән бірлестігі







ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС



Тақырыбы:

«Рухани жаңғыру бағдарламасын студенттергеқазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың педагогикалық негіздері»



Дайындаған: Жунисбекова Римма Газизовна













Ақсукент 2019

Мазмұны

Кіріспе ..............................................................................................................3

Негізгі бөлім.

Рухани жаңғыру бағдарламасын студенттергеқазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың педагогикалық негіздері.....................................4

Қорытынды......................................................................................................9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................10



Аңдатпа: ғалым-педагогтардың ғылыми еңбектеріне талдау жасап және, өзінің жеке зерттеулер нәтижелері негізінде қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарының құрамына кіретін дәстүрлі көркемөнер мен қолөнердің мәнін, мазмұнын ашып жазған және қоғам өмірінде, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде студенттерді кәсіби даярлау кезіндегі олардың рөлін, сонымен қатар көркемөнер білімі мен өнер арқылы тәрбие беруді ізгілендіруде халықтың көркемөнер-эстетикалық мұрасын пайдалану маңыздылығын көрсетті.

Түйін сөздер: дәстүрлі өнер, рухани-мәдени құндылық, КОЛЛЕДЖ, мектеп, көркемөнер білімін ізгілендіру, рухани-мәдени тәрбие.

Аннотация: на основе анализа исследований, научных трудов ученых педагогов, результатов собственного исследования, автор, раскрывают сущность, содержание традиционного художественно-ремесленного искусства, входящей в систему духовно-культурных ценностей казахского народа и их роль в общественной жизни, в профессиональной подготовке студентов в деле воспитания молодого поколения, а также значимости использование художественно-эстетических наследий народа в гуманизации содержание художественного образования и воспитания искусством..

Ключевые слово: традиционное искусство, духовно-культурная ценность, вуз, школа, гуманизация художественное образования, духовно-культурное воспитание.

Abstract: reveals the essence, content of the traditional art and handicraft in the article on the basis of analysis of research, scientific works of scientist teachers, also onthe results of its own research, which is the part of spiritual and cultural values ​​system of Kazakh people and he emphasizes their role in public life, in vocational training of students on issues of educating the young generation, as well as the importance of the use of artistic and aesthetic heritage of people in humanization of the content of art education.

Keywords: traditional art, spiritual and cultural value, HEI, school, humanization of art education, spiritual and cultural education.


Кіріспе

Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауларында мәдени-тарихи мұраны сақтау және оны өскелең ұрпаққа жалғастыру мақсаттары қойылған. «Қазақстан – 2050» Стратегиялық саяси бағыттары мазмұнында, ХХІ-ғасырдағы жас ұрпақ, тек оқыту, білім алудың объектісі болумен бірге, рухани-мәдениет субъектісі саналатын жаңа мазмұнды оқу-тәрбие орнының жасампаз шәкірті болуын қамтамасыз ету қажеттігі қоғамдық талап екені айырықша атап көрсетілген [1]. Жеке адамның қалыптасуы, дамуы, кәсіби деңгейінің жақсаруы, ғылым мен практика жетістіктерін игерту мазмұны үрдісінде ұлттық, жалпы адамзаттық рухани және мәдени құндылықтарды меңгерту, Қазақстан Республикасының білім министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы», «Этномәдениет тәрбиесі», «Мәдени мұра бағдарламасы» т.б. құжаттар мазмұнында жас ұрпаққа туған халқының өнер саласындағы көркем-материалдық, этномәдени құндылықтары арқылы рухани-эстетикалық тәрбие берудің негізгі бағыттары мен идеялары айырықша атап көрсетілген [2-3].

Қазіргі қазақ халқы, өткен дәуірлерде, ұлан-қайыр ұлы далада көшпенді малшы, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша қолөнерші, сәулетші, мүсінші, суретші, ұста-зергер болғаны туралы археологиялық, этнографиялық еңбектер мен мұражай жәдігерлерінен, сәулеттік кешендерден мол ақпарат аламыз. Оның айғағы ретінде, Маңғыстаудағы сәулеттік ескерткіштерді, Тараздағы Айша-бибі, Бабаджа-қатын, Қарахан мазарларын, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Өлкетану мұражайындағы тас мүсіндер, металдан жасалған қару-жарақтар, ыдыстар, әшекей бұйымдарды айтуға болады [4]. Міне бұл тарих жәдігерлерден, ертеден бері ата-бабаларымыздың алтын мен күмісті, қола мен темірді, ағаш пен сүйекті, жүн мен теріні шебер өңдеп, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды ұлттық нақышта, өзіндік эстетикалық талғаммен жасай білгенін, көреміз. Соның бір айғағы, бүгінгі күнге дейін қазақ отбасында дайындалып, қолданылып келе жатқан текемет, сырмақ, түскиіз, ұлттық киім үлгілерін, алтын мен күмістен жасаған сан-алуан зергерлік әшекейлерді айтуға болады.

