Алма Оразбаева атындағы ЖОББМ
Казталов ауданы, Казталовка ауылы
Сабақ:1 « Бактериялар дүние тармағы».
6 сынып. Биология Мұғалім: Имангалиева Бакытгуль Темиртасовна
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға бактериялар туралы түсінік қалыптастыру, бактериялардың тіршілік формасын, тіршілік қасиеттерін білу.
Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау есте сақтау кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдылық қызуғушылықтарын ояту, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Бактерияларды түсіну және ауызша түсіндіре білу.
Биологиялық терминалогия: микробиология, бактерия, сапрофитті, паразитті, спора, жасуша, ДНҚ , таралу аймақтары,
Оқыту ресурстары:
Интербелсенді тақта, слайд, түрлі түсті карандаштар, плакаттар , түрлі түсті қағаз, қайшы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сергіту сәті.
Топтарға бөлу.
Топтық жұмыс
Постер жасау
Жаңа мағлұмат аламыз.
Өз ойларыңды айту.
Рефлексия
ІІ. Қайталау: 5 минут
Тірі ағзалар неше дүниеге жіктеледі?
Тірі ағзалардың тіршілік формасын айтып беріңдер?
Тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін ата?
Үй жұмысын тексеру 7 минут
вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар туралы тірек сөздер беріледі. Тірек сөздер арқылы оқушылар үй тапсырмасын жазады. Тапсырманы жазып болған соң, әр топ өзінің жұмысын қорғайды.
- Оқушылар сендермен біз бүгінгі сабақта тірі ағзалардың дүниесіне шолу жасадық. Енді тірі ағзалардың топтарын ажырата аламыз.
- Сонымен бізде қандай ағзалық әлем туралы айтылмады?
- Ия, бүгін біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы қандай болмақшы?
Интербелсенді тақтадан сабақтың тақырыбы шығады.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру: Презентация 20 минут
Жаңа сабақты оқыту және оқу үшін әдісі бойынша оқулықтағы тақырыпқа шолу жасайды. Оқулықтағы тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріледі.
І топ: Микробиологияның ашылу тарихы
ІІ топ: Бактерияның құрылысы

ІІІ топ: Бактерияның түрлері
Әр топ постерді жасап, қорғайды. Постер жасаған кезде оқушылар оқулықты пайдаланады. Өздері ізденіп, шығармашылық жұмыс пен жаңа мағлұматтарды алады. Әр топ жұмысын қорғау кезінде спикер сайлап алады. Спикерге көмекші алуға да болады.
І топ: Мейрамгуль
Микробиологияның ашылуына үлес қосқан ғалымдар туралы баяндады.
Бактерияларды алғаш рет 1683 жылы микроскопты ғылыми зерттеулерде пайдаланған голланд ғалымы Антони ван Левенгук (1632-1723) екені жайлы мағлұматтар келтірді.Кейіннен ХІХ ғасырдың екінші жартысында француз ғалымы Луи Пастер (1822-1895) көптеген ашу процестері арнайы микроағзалардың тікелей қатысуы арқылы болатынын анықтап, тіршіліктің өздігінен пайда болады деген көзқарасты тәжірибе жасап, жоққа шығарды.
ІІ топ: Алина
Бактерияның құрылысын түсіндірді. Бактерия -ядросыз ағза. Бактерия жасушасындағы тұқым қуалайтын ақпарат цитоплазмадағы бір ғана ДНҚ-ның молекуласынан тұрады және оның пішіні сақина тәрізді. Бактерия жасушасындағы қор заттары – полисахаридттер, майлар, полифосфаттар және күкірт түрінде болады. Спора – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Спора түзу арқылы бактерия жасушасы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғанады.
ІІІ топ: Аружан
«Бактерия» сөзі грек тілінен «таяқша» деген мағына білдіреді. Бактериялардың пішіндеріне қарай мынадай түрлерге жіктеледі:
Үтір
Таяқша
Сопақша
Шар
т.б.
Сапрофитті – ағзалардың өлі қалдықтарымен қоректенетіндер.
Паразитті – тірі ағзалардың ұлпаларымен, не мүшелерімен қоректенетіндер.
Бактериялар ауада, топырақ арасында, суда, тау басындағы қар мен мұздықтарда, ыстық қайнар суында(+90◦ с) да кездеседі. Бактериялардың тіршілігі үшін ең қолайлы табиғи орта – топырақ. Топырақтың түріне сәйкес 1 г топырақта 200 млн-нан 2 млрд. дана бактериялар кездеседі.
Ү.Сабақты қорытындылау: 3 минут
Мұғалім. Ал енді сабағымызды қорытындылайық.
Қарапайым сұрақ:
Микробиологияға үлес қосқан қандай ғалымдар ?
Бактерия сөзі қандай мағына береді?
Бактериялардың құрылысы қандай?
Бактериялардың түрлерін ата?
ІХ. Рефлексия 2 минут
Біржасушалы ағзаларды
Бактериялар туралы
Микроскоп жайлы
Бактериялар туралы толығырақ мағлұматтар
Ғалымдардың еңбектері жайлы
Микробиология ғылымы туралы
Бактерияның түрлері, таралу аймақтары