СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сотта сөйлеу теориясының негіздері

Категория: Право

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дәрістің мақсаты: Сот  шешендігінің  сотта сөйлеу мақсатын анықтап, оратордың  тыңдаушылардың  көңілін  өзіне  аудару, айтылған  пікірлерін дұрыстығы  мен  нақтылығын  дәлелдеу үшін сөзді құрастыру композициясын үйрету, оның дұрыс құрастыра білу маңыздылығын көрсету, создің этикалық және эстетикалық негіздерімен қоса психологиялық жақтарын да ескеру маңыздылығын ашу.

Түйінді сөздер: Сот шешендігі, оратор, сөйлеу шеберлігі, шешен, композициялық логика, психология, этикалық және эстетикалық негіздер

Просмотр содержимого документа
«Сотта сөйлеу теориясының негіздері»

4 тақырып. Сотта сөйлеу теориясының негіздері

Дәрістің мақсаты: Сот шешендігінің сотта сөйлеу мақсатын анықтап, оратордың тыңдаушылардың көңілін өзіне аудару, айтылған пікірлерін дұрыстығы мен нақтылығын дәлелдеу үшін сөзді құрастыру композициясын үйрету, оның дұрыс құрастыра білу маңыздылығын көрсету, создің этикалық және эстетикалық негіздерімен қоса психологиялық жақтарын да ескеру маңыздылығын ашу.

Түйінді сөздер: Сот шешендігі, оратор, сөйлеу шеберлігі, шешен, композициялық логика, психология, этикалық және эстетикалық негіздер

Дәріс сұрақтары:

1.Сот шешендігінің композициялық-логикалық құрылуы

2. Сот шешендігінің құқықтық негіздері

3. Сот шешендігінің психологиялық, этикалық және эстетикалық негіздері


1. Сот шешендінінің композициялық- логикалық құрылуы. Сот шешендігінің мақсаты тыңдаушылардың көңілін өзіне аудару, айтылған пікірлерін дұрыстығы мен нақтылығын дәлелдеу болып табылады. Сондықтан өзінің сөйлеу шешендігін дұрыс құра отырып, логикалық заңдылықты сақтау өте маңызды.

Логикалық заңдылық- бұл дұрыс ойлау заңдылығы, адам миында көрініс табатын байланыстар мен объективті дүниенің заңдылықтары. Қандай да бір ойдың шындыққа сәйкес екенін дәлелдеу үшін логикалық заңдарға сүйеніп, тыңдаушылардың белгілі-бір шешімге келуге септігін тигізеді.әрбір сот ораторы істің мән-жайына байланысты өзінің сөйлер сөзін әртүрлі құрастырады.бірақ антикалық классикалық схема өзгеріссіз дәл сол күйінде сақталып қалады(кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды).

Тыңдаушыларды елең еткізіп, сөзге назар аударатын сәт оратордың сот және басқа да сотқа қатысушылармен байланыс (контакт) жасай алу, ақпаратты қабылдауға психологиялық дайындау. Ең қиыны оратор үшін кіріспе сөзін дұрыс бастау. Тыңдаушылардың назарын еріксіз аударатындай етіп бастау қажет.

Мысалы, «Калинин сотта өз өмірін баяндағанда, барлығымыздың есімізде оның айтқан бірнеше сөзі есте қалды: «Мен анамды таптым». Я, дәл осылай айтты «Таптым» деп. Қарапайым сөздер болғанымен, оның астарында қандай қайғы мен трагедия жатыр. Ол заңды да – бәріміз дәл осылай түсіндік немесе түсінгіміз келеді. Баласынан тірідей айырылған ана мен ана мейірімінен, махаббатынан айырылған бала қайғысын, баласын іздеген ананың қиналысы мен әйтеуір соңында баласын тапқан ананың құшағына басқан сәтін елестетеміз. Дәл осылай, басқаша емес біз осы жағдайды елестеткіміз келеді. Бірақ Евгений Калининнің бізге айтқаны басқаша болды емес пе. Іздеу де, айырылысу қиналысы да, кездесу қуанышы да, бақыт жастары да болған жоқ

Антикалық риторикадан бастап сөз сөйлеудің 3 түрі қалыптасқан: шынайы, жасанды және кенеттен. Жасанды (искусственное) сөз сөйлеуде оратор мүмкіндігінше аудиторияны тақырыптың мазмұнымен алдын ала дайындайды.Мысалы, Күнде осы жерде сот мәжілісі басталар алдында хатшы: «Тұрыңыздар, сот келе жатыр» деп хабарлайды. Күнде талай халық жиналып, тағдырлар талқыға салынып жатыр. Бірақ тағдырлар ұқсас болғанымен, қорғаушы мен прокурорға бұлар әртүрлі.