Қазақ халқының дүниетанымдық ой-өрісі мен рухани дамуын, біздерге дейін жеткен эстетикалық-мәдени қазыналарын жасаушы-тарихи, материалдық ескерткіштері, кәсіби шаруашылық, тұрмыс-салт дәстүрлері, ауыз әдебиеті, дәстүрлі бейнелеу және қолөнері, сәулет өнері, музыка өнері, мерекелік ойын-сауықтары қамтамасыз етіп келгенін, философия, тарих, этнография, эстетика, мәдениет және өнертану саласындағы және ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтарын жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану жолдарын зерттеуші педагогтар еңбектерін талдай отырып көз жеткіземіз.

Негізгі бөлім. Рухани жаңғыру бағдарламасын студенттергеқазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың педагогикалық негіздері.

Жеке адамның рухани мәдениет тәрбиесінің компоненттерінің бір саласы - адамзаттың өткені және қазіргі шығармашылық қызмет үрдісіндегі көркем-материалдық, рухани-мәдениет құндылықтарын игеруі. Бұл міндет «Бүгінгі жас ұрпақ, тек оқыту, білім алудың объектісі болумен бірге, рухани-мәдениет субъектісі саналатын жаңа мазмұнды оқу-тәрбие орнынының жасампаз шәкірті болуы қажет» [1]. деген талаптың негізгі өзегі – жаңаша ойлау мен білімдарлықты – қоғамның, оның жеке азаматтарының келбетін өркениет мәдениеттілігі деңгейіне көтеру болып саналады. Ал бұл саладағы құндылықтарды игеру - адамдардың қоршаған дүниеге қатынастары мен қолөнер шығармаларын қабылдауындағы жоғарғы эстетикалық құндылықтарды игеруінің рухани-практикалық іс-әрекеті. Тарихи қалыптасу, даму кезеңдерінде, халқымыз өзінің ұлттық, психологиялық, әлеуметтік болмысының бар мүмкіндіктерін, мінез-құлық нормаларын, тәлімдік қағидаларын болашақ ұрпақты рухани-эстетикалық дамуын жүзеге асырудың тәрбиелік принциптерін қалыптастырған. Ол тәрбие құралдары, адамдардың материалдық байлығы және қоршаған шындық болмысына, ортаға деген рухани дүниетанымдық, өнердегі әсемдік, шығармашылық көзқарасының жемісі саналатын – сан-алуан өнер түрлері. Өнер өзіндік көркем-мәнерлік құралдарымен жасалған образдар арқылы адам санасына әсер ете отырып, өмір шындығы мен өнердегі сұлулық пен әсемдікке деген эмоциялық қатынастың қалыптасуына зор ықпал ететін мүмкіндігі зор тәлімдік құрал.

Өнер түрлерінің ішінде, Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық әрі кәсіби фольклорын құрайтын колөнері мен сәндік-қолданбалы өнері табиғатының жан-жақтылығы, мәні мен мазмұны, жасалу тәсілдерінің сан-алуандығы мен тарихи, этнографиялық, мәдениеттанымдық аспектілері және оның ұлттық мәдени құндылығы ғалымдар: Ә.Марғұлан [5], Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков [6], С.Қасиманов т.б. еңбектерінде, сол сияқты, бұл өнердің адамның қоршаған шындық болмысына эстетикалық қатынасын, рухани-материалдық дүниетанымын қалыптастырудағы алатын тәрбие саласындағы маңызы - Ө.Жәнібеков, Б.Байжігітов, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Қ.Болатбаев, т.б. ғалымдардың философиялық, өнертану, эстетикалық, педагогикалық еңбектерінде ашып көрсетілген [6-10].

Қазіргі уақыт кеңістігіндегі білім беру жүйесінде, интеллектуалды дамыған, моральдық, рухани-эстетикалық тағлымы берік қалыптасқан болашақ ел азаматын дайындауды қамтамасыз ететін білімдарлық пен рухани-мәдениеттілік сапасы арасындағы олқылықтардың көрініс беруі педагогикалық шындық. Мектеп жасындағы балалардың да бойында өркениеттікке жатпайтын, келеңсіз жат мінез-құлықтар мен рухани өрістің таяздығынан, халықтық мәдени құндылықтарға деген немқұрайлы көзқарастардың бой алуына себеп болуда. Міне, осы олқылықтарды түзету мақсатында елімізде арнайы «Этномәдени тәрбие тұжырымдамасы», «Мәдени мұра» бағдарлдамасы жасалды. Ол мемлекеттік құжаттар мазмұнының талаптары мен міндеттері, КОЛЛЕДЖ студенттерін, әсіресе көркемөнер мамандарын дайындайтын оқу орындарында болашақ мұғалімдерін, осы өзекті мәселелерді шешуге кәсіби дайындауды жүзеге асыруға жетелейді.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:

- жүйелі ойлауды;

- құқықтық ақпараттық мәдениетті;

- кәсіпкерлік мәдениетті;

- өзін-өзі тануды;

- басқаларға ұсынуды;

- өз қызметін білімді талдауды;

- жаңа білімді;

- нано технологияларды меңгеруді;

- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;

- бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;

- әр іске жауапкершілікпен қарауды;

- нәтижеге бағытталған істерді жасауды.

