Просмотр содержимого документа
«5 класс информатика марш лист жана жана жана жана документтттт»
Математика пәні бойынша 5 сынып оқушыларына тірек конспектісі
4 - тоқсан
Сабақ нөмірі: №156
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар және нөл
Сабақтың мақсаты. • Көптаңбалы натурал сандарды қосу мен азайтудың,көбейту мен бөлудің қасиеттерін есте сақтай отырып, дұрыс қолдануды түйіндейді және бір санның екінші саннан қаншаға артық немесе кем екені біледі.
Конспект
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: Көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейді. Яғни ол
a ∙ b = b ∙ a теңдігімен жазылады.
Көбейтудің терімділік қасиеті: Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші мен үшінші сандардың көбейтіндісіне көбейту керек, яғни
(a ∙ b) ∙ c = a ∙ (b ∙ c) теңдігімен жазылады.
Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті: Қосындыны санға көбейту үшін санды қосылғыштардың әрқайсысына көбейтіп, шықан нәтижелерді қосу керек, яғни
(a + b) ∙ c = a ∙ с + b ∙ c немесе с ∙ (a + b) = с ∙ а + с ∙ b
теңдіктерімен жазылады.
Көбейтудің азайтуға байланысты үлестірімділік қасиеті: Айырымды санға көбейту үшін санды азайғыш пен азайтқышқа көбейтіп, санның азайғышқа көбейткендегі мәнінен санның азайтқышқа көбейткендегі мәнін азайту керек, яғни
(a - b) ∙ c = a ∙ с - b ∙ c немесе с ∙ (a - b) = с ∙ а - с ∙ b
теңдіктерімен жазылады.
Мысал 1. Қосуды орындаңдар:
1) (4 289 + 267) + (311 + 5 333) = (4 289 + 311) + ( 267 + 5 333) = 4 600 + 5600 = 10 200;
2) ( 927 + 805 + 546) + (473 + 295 + 354) = (927 + 473) + (805 + 295) + (546 + 354) = 1400 + 1100 + 900 = 3400
Мысал 2. Бірінші күні жумысшылар 27 км жолға жолға асфальт төседі. Олар екінші күні бірінші күнге қарағанда 11 км-ге артық, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 4 км-ге артық асфальт төседі. Сонда үш күнде қанша километр жолға асфальт төседі.
Шешуі: І күн – 27 км,
ІІ күн – 27 км + 11 км = 38 км,
ІІI күн – 38 км + 4 км = 42 км.
I + II +III = (27 + 38 + 42) = 27 + (38 + 42) = 27 + 80 = 107 км
Жауабы: 107 км
Тапсырмалар
2. Өрнектің мәнін ыңғайлы тәсілмен есептеңдер:
1) (821 + 345) – 245 = 821 + (345 - 245) = 821 + 100= 921;
2) (707 + 432) – 132 =
3) 972 – (72 + 888) =
4) 906 – (306 + 123) =
3. Үшбұрыштың периметрі 43 см, ал екі қабырғасының ұзындықтары 19 см және 21 см-ге тең. Үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын табыңдар
4. Өрнектерінің мәндерін салыстырыңдар.
1) 100 000 – 82 109 және 100 000 – ( 27 109 + 63 285)
2) 200 042 – (54 2077 + 44 888) және 200 042 – 98 176
Әзірлеушілер:Регинбаева Н.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Әшірова А.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.