| ІІ кезең-ұйымдастырушылық- ізденушілік | Тосын сәт: Күз ханшайымы келеді. -Топқа күз мезгілі келеді. -Сәлеметсіздерме, балалар! -Мені таңыдыңдарма? -Мен күз ханшайымы. Мен сендерге құр келген жоқпын, өзімен бірге тапсырмалар әкелдім. Қазір осы тапсырмаларды апайларымен бірге орындауға кірісіңдер, ал мен кетейін, мен тағы басқа балаларға баруға асығыстамын. -Сау болыңдар, балалар! -Балалар, біз қазір сендермен бері келіп, тақтаға көңіл бөлеміз. Тақтадағы суретке қарамастан бұрын мен сендермен сөздік жұмыс өткізейін. -Сөздік жұмыс -Сыбдырлап -Қызғылт-сары жапырақтар Тапсырма 1 Суретпен жұмыс: Тәрбиешінің үлгісі. Күз мезгілі келді. Ауа райы салқындады. Балалар апайларымен бірге орманға саяхатқа шықты. Орман іші тып-тыныш. Ағаштардан жапырақтар сыбдырлап жерге түседі. Ағаштардың жапырақтары қызғылт –сары. Міне осыны біз алтын күз деп атаймыз. -Балалар мынау суретте не көріп тұрсыңдар, сол туралы маған қысқа әңгіме құрастырап беріңдер. - Мынау суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Неліктен күз мезгілі? -Суретте қандай өзгерістер бар? -Балалар қайда шықты? - Орманда жапырақтар қандай түсті? -Олар қалай түсіп жатыр? -Бой сергіту ойынымызды Жаңбыр жауды, Тық-тық-тық. Сен көшеге шық-шық-шық. Жел соғады гу-гу-гу, Жапырақтар ұшты ду-ду-ду Құйын тұрды ой-ой-ой Билеп кетті жапырақтар. Тапсырма2 -Қазір біз күз ханшайымы әкелеген келесі тапсырмасын орындаймыз. Ноутбуктерге отырып, күз мезгіліне байланысты тапсырмаларды орындаймыз. - Күздің ерекшеліктерін тауып бер. -Суретте күз мезгіліне байланысты ерекшеліктерді тауып алып, үлкен суретке сызықша арқылы көрсет Тапсырма 3 Жұмбақ шешу. Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ қашады. «жел» Ағайынды бәрі Шықса жасыл, Түссе сары «жапырақ» Аспаннан домалап, Көп моншақ төгілді Бусанып жон жонап, Терледі, керілді. «жаңбыр» Көзі жасты жылауық Келе жатыр, бір алып, Жабырқаса, жылайды, Жадыраса құлайды. «Бұлт» | Күзді қарсы алады Сәлеметсізбе! Иа Күз әкелген тапсырмаларды тәрбиешіге ұсынып, балалармен бірге орындайды. Сау болыңыз! Балалар тақтаға жақындайды. Сыбдырлап Қызғылт-сары жапырақтар Тәрбиеші суретті әңгімелеп береді. Балалар суретке қарап өз сөздерімен айтады. Күз мезгілі. Ағаштардың жапырақтары сары. Балалар орманға саяхатқа шықты. Жапырақтар сары, қызғылт-сары . Олар сыбдыр болып түседі. Жаңбыр жауды, Тық-тық-тық. Сен көшеге шық-шық-шық. Жел соғады гу-гу-гу, Жапырақтар ұшты ду-ду-ду Құйын тұрды ой-ой-ой Билеп кетті жапырақтар. Балалар ноутбуктерге отырып, тапсырманы орындайды. «жел» «жапырақ» «жаңбыр» «Бұлт» |
| ІІІкезең- рефлексивті- түзеуші | -Ал енді бүгінгі оқу іс әрекетті қорытындылайық. -Бүгін біз не істедік? -Суретпен әңгіме -Қандай суретпен жұмыс жүргіздік? -Қандай жаңа сөздерді меңгердік? -Қазір мен сендерге суретті көрсетіп 2 балаға сурет бойынша әңгімелету. -Тәрбиелік мәні: -Неге біз алтын күз деп айтамыз? -Өйткені күзде барлық дәнді дақылдар жемістер көкөністер пісіп шығады. Бұл үлкен байлық. -Осы байлықты қай мезгілде аламыз? -Тақпақтар оқу | Суретпен әңгіме құрдық. Күз мезгілі туралы сурет болды. Сыбдырлап, қызғыл-сары Өйткені күзде барлық дәнді дақылдар жемістер көкөністер пісіп шығады. Бұл үлкен байлық. Күз мезгілінде аламыз. |