Осыған орай, біздің – мамандықтар бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді

Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

- оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;

- уақытын үнемдейді;

- білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;

- қажетті ақпаратты жедел түрде алу алады;

- экономикалық тиімді;

- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.


Адамның эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикальгқ көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін таңымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Студенттудентті әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғатты, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулр әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанына өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Білім беруде жаңа технологияларды кеңінен қолдану педагогтардың кәсіби сапасын көтеру арқылы ғана мүмкін болса, сапалы оқытудың нәтижесі – оқушылардың функционалдық сауаттылығы болары сөзсіз.Педагог-зерттеушілер – студенттер мен оқушылар санасына өнердегі формалардың әрбір тарихи кезеңдер талаптарына қарай өзгеру логикасының, халықтың қоғамдық өмір құрылымының, эстетикалық идеясының, көркемдік дәстүрлерінің өзгеруімен табиғи байланыста екендігін, бұл өзгерістердің тарихи себептерін қызығушылықпен сараптай алу қабілеттерін қалыптастыру негізгі маңызды мәселелердің бірі, егер бұл мәселе өз деңгейінде орындалмаса, өнер арқылы көркемдік білімнің мәні жоғалады, ол дегеніміз, тұлға бойында әсемдік сезім мен халықтық көркем эстетикалық құндылықтарға деген дұрыс көзқарастың жоғалуы, ұлттық өнер мен әлемдік өнер мұраларына деген кереғар пікірдің қалыптасуына әкеп соғады - деген пікір айтады [13, 206 б ].

Бағдарлама ретінде колледждің тәлімгерлеріне ұсынатын басты мәселелері:

1. Ұлттық болмыс ұғымдары (дүниетаным, қазақша ай, жыл атаулары мен сипаты).

2. Ұлыстың ұлы күні (наурыз жыл басы, наурыз көже т.б.).

3. Қазақтың тыйым сөзі (әдептілік, қарапайымдылық т.б.)

4. Ырымдар да халық мұрасы (жолашар, сүйінші, байғазы, көрімдік т.б.)

5. Бабалар батасы (тілек, алғыс т.б.)

ІІ. Имандылық иірімдері (әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, қарға тамырды қазақ, дос, жолдас, көрші т.б.)

ІІІ. Қазақтың салт-дәстүрі

1. Бала өмірі (шілдехана, қырқынан шығару, бесік тойй және жыры, тұсау кесер, тілашар т.б.)

2. Жастардың сауық кештері (бастаңғы, қызойнақ, алтыбақан, т.б.)

3. Торқалы той (қыз ұзату, оны өткізудің әр түрлі тәсілдері).

ІV. Еңсесі биік ақ орда

1. Киіз үй (жабдықтары, киіз үйге байланысты мақал-мәтел, ырымдар, өлең, қанатты сөздер т.б.)

2. Ұлттық киім-кешектердің, ыдыс-аяқтың түрлері т.б.

V. Өнер жайлы

1. Сөз өнері (айтыс, толғау, терме, шешендік сөздер т.б.)

2. Ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, уәлдек, шертер т.б.)

3. Халық өнерлері (кілем, текемет, алаша, сырмақ, басқұр, түскиіз т.б.)

4. Зергерлік бұйымдар (білезік, сақина, алқа, сырға, шашбау, бойтұмар т.б.)

VІ. Ұлттық ойныдардың түрлері

1. Бәйге, қыз қуу, көкпар, күрес, сайыс, аударыспақ, арқан тарту т.б.

2. Балалар ойыны: асық ойнау, «Ақ серек, көк серек», «Жасырымбақ», ақ сүйек т.б.

3. Бөбектер ойыны: санамақ, қуырмаш, ұмтыма т.б.

