СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Социальная работа-кейс на тему: "Развитие мелкой моторики детей"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Учащиеся по специальности "Социальная работа" подготовили свои творческие отчеты по данной тематике. Все учащиеся были разделены на подгруппы например, "Печочная терапия", "Тактильное лото", "Пальчиковая гимнастика", "Театр на пальцах", "Арт терапия" и т.д. Все учащиеся справились с поставленной задачей. По итогам защиты творческих отчетов  был оформлен фотоальбом.

Просмотр содержимого документа
«Социальная работа-кейс на тему: "Развитие мелкой моторики детей"»


Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі











«Әлеуметтік жұмыс» кейс

Тақырыбы: «Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту»

(шығармашылық жоба бойынша есеп қорғау)













Модератор: арнайы пәндер оқытушысы М.У.Шналиева











03.05.2019



Шығармашылық жоба- бұл оқу пәні бойынша шығармашылық жұмысты қорғау нәтижесінде студенттердің практикалық нәтижесіне қол жеткізуі. Студенттердің жобалық іс-әрекеті дамытушы (жеке тұлғаға бағытталған) оқыту әдістерінің бірі болып табылады, дербес зерттеу іскерліктерін (мәселені қою, ақпаратты жинау және өңдеу, эксперименттер жүргізу, алынған нәтижелерді талдау) әзірлеуге бағытталған, шығармашылық қабілеттерді және логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді, оқу процесі барысында алынған білімді біріктіреді және нақты өмірлік маңызды мәселелерге баулиды. Шығармашылық жоба - "Әлеуметтік жұмыс" мамандығының студенттері үшін міндетті болып табылады.

Мақсаты: "Дамуында проблемалары бар балалар психологиясы" пәнін оқу кезінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын студенттердің түсінуіне және қолдануына қол жеткізу.

Міндеттері:

- жоспарлауға үйрету (студент мақсатты нақты анықтай білуі, қойылған мақсатқа жету бойынша негізгі қадамдарды сипаттай білуі, барлық жұмыс барысында мақсатқа жету үшін шоғырлануы тиіс);

- ақпаратты, материалдарды жинау және өңдеу дағдыларын қалыптастыру (студент тиісті ақпаратты таңдап, оны дұрыс пайдалана білуі керек);

- талдау жасай білу (креативтілік және сыни ойлау);

- шығармашылық есеп жасай білу (студент жұмыс жоспарын құрастыра білуі, нақты ақпаратты таныстыруы, түсіндірмелерді рәсімдей білуі, библиография туралы түсінік болуы керек);

- жұмысқа оң көзқарасты қалыптастыру (студент бастамашылық, ынта танытуы, белгіленген жұмыс жоспары мен кестесіне сәйкес жұмысты мерзімінде орындауға тырысуы тиіс).

Өтетін орны: 303 аудитория

Қатысушылары: 825 топ студенттері, І курс

Тақырыптары:

І топ «Саусақ гимнастикасы және жаттығулары» Жұбанышева Қ, Қонысбаева А, Утебаева Ғ, Жанболатова А

ІІ топ «Саусақ театры» Мұқсинова М, Жанбузова Г, Исқазиев Н

ІІІ топ «Тактильді лото» Таженова Ш, Жасқайратова А, Жасталапова Ж

ІV топ «Ойын терапиясы» Насибуллина Ф, Бекниязова Ә, Малықов С, Мұстахимұлы М

V топ «Құм терапиясы» Ұзақбаев Е, Асқарова Ж, Нұржан Ж

VІ топ «Ертегі терапиясы» Айғалиева А, Қадыржанова А

VІІ топ «Арт терапия» Амирова Ж, Жұмагельдина А, Темирболатова А

Сарапшылар: №1 қалалық емхананың оңалту бөлімшесінің реабилитолог және дене шынықтыру нұсқаушы мамандары.

Жобаның тақырыбы студенттерге ұсынылған тақырыптар тізбесінен өздігінен таңдап алынады, сондай-ақ оқытушының келісімі бойынша қызығушылық танытқан студенттің қалауы бойынша тұжырымдалуы мүмкін. Жобалар ұзақ мерзімді (бір жыл ішінде орындалатын және одан көп), орташа және қысқа мерзімді, жеке және топтық болуы мүмкін. Кез келген жобаның соңғы нәтижесі жазбаша және ауызша есеп болып табылады. Ол мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

-жобаның тақырыбы мен мақсатын таңдау негіздемесі;

-жобаны орындау бойынша жұмыстың негізгі кезеңдерінің сипаттамасы;

-жобаны орындау барысында кездесетін негізгі проблемалар мен қиындықтардың сипаттамасы және оларды шешу.

Жобаны орындау процесін және оның нәтижелерін өзіндік бағалау.



Жобалардың түрлері:

  • Шығармашылық саласындағы жұмыс (бейнелеу, драмалық және т. б.);

  • Психология, әлеуметтану және т. б. саласынан белгілі бір тақырыпқа жазбаша жұмыс жасау;

  • Шығармашылық жазбаша жұмыс (эссе т. б.);

  • Ғылыми эксперимент жүргізу;

  • Қандай да бір объектінің немесе жүйенің макетін жасау;

  • Әзірленген бизнес-жоспарды, қандай да бір жобаны, іс-шараны немесе жаңа студенттік немесе басқа да қоғамдық ұйымдарды өткізу жоспарын таныстыру.


Жобалық қызметті ұйымдастыру принциптері:

  • Жоба орындау үшін қолайлы болуы керек;

  • Оқытушылардың барлық білім салаларында мамандар болуы міндетті емес, себебі кәсіби мамандарданда кеңес алуға болады;

  • Студенттерді жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар ету қажет;

  • Жобаларды табысты орындау үшін қажетті жағдайлар жасау (тиісті кітапхананы, медиатека, көрнекі ресурстарды және т. б. қалыптастыру);

  • Студенттердің жоба тақырыбын таңдау үшін уақыт болу үшін арнайы бағдар жүргізу, бұл кезеңде жобалық іс-әрекет тәжірибесі бар жоғары курс студенттерін тартуға болады;

  • Оқытушы тарапынан жобаға басшылықты қамтамасыз ету — таңдалған тақырыпты, жұмыс жоспарын (орындау уақытын қоса алғанда) талқылау және студент өз ойларын, идеяларын, сезімдерін-рефлексия жазбаларын жасайтын күнделік жүргізу. Күнделіктегі жазбалар еркін жүргізіледі, жазбаларды жүргізу ұқыптылығы және олардың стилі бағаланбайды. Күнделік студентке есеп жасау кезінде, егер жоба жазбаша жұмысты білдірмесе, көмектесуі тиіс. Студент жоба жетекшісімен әңгімелесу кезінде күнделіктің көмегіне жүгінеді.

  • Егер жоба топтық болса, әрбір студент жобаны орындауға өз үлесін нақты көрсетуі тиіс. Жобаның әрбір қатысушысы жеке баға алады.

  • Оқытушы тарапынан тұрақты басшылықтың және қолдаудың болуы. Студенттер белгілі бір жұмысты орындауға ұзақ уақыт шоғырлана алмайтынын есте сақтау қажет. Оларды үнемі қолдап, моральдық қолдау көрсету керек.

  • Жоба бойынша жұмыс нәтижелерін қандай да бір нысанда міндетті түрде таныстыру. Жобаны аудитория мен сарапшылар алдында қорғау.




Қорытынды: Шығармашылық жоба бойынша есеп қорғау нәтижелері фотоальбом ретінде безендіру.