СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"С?йлем «Жырау»"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 1«?»            К?ні: 23.04.16.

П?ні: ана тілі

Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем «Жырау».

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушыларды? с?йлем туралы білімін, т?сінігін молайту, ?йрету, «Жырау» туралы т?сінік беру.

Дамытушылы?: О?ушыларды? мазм?нды сурет ар?ылы с?здік ?орын молайту, м?нерлеп о?у, к?ркем жазу да?дысын жетілдіру.

Т?рбиелік: о?ушыларды сауатты жазу?а, ??ыптылы??а, зейінділікке, адамгершілікке, таби?атты ?астерлеп, ?ам?ор болу?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?.

Саба?ты? типі: жа?а білім беру.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, т?сіндіру, ізденушілік, д?лелдеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: ілмелі кесте, Б??ар жырауды? суреті, себет, ?ыз?алда?тар, ?има ?а?аздар.

П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, д?ниетану.

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і.

  1. О?ушылармен с?лемдесу, т?гендеу.
  2. О?ушыларды? назарын саба??а аудару.

Просмотр содержимого документа
«"С?йлем «Жырау»"»

Сыныбы: 1«Ә» Күні: 23.04.16.

Пәні: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем «Жырау».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөйлем туралы білімін, түсінігін молайту, үйрету, «Жырау» туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мазмұнды сурет арқылы сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, көркем жазу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушыларды сауатты жазуға, ұқыптылыққа, зейінділікке, адамгершілікке, табиғатты қастерлеп, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденушілік, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: ілмелі кесте, Бұқар жыраудың суреті, себет, қызғалдақтар, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. 147-жаттығу. Цифрларды сөзбен жазып, оларға сұрақ қою.

Бес, жеті, тоғыз, отыз, елу, жүз.

  1. «Қазақ батырлары» өлеңді жатқа айту.

Үй тапсырмасын семантикалық карта арқылы бекіту:

Аттары

Қолбасшы

Хан

Қабанбай



Бөгенбай



Абылай



Наурызбай



  • Ал, балалар! Қазір қай мезгіл?

  • Көктем.

  • Көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі қалай аталады?

  • Қызғалдақ.

Ендеше, «Себетке қызғалдақ гүлін жинайық» ойынын ойнайық.

Шарты: Әр қызғалдақты ала отырып, дұрыс жауап берілсе, қызғалдақ себетке салынады.

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Дауысты және дауыссыз әріптер нешеу?

  3. Дыбысты, әріпті не істейміз?

  4. Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?

  5. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?

  6. Көне қаруларды ата.

  7. Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

  8. Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?


ІІІ. Жаңа сабақ «Сөйлем».

Оқушыларға «Қ» әрпін көрсету.

«Қ»әрпі – дауыссыз дыбыс. Осы әріпке А дауысты дыбысын қоссақ, ҚА шығады. Ол – буын. – Буынға тағы бір буын қоссақ, не шығады?

  • Сөз шығады. ҚАЛА.

  • Осындай бірнеше сөзді қоссақ, не шығады?

  • Сөйлем шығады.

Қ Қа Қала Астана - әсем қала.

  • Балалар мына сөйлемде неше сөз бар?

  • Үш.

  • Бірінші сөз қалай жазылған? Сөздер бір-бірінен қалай жазылады?

Сөйлем соңына не қойылған?

  • Ендеше, мынадай ереже шығады.

Сөйлем сөзден құралған. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Бірінші сөз бас әріптен басталып жазылады, соңына нүкте қойылады.

IV. Оқулықпен жұмыс.

148-жаттығу. Ауысша орындау.

1. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқу.

2. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін аңғарту.

Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын аңғарту.

V.«Сөйлемді жалғастыр» ойыны.

Шарты: Қима қағазда сөйлемнің басы немесе аяғы жазулы тұрады.

Оқушылар сөйлемді аяқтау керек.

Мысалы: Бала кітап (оқыды). Картоп, пияз (өсті). (Дәрігер) ауруды емдейді.

149-жаттығу. Ізденушілік деңгейдегі жаттығу.

  1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу.

  2. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып соңына нүкте қою.

VI. Сергіту сәті. Орманға ойша саяхат.

  • Қане, балалар, енді сәл демалайық. Көздеріңді жұмыңдар, міне,

орманға кірдік. Орманның іші қандай тамаша! Не көрдіңдер, не естідіңдер? Соны айтып беріңдер.

Бұл ойынды балалар өте қызыға ойнайды. Елестету арқылы ойлау қабілеттері дамиды, көргендерін баяндау барысында – сөздік қоры байып, тілі дамиды.

VII. «Жырау» өлеңін мәнерлеп оқу.

«Жырау» туралы түсініктеме беру. Бұқар жыраумен таныстыру.

Бұқар жырау 1668 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туылған және 1781 жылы сол жерде қайтыс болған. Бұқардың өз әкесі – Қалқаман батыр.

Жырау әрі – ақын, әрі – шешен, әрі – батыл, әрі – ақылшы болған.

Бұқар өз жырларын әлеуметтік мәселелерге арналған және олар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты туған. Бұқар өлеңдеріндегі басты сарын – ел жайы, халық мүддесі. Оның өз отанын сүюі, отанын жауға бермеу үшін бар күшін салып, халықты бірлікке үндеген. Бұқар бір топ өлеңдерін соғыста ерен ерлік көрсеткен, елін, жерін жаудан аман – есен қорғап қалған қазақ батырларына арнайды.

Көпті көрген жырау өз ұрпақтарына:« Қарт атаң мен әжеңді сыйла, өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен кейінгілер де сені сыйлайтын болады» дегенді айтқан.

VIII. Жаңа сабақта бекіту.

«Жырау» сөзжұмбағын шешу.

  1. Түнде ұшатын құс (жапалақ)

  2. Жазда күн қандай болады? (ыстық)

  3. Талдың көркі не? (жапырақ)

  4. Демалу үшін не қажет? (ауа)

  5. Киіз үйдің бір бөлігі (уық)


IX. Топтастыру.

Х. Қорытындылау.

  1. Оқушыларды жинаған дөңгелекшелері арқылы бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру.«Жырау» өлеңін жаттап келу. Үш сөйлем құрастырып жазу.