4. Ақыл-ой ойындары: жұмбақ, ауызша, есеп, тоғыз құмалақ, дойбы т.б. Мамандық бойынша студенттерді өнерге баулу саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған алдыңғы сатылардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың нәтижелері мен тұжырымдары:

  • студенттердің көркемдік жетістіктері ең алдымен өнерді, оның бойындағы рухани әрі материалдық, эстетикалық құндылық белгілерін тану, қабылдау дағдыларын дамытудың маңыздылығын;

  • өнерге деген әсерлі танымдық қатынасты тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдықты дамыту, өнерге аса қажетті көркемдік талғамның қалыптасуына ықпалды әсер ететіні;

  • көркемдік білім негіздерін игеруге бағытталған теориялық, практикалық білім іс-әрекеттерін, халықтың рухани, көркемдік, материалдық құндылықтарын, эстетикалық дәстүрлерін игертумен тығыз ұштастыра жүзеге асыру, өнердің атқаратын қызметіне сай ұйымдастырылған ғылыми-педагогикалық сәйкестікті талап ететінін дәлелдеп берді. Бұл талаптар, бүгінгі студент, ертеңгі мектеп мұғалімінің жас ұрпаққа көркемдік білім мазмұнын жаңаша заманауи міндеттерге сай жүзеге асыруына аса қажетті.













Қорытынды.

Қазіргі колледж оқушыларының эстетикалық және рухани дамуы, негізінен, көркемдік білім құралдары – әдебиет, музыка, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер пәндері арқылы жүзеге асады. Кез-келген өнер түрі өзіне тән көркем-мәнерлілік тілімен балалалрдың санасына әсер етіп, қоршаған өмір шындығына деген сезімдік әсерлерін, таным деңгейін, әдемілікті сұлулық заңымен қабылдау дағдыларын қалыптастырады. Бүгінгі таңда, жас ұрпақты бейнелеу өнерінің түрлі салалары бойынша көркем бейнелеу, орындау қабілеттілігіне баулуға арналған тәжірибелер мен әдістемелік материалдар баршылық.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:

  1. Халқымыздың дәстүрлі көркемөнерінің құндылықтарын, көркемдік білім мен тәрбие жүйесін рухани-мәдениет құндылықтарымен ізгілендіруге қатысты іс-шараларды педагогикалық, психологиялық жағынан үйлестіре дарыту, қазіргі өркениетті қоғам өмірінде айрықша маңызды мәселе.

  2. Көркемдік білім мамандарын дайындау мен мектептік өнер пәндерін оқыту мазмұнына, ұлттық көркемөнер құралдарын пайдалану негізінде, туған халқының рухани-мәдениет құндылықтарына эстетикалық қатынас мәдениетін, адами құндылықтарды сыйлау, қарым-қатынасқа түсу мәнерін меңгеруге деген ұмтылыстарына ықпал жасаудың әдістемелік жолдары жасалуы қажет.

  3. Көркемөнер саласындағы тәлім-тәрбие мазмұнын, рухани-мәдениет құндылықтары негізінде ізгілендіру міндеттері, педагогиканың жаңаша нақтыланған қоғамдық тәрбиелік принциптерді, этномәдениет тәрбиесінің озық үлгілік нұсқаларын, көркемөнер пәндерін оқыту мазмұнынмен, жекеше шығармашылық ізденіске баулу жұмыстарымен тығыз байланыстыра жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

        1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары "Қазақстан-2050" Стратегиялық саяси бағыты. Президенттің Халыққа жолдауы //Егемен Қазақстан.

2. Қ.Р. «Мәдени мұра" бағдарламасы. – Астана, 2003

3. Қ.Р. «Этномәдениет тәрбие» тұжырымдамасы. – Астана, 2000.

4. Қазақстанның сәулеттік ескерткіштері мен сәндік қолөнері және олардың тәлім-тәрбиелік маңызы //«Қазақ тәлім-тәрбие тарихы» атты кітапта. Жалпы редак. С.Қалиев . Оқу құралы. – Алматы: Алтынсарин ат. ПҒ ҒЗИ, 2002. -

5 Маргулан А. Казахское народное прикладное искусство. 1-2 т. – Алматы: Өнер, 1986. – 256 с.; 1987. – 288 с. С илл.

6. Жанибеков У. Эхо...по следам легенды о золотой домбре. – Алматы: Өнер, 1990.

7. Байжігітов Б. Қазақ өнерінің эстетикалық табиғаты. Фил. ғылым. докторы дисс. автореф. – Алматы, 1994. – 24 бет.

8. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Мектеп, 2001. – 135 б.

9. Балтабаев М. Казахская традиционная культура в системе образования. – Алматы: РИК, 1994.

10. Болатбаев Қ. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау процесінде халықтық педагогиканы қолдану. П.ғ.к. ...дис. автореф. – Алматы, 1995. - 18 б

11. Тәттібаева Г. Қамақ Ә. Қазақтың дәстүрлі өнер саласындағы рухани-мәдениет құндылықтарын игертудің педагогикалық маңызы //Ізденіс (Поиск) ҚРБҒМ ғылыми журналы, № 2, 2013. – 204-207 беттер

















7