Табиғи (естественное) сөз сөйлеуде алдын ала дайындықсыз тыңдаушыларды іспен таныстырады. Мысалы, Құрметті сот! Қаралып жатқан іс осы қалада оқушылар арасында жан/жалдан болған осымен төртінші іс. Сотталушылар скамьясында отырғандар жасы кәмелетке толмаған балалар.

Кенеттен (внезапное) сөз сөйлеуде оратор өзінің сөзін кенеттен, күтпеген, өзінің сезімдерін халық алдында ашу арқылы бастайды. Сөз сөйлеудің тақырыбы афоризм, дәйексөз болуы мүмкін. Бірақ,келтірілген дәйексөз автордың есімімен емес, тақырыптың мазмұндығымен ашылу қажет. Әрбір халық алдында сөйлеу шешендігі ортақ ой, пікірлерден, болжамдардан, қорытындылардан тұрады. Дегенмен көрсетілгендер өздігінен сөйлеу шешендігінің құрамын құра алмайды, тек бастапқы материал болып, сөздік шикізатты құрайды. Сөйлеу сөздігінде сенімділікті тудыру үшін, аталған материалдарды көрсетілген негізде топтастырып, бір жүйеге келтіріп, белгілі бір реттілікпен орналастыру арқылы композициялық қалып пен жете алады. Қандай да бір ретсіздіктің әсерінен, сөйлеу сөзінің құрлымында композициялдық бостық пайда болып, оны түсінуді қиындатады және шындыққа жетудің жолын бөгейді. Оратор мұнда қаралып жатқан істің маңыздылығына көңіл бөлдіріп, іске өз көзғарасын білдіріп, сотталушының, жәбірленушінің жеке басына сипаттама беруі мүмкін.

Клиентінің кінәсіздігіне сенген адвокат оның мінездемесінен бастауына болады. Сотталушының моральдық тұрғыдан заңды сыйлайтын тұлға екенін көрсетуге болады.

Трафаретті, жаттанды, бір сарында айтылылатын сөздермен бастау ораторға деген, оның айтып жатқан сөзіне қызығушылықты мүлдем жойып, оны тіпті тыңдамауға да әкеліп соғуы мүмкін.

Сонымен, кіріспе сөзге қойылатын негізгі талаптар: сөздің қарапайымдылығымен қоса оның композициялық үйлесімділігінің болуы, яғни сөздің басталуы соңына сәйкес келуі.

Сотта сөйлеу сөзінің негізгі бөлімінде жалпы және нақты мақсаттар қойылады. Негізгі бөлімнің мәйегі болып істі баяндау, дәлелдемелерге анализ бен баға беру жатады. Көп жағдайларда дәлелдемелер ой тұжырымдарының тізбектілігі түрінде оратордың бірінен соң бірі шығатын ой қорытындысын көрсетеді. Сөйлеу сөзінің логикалық сұлбасы қандай да бір ортақ тапсырманы талап етпейді. Мысалы, сотталушы қылмыс жасамады деген тұжырымды үш түрлі негізде келтіруге болады:1) оның әкесін өлтіруге себеп болған жоқ; 2) ол қылмысты я өзі, я біреу арқылы жасауы мүмкін емес 3) Басқаның осы қылмыс жасауға себебі : мүлкін иемдену және т.б.

Негізгі бөлімде маңыздысы болып дәлелдеу мен аргументтеу жатады. Дәлелдемелер логикалық әдістер түрінде үш элементтерден тұрады: тезис, аргумент және дәлелдеу әдістері (демонстрация).

Композициялық нақтылық пен қалыпты сөйлеу шешендігіне жету үшін:

а ) материалды түсіндіру кезендегі қатаң логикалық реттік ;

б ) сөзіндегі ( құрымдардың ) бөліктердің байланысы мен бір-біріне бағыныштылығы.

в ) олардың көлемдерінің сәйкестігі.

г ) сөздеріндегі ішкі келісімділік, ешқандай да қарама-қайшылық, бытыраңқылық пен сәйкессіздіктің болмауы.

д ) сөздің бүтінділігі мен аяқталуы.

Логикалық сөйлеу шешендігі - өз ойлары мен пікірлерін айту кезенде, мұның бәрі сотқа, іс бойынша қатысушыларға және залда отырған қатысушыларға түснікті етіп айту. Сөйлейтін сөзінің логикалық құрылу үшін, логика заңдарын сақтау қажет және олардан бастау алатын әдістерді ( метод ) қолдану керек. Бұлардың ішінде ең маңыздылары:

  1. Индуктивті әдіс

  2. Дедуктивті әдіс

  3. Аналогиялық тәсіл ( әдіс )

  4. Концентрикалық әдіс

  5. Баспалдақты әдіс

  6. Тарихи әдіс ( хронологиялық )

  7. Кеңістік әдіс

Индуктивті әдіс- ойды құрудағы жекеден жалпыға өту, бір фактіні анализ жасап түсіндіру.

Дедуктивті әдіс- бұл материалды түсіндірудің, яғни жалпы реттілік пен заңдардан одан да жалпы реттілік пен заңдарға өту.

Аналогиялық әдіс- көріністерді бір-бірінің белгілі қасиеттерін салыстыру.

Концентрикалық әдіс- бір мәселені шешудегі оратордың пікірлері, ол басты болып табылады.

Баспалдақты әдіс-бұл қолданылады, егер зерттеліп отырған мәселені бір баспалдақтан келесіне өту арқылы түсіндіру керек болған жағдайда.

Тарихи әдіс ( хронологиялық)- болған мән-жайларды өз реттілігімен, ашу және оларға анализ жасап, қалай өрбігенін білу.

Кеңестік әдіс- зерттеліп жатқан мән-жайларды динамикасымен берілуі және топтық іс-әрекетті жасаудағы роль көрсете білудің тиімділігі.

Қорытынды бөлімінде барлығына қорытынды жасалады. Сонымен, қорыта келгенде.деген сөздермен басталып, көп жағдайда әділ шешім шығаруды сұраумен аяқталады. «Мен осымен біттім» немесе «Мен аяқтадым» деп аяқтау орынсыз болып табылады.

2. Сот шешендігінің құқықтық негізі. Әр бір халық алдындағы сөйлеу шешендігі белгілі бір мақсатқа жету. Қылмыстық және азаматтық процесс сотта сөйлеу шешендігімен тығыз байланысты. Олардың халық алдында сөйлеуден бір ерекшелігі заңмен қатаң регламенттік

Халықты құқықтық жағынан тәрбиелеудегі сөйлеу шешендігі де соттық шешендікке жатады. Бірақ бұл сөйлеу шешендігі қылмыстық іс-жүргізумен де, азаматтық іс-жүргізумен реттелмеген. Нақты бір іс бойынша дайындалғанда заң нормаларына сүйене отырып, олардың қаншалықты әсер ететініне мән беру керек. Мысалға, қылмыстық іс-жүргізудің заң нормаларында соттардың үкімді, жазаны белгілеудегі кеңесуде пікір білдіруіне тиым салады. Сондықтан судья үкімді шығарған, кейін лекцияда немесе пікірлесуде бұл туралы айтылмауы тиіс. Сонымен бірге сотта әлі шешілмеген сот қарауындағы нақты қылмыстық материалдардың іс бойынша қатысушылардың қолданылуына жол берілмейді.

Өзінің мақсатына қарай сот шешендігін 3 негізгі түрге бөлуге болады:

  1. Қылмыс іс бойынша өндірістегі сөйлеу шешендігі. ( сот шешендігі)

  2. Азаматтық іс бойынша өндірістегі сөйлеу шешендігі ( сот шешендігі )

  3. Халықты құқықтық тәрбиелеумен байланысты халықтың алдында шығып сөйлеу.

Сот талқылауында сотта сөйлеу реттілігін заңда анық, бөліктермен реттейді- ол қылмыстық іс жүргізудің негізгі бастауы.

Сотта сөйлеу шешендігі басқа халық алдында шығып сөйлеуден ерекшелігі мынада:

1. Сотта сөйлеу құқығы берілген субъектілердің ауқымы заңмен белгілеген;

2. Сөйлеп шығудағы реттілік жән іске қатысты тұлғалардың сотта сөйлеу сөзінің мазмұны заңмен нақтыланған, одан ауытқуға жол берілмейді.

3. Сотта сөйлеудің ораторлық шеберлікті қолдану көрсетілген заңдылықтың шеңберінен шықпай қолдануға болады.

4.Сотта сөйлеу шешендігінің мақсаты- бұл ең біріншіден қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізу және қылмыстық іс-жүргізудің тәрбиелік мәнін көрсету.


3. Сот шешендігінің психологиялық, этикалық және эстетикалық негіздері. Айыптаушы мен қорғаушының адам психологиясын дұрыс анықтай білу өте маңызды. Яғни зерттей келе, оның қылмыскер болмай тұрып, айыпталушының қандай сезімде болғанын және неліктен.

Қылмыскердің жан дүниесінің қалып және өзінің қасиеттеріне байланысты фактілердің түсіндіру қылмыстық психологияның қорытындысын жасауға болды. Айыпталушы сол кездегі сезімдердің әсерінен қылмысқа барғаны туралы. Қоргаушы болса, ондай нәрсе сол кездегі сезімдердің тұрақсыздығынан болмағанын, қылмыстық жасалу себебі күтпеген жағдайлардың әсерінен болды деп дәлелдейді.

Сөздің өзінің мақсатына жету үшін сөйлеу шешендігінде аудиторияда іс жүргізушіліктің психологиялық ерекшеліктеріне әсер етіп отыра жүргізуі. Тыңдаушылардың көңілін өзіне аудару оратордың бірден-бір мақсаты болып табылады.

Психологияда көңілді аударудың келесі түрлері қарастырылады:

1. Өте қызықты мәліметтерді айту аудиториядағы қатысушылардың көңілін еріксіз аударады.

2. Тыңдаушылардың ерікті түрде көңілін аудару, яғни тыңдаушылардың алдына қаралып отырған іске байланысты белгілі бір тапсырма беріп, қаралған сұрақтың маңыздылығының түсіндіріп, оны тереңдетіп қабылдауды өтіну

3. Ерікті түрде тыңдаушылардың көңілін аударғаннан кейін, оратордың мәліметтердің мазмұнына тыңдаушылардың тұрақты түрде қызығушылық білдіру.

Жұртшылықтың алдында сөйлеудің мақсаты – сөйлеген сөзге назар аудыру. Ал бұған тек аудиторияны жақсы білумен ғана жетуге болады. Аудиторияның ерекшелігін жақсы білу олармен психологиялық контакт орнатуға, сөзіне сендіруге көмектеседі.

Сонымен қатар, оратордың істі жақсы білуі, бүгей-шүгейіне дейін білуі қажет.

Қылмыстық іс жүргізу тек құқықтық сипатқа емес, адамгершілік аспектілерге де назар аудару қажет. Этикалық ережелерді де сақтауды талап етеді.

Этикалық талаптарға сәйкес сот жарыс сөздеріне қатысушылар ұқыпты жан\жақты дайындалу қажет. Мұнда біреудің ар\ожданы мен қадір қасиетіне сөз тигізуге болмайды.

Цицеронның сөзі: «Ең жақсы оратор – бұл өзінің сөзімен тыңдаушыларды үйрететін, ляззат әкелетін және мықты сезім қалдыратын оратор. Оқыту, үйрету – оратордың міндеті, ляззат беру оның тыңдаушыларға берген бағасы»

Сот ораторына эстетикалық талаптардың сот,жәбірленуші,куә,айыпталушыға деген құрметпен қарауға байланысты.А.Ф.Конидің ойынша: «соттың адамгершілік парызы-адамның ар-намысына құрметпен қарап және әділ қарым-қатынасы.»Прокурор дың сотталушыға қарсы болмай,оны қайтсе де соттатуға жол бермей,айыптаудың ерекше тәсілдерін білуі қажет деп білді.Өщінің қызметін әділеттіліктен басқа,ешқандай мақсатты көздемеуі тиіс.Эстетикалық негізде адвокаттың қызметіне ерекше көңіл бөлді.Қорғаушы өзінің қорғаушысының қызметкері емес және оның жазадан құтылу еркінің көмектесуші емес.

Сот ораторының этикалық талаптарының қатарына оратордың сыртқы келбеті маңызды орын алады.Мысалы,соттың бас киіммен сот отырысын жүргізуі,киімнің үйлеспеуі т.б.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ивакина Н.Н. Культура судебной речи. Москва, 1995

  2. Ивакина Н.Н. Профессиональная речь юриста. Москва, 1997

  3. Мельник В.В. Искусство защиты в суде присяжных: учебно-практическое пособие. М., 2003;

  4. Мельников И.И. Судебная речь: для участников судебных прений по уголовным делам. Учебное пособие. М., 2003;

  5. Очерки по истории судебной речи: Учебное пособие / Под ред. Г.Г. Гиздатова. – Алмтаты: Издательство Жеті жарғы, 1998.

Бақылау сұрақтары:

1 Шешендік өнер дегеніміз не?

2 Шешеннің сот мәжілістерінде сөз сөйлеуіне дайындығының негізгі кезеңдері?

3 Көпшілік алдында сөз сөйлеуді тұжырымдаудың негізгі кезеңдері?

4 Сөз сөйлеу құрамының негізгі принциптерін атаңыз?