Ортаңғы «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»
Тақырыбы: Сөз буын дыбыс (Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш Ы.Алтынсарин)
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Топпен жұмыс істеуге ,ұқыптылыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөз,сөйлем , буын туралы ойларын қалыптастыру.
Оқыту: Сөйлем құрастырып оны талдай білуге дағдыландыру
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Сөздерді буынға бөліп үйрену.
Билингвалдық компонент: қарлығаш-ласточка,ата-дедушка,өрмекші-паук,құмырсқа-муравей.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Балалар,бізге қонаққа атай келді.
Топқа ата мен бала кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен ұзақ жол жүріп келдім.Өзіммен бірге сендерге бір қызықты әңгіме ала келдім.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар келген қонаққа қарап амандасады.
-Сәлеметсіз бе,ата.
Негізгі бөлім:
-Балалар,атай бізге Ы.Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» деген әңгімесін алып келіпті.
Ы.Алтынсарин-қазақ ағартушысы,ақын,жазушы.Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып,балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға.
Сендер алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел,балалар,оқылық!» атты өлеңімен танысасыңдар.Балаларға арналған «Әке мен бала», «Екі дос», «Аурудан аяған күштірек», «Бұл кім?», «Өнер білім бар жұртта» деген шығармалары бар.
«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» әңгімесін оқып береді.
Атасы мен баласы далада келе жатып,атасы баласынан сұрайды:
-Анау өрмекшіні көрдіңбе?
Бала:
-Көрдім,өрмек тоқып жүр.
Ата:
-Анау құмырсқаны көрдіңбе?
Бала:
-Көрдім,аузында нанның ұнтағы бар,кетіп барады.
Ата:
-Жоғары қара,аспанда не көрінеді?
Бала:
-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр,аузында тістеген шөбі бар-дейді.
Сонда атасы былай дейді:
-Олай болса,шырағым,сол кішкентай жәндіктер -саған үлгі.Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді.Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр.Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.
Сенде жұмыс істеуге әдеттенулерің керек.
-Балалар,әңгіме сендерге ұнадыма?
-Әңгімеде не туралы айтылған?
-Әңгімедегі кейіпкерлер қандай екен?
-Балалар,сендер буынға бөле аласыңдар.Әңгімедегі өрмекші,құмырсқа,қарлығаш сөздерін буынға бөліңдерші?
-Неше буыннан тұрады?
-Ия дұрыс айтасыңдар.
Бір дауысты дыбыс бір буынды құрайды.
Ата,бала,құмырсқа,өрмекші,қарлығаш дегеннің бәрі-сөздер.
Сөз –буыннан тұрады.
Сергіту сәті: «Торғай»
Орнымыздан тұрайық,
Торғай болып ұшайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Жақсы сергіп қалайық
Мақал-мәтел жаттау.
1.Еңбек-адамның екінші анасы.
2.Еріншек түске дейін ұйықтайды.
3.Жалқаулық-жаман ауру.
ІІІ. Қорытынды:
Балаларды мақтау, мадақтау. Оқу қызметіне қатысқан баларды мақтау.
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
— Көремін, өрмек тоқып жүр.
— Анау құмырсқаны көремісің?
— Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
— Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет1. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай-Тағала бос жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.
Ортаңғы «Ақбота » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.09.2018ж
Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»
Тақырыбы: Ұлттық ойын
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Асықты кескіштің көмегімен бездерлер түсіру арқылы толықтыру, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту:Қазақ халқының спорттық ойындармен таныстырып, асықты сәндеу. Тұзды қамырдан мүсіндеуге және бұйымдарды қосымша бөлшектермен безендіру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Қайырлы таң балалар !
-Балалар , бүгін ерекше күн
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп ,
Бас иеміз біз!
- Балалар , қане , бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Шаттық шеңбері:
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Негізгі бөлім:
-Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар асықтардың.
-Біздің топта асықтар бар ма?
-Онымен кімдер ойнайды?
-Асықтарды мүсіндеудің алдында ермексазбен жұмыс жасау ережелерін есімізге түсірейік.
Ережені еске түсіреді.
-Балалар, шаршадыңдар ма?
-Олай болса, серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Сағаттын тіліндей иіліп оңға бір,
Сағаттын тіліндей иіліп солға бір.
Бір адым алға,
Бір адым артқа.
Бір отырып,
Бір тұрып.
Орнымызды табайық.
-Серігіп алдық, ал енді орнымызға отырып, ермексаздан асықты әдемі етіп безендіріп мүсіндейік.
-Мүсіндеген асықтардан әдемі көрме ұйымдастыру.
Қорытынды:
Балаларды мақтау, мадақтау. Мүсіндерді көрмеге қою.
Ортаңғы «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 21.09.2018ж
Тәрбиеші:Аушамина.Г.З.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»
Тақырыбы: Доп
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Шапшандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық:Шығармашылық жұмыстар арқылы дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызу
Оқыту: Өз пікірін жеткізе білуге үйрету
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң!Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Негізгі бөлім: жұмбақ жасыру
Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады.
3.Сұрақ-жауап:
-Доп не үшін қажет?
-Допты неден жасайды?
-Доппен ойнайтын ойындарды атаңдар?
-Әр ойынды ойнау үшін өз добы болуы тиіс.
Жаңа тақырып:
-Бүгін доптардың суретін салуды үйренеміз.
-Балалар ойнайтын доптар қандай түсті болады?
-Жұмыс ретімен таныстыру:
-Гуашьты аздаған мөлшерін алып, палитрада сумен араластырамыз. Содан соң бояуды керегінше аламыз.
-Қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз. Бояймыз.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Дидактикалық ойын:«Түрлі доптар».
Шарты:қолдарындағы доптарды сипаттау.
ІІІ. Қортынды:
-Ненің суретін салдық?
-Балалар бір-бірлерінің жұмыстарын талдайды, бағалайды
Ортаңғы «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.09.2018ж
Тәрбиеші: Аушамина.Г.З
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: Қоршаған ортамен танысу
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»
Тақырыбы: Адам, табиғат және денсаулық
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Балаларды елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Табиғатты қорғау экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
Оқыту: Табиғаттың адам өміріңдегі маңызын түсіндіру
Алдын-ала жұмыс және оқу іс әрекетіне дайындық: жұмбақ жасыру
Сөздік жұмыс: қала, ауыл, табиғат, денсаулық
Дидактикалық материал: суреттер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күзгі өзгерістер?
-Күз туралы өлен, жанылтпаш?
-Апта күндерін атау
Жұмбақ:
Тауда өсер, таста өсер,
Көктем менен жаз өсер
Қыста өшер
«шөп»
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім:
-Балалар табиғат дегеніміз не?
-Табиғатқа не жатады?
-Өлі және тірі табиғат болады.
-Өлі табиғат-су,тау,тас,құм, топырақ. Өйткені олар қоректенбейді, өспейді, көбеймейді,
және өлмейді.
Тірі табиғат-ағаштар,жануарлар,гүлдер,жәндіктер,жалпы бәрі өсетін, көбейетін т. б.
-Табиғат пен адам өз ара байланысты
Су адамға қажет,өсімдіктер адамды емдейді,ағаштар таза ауа береді және ағаштаң адам қағаз,жиһаз жасайды.
Адамдар үйлер,завод,фабрикалар салады
Ауаны және суды ластамау қажет,адамдар экология таза болса ауырмайды.
Сергіту сәт:
Бір,екі,үш
Бізде қайрат күш,
Табиғатта қыдырып,
Жадырап жинаймыз күш
-Біз ағаш отырғызғанда ауамыз таза болады және десаулыққа пайдалы.
Тиымды сөздер жаттау:
-Аққуды атпа,
-құстың ұясын бұзба,
-Орманда от жақпа.
-Табиғатты аялау керек,орманда, қөлге барған кезінде тәртіп сақтау керек.
-Балалар үлкен адамдардың енбегін сыйлау керек мысалы, көшеде кележатқанда қокыс тастамаймыз.ағаштарды сындырмаймыз,
Табиғатты қорғау керек. Ол әр адамның міндеті.
-Табиғат ол орман, өсімдіктер, жануарлар,гүлдер,күннің көзі,қөлдер.
-Тірі және өлі табиғатты ажырату.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды:
Баларды мақтау, мадақтау.