- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінде неше ай бар? -Дұрыс. -Сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Бүгінгі сабағымыз үй жануарлары туралы болмақ. Біздің еліміздің жері мал өсіруге өте қолайлы балалар. Слайд көрсете отырып үй жануарларымен таныстыру. Балалар суретке карайықшы -Бұл не? -Жылқының баласын не деп атайды? Жылқының сүтін ,етін пайдаланамыз. Терісінен киім тігеді екен. -Жылқының сүтін не деп атаймыз кім біледі? -жарайсыңдар! Бұл сиыр. -Сиырдың баласын не деп атайды? -дұрыс -Балалар сиырдан – сүт аламыз. Сүтінен қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт жасайды екен. - Ненің суретін көріп тұрмыз? - Қойдың баласын не деп атайды? Қойдың етін жеп,жүнінен киім тоқиды екен. Балалар, үй жануарларының адамға пайдасы өте зор. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды. Үй жануарларына сонымен бірге ит пен мысық жатады. Ит – үйімізді, малымызды күзетеді. Мысық – тышқан аулайды екен. (15 мин)
«Ненің дауысы?» деген дидактикалық ойын ойнайық. Жануарлдардың дыбыстары бейнетаспа арқылы тыңдатылады. Қай жануардың дыбысы екенің табу керек. Жылқы - кісінейді Сиыр - мөңірейді Қой, ешкі – маңырайды екен. (3 мин) Шаршаған шығармыз. Біраз бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті Үн тампа қосылады. (2 мин) «Не артық?» ойыны. Тақтада үй жануарлары мен жабайы аң аралас сурет ілініп тұр. Үй жануарына жатпайтын суретті сызып тастау керек. (2 мин) Балалар, енді осы жануарларды орыс және ағылшын тілінде тыңдап көрейік. (3 мин) -Балалар, сендердің ауылда тұратын ата-апаларын бар ма? -Ауылға барғанда үй жануарларын көрдіңдер ме? | Балалардың жауаптары тыңдалады. -күз мезгілі. -үш ай
Балалар слайдқа қарап, тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады. -жылқы -құлын
-қымыз
-бұзау
-қой -қозы
Балалар жануарлардың дыбыстарын тыңдап. Ненің дауысы екенің табады. -жылқы -қой -сиыр -түйе -ит
Балалар сергіту сәтін бейнетаспаға қарап,іс-қимылдарын қайталайды.
Балалар мұқият тыңдап қайталайды. - лошадь,horse. - корова, cow. -овца,sheep. -собака,dog. -кошка,cat. -иә -